Экология | Экологиялық құқық ұғымы, пәні, әдістері, қағидаттары, жүйесі
Мазмұны
КІРІСПЕ 3
1. Экологиялық құқық: ұғымы, пәні, әдістері, қағидаттары, жүйесі 4
2. Экологиялық мәселер: түрлері, шешу жолдары 7
2.1 Озон қабатының бұзылуы 9
2.2. Биоәртүрлілікті сақтау 9
2.3. Жердің шөлейттенуі және тозуы 11
3. Экологиялық заңдар 14
4. Экологиялық құқық бұзушылыққа қарсы заңды жауаптылық 17
5. Жер құқығы негіздері 24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 27
Кіріспе
Экологиялық құқықтың теориялық және әдістемелілік салаларының негізгі тіректерінің бірі ұғымдар мен санаттар бо¬лып табылады. Мысалы экологиялық құқық негіздерімен оқып танысу барысында «экология», «қоршаған орта», «қоршаған ортаны қорғау», «табиғи ресурстар», «табиғат пайдалану» т.б. осы сияқты атуларды кездестіруге болады. Сондықтан солардың негізгілерінің мәнін ашып, қысқаша тоқталып кетуге болады.
Экология терминін ғылымға 1866 жылы неміс биологы Эрнст Геккель (1834-1919) енгізген. Экология тірі организмдер мен қоршаған ортаның тығыз байланыста, қарым-қатынаста тіршілік етуі жайындағы ілім. Қоршаған орта — табиғи объектілердің, өзара қарым-қатынастағы атмосфералық ауаны, жердің озон қабатын, суды, топырақты, жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, сондай-ақ климатты қоса алғанда жиынтығы. Экологиялық мәселелердің шиеленісуіне байланысты адамзат тарапынан қоршаған ортаны қорғауды, яғни экологиялық қауіпсіздікті сақтауды талап етеді. Экологиялық қауіпсіздік дегеніміз жеке адамның, қоғамның өмірлік маңызды мүдделері мен құқықтарын қоршаған ортаға антропогендік және табиғи ықпал ету нәтижесінде туындайтын қатерден қорғалуының жай-күйі. Ал қоршаған ортаны қорғау — табиғат пен адамның өзара үйлесімді іс-қимылына, қоршаған ортаның сапасын жақсартуға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен молықтыруға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық шаралар жүйесі. Қоршаған ортаның тазалығының төмендеуіне оның ластануы әсер етеді.
1. Экологиялық құқық: ұғымы, пәні, әдістері, қағидаттары, жүйесі
Қоршаған ортаның ластауы — қоршаған ортаға ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттардың, радиоактивті материалдардың, өндіріс пен тұтыну қалдықтарының түсуі, сондай-ақ қоршаған ортаға шудың, тербелістің, магнитті өрістердің және өзге де зиянды физикалық ықпалдардын әсері. Сондықтан адамзаттан табиғатты барынша тиімді, сапалы, үнемділікпен пайда¬лану талап етіледі. Ал табиғатты пайдалану дегеніміз адамның шаруашылық және өзге де қызметінде табиғи ресурстарды пайдалануы. Табиғи ресурстар бұл қоғамның материалдық, мәдени және басқа қажеттерін қанағаттандыру үшін қоршаған ортаның шаруашылық және өзге қызмет процесінде пайдаланылатын құрамдас бөліктері.
Экологиялық құқықтық нысаны (объектісі) қоғам мен табиғаттың өзара байланысы барысында туындайтын қоғамдық қатынастар. Экологиялық құқықтың оқытатын пәні:
1) қоршаған та¬биғи ортаны қорғау;
2) табиғат байлықтарын тиімді пайдалану;
3) жеке, заңды тұлғалардың және мемлекеттің экологиялық құқықтары мен мүдделерін қорғау барысындағы туындайтын қатынастарды оқытады.
Экологиялық құқықтық әдістер дегеніміз нақты бір міндетті орындауға бағынылған шындықты, болмысты, практикалық және теориялық жағынан игерудің амал-айлаларының жиынтығы. Әдетте құқықтық нормалардың орындалуы үшін адамдардың мінез-құлығына әсер етудің әкімшілік-құқықтық; және азаматтық-құқықтық әдістер қолданылады. Аталған әдістер эко¬логиялық құқық саласында да пайдаланылады.
Әкімшілік құқықтық әдістер құқықтық қатынастардың субъектілерінің тең емес, билік етушілер мен оған бағынушылар қатынасынан туындайды (бастық, директор және бағыныштылар, полиция және құқық бұзушы).
Азаматтық-құқықтық әдіс құқықтық қатынастың субъекті¬лерінің заң алдында өзара теңдігіне негізделген (экологиялық құқық бұзғаны үшін жеке және заңды тұлғалардың тең жауаптылығы). Сонымен бірге императивті және диспозитивтік әдістер қолданылады. Императивті экологиялық құқықтық қатынастардың субъектілерінің құзыретін белгілегенде оларға алдын ала көрсету, жазу, тыйым салу нормалары қолданылады. Диспозитивтік әдіс ол экологиялық құқықтық қатынастардың субъектілері өзара ұсыныс, санкция, рұқсат беру сияқты амалдардың негізінде әрекет жасауы.
Экологиялық құқықтық қағидаттары. Қағидат - құқықтық-нормативтік материяның қабырғасы, негізгі бастамасы бола отырып, құқықтық реттеудің әдістерінің бағытын, мақсатын, міндетін, қазіргі таңдағы экологиялық заңнамалардың мәнді сипатын, экологиялық қатынастардың дамуының объектівті заңдылықтарын көрсетеді.
Экологиялық құқықтың мынандай қағидаттарын көрсетуге болады:
1) адамның өмірі мен денсаулығын қорғаудың басымдығы, халықтың өмірі, еңбегі мен демалысы үшін қолайлы қор¬шаған ортаны сақтау және қалпына келтіру;
2) Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастар жағдайында тұрақты дамуға көшуі, адамдардың қазіргі және болашақ ұрпақтарының салауатты және қолайлы қоршаған ортаға деген қажеттерін қанағаттандыру мақсатыңда қоршаған ортанын әлеуметтік-экономикалық міндеттері мен проблемаларын теңдестіре отырып шешу;
3) экологиялық жағдайы қолайсыз аумақтардағы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бұзылған табиғи экология¬лық жүйелерді қалпына келтіру;
4) табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және молықтыру, табиғатты пайдаланғаны үшін кезек-кезеңмен ақы төлеуді енгізу және қоршаған ортаны қорғауға экономикалық жағынан ынталандыруды енгізу;
5) биологиялық алуан түрлілікті және экологиялық ғылыми және мәдени жағынан ерекше маңызы бар қоршаған орта объектілерін сақтауды қамтамасыз ету;
6) қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды мемлекеттік реттеу мен мемлекеттік бақылау, оларды бұзғаны үшін жауапкершіліктің ымырасыздығы;
7) қоршаған ортаға нұқсан келтіруге жол бермеу, қоршаған ортаға ықпал ету мүмкіндігін бағалау;
8) халықтың, қоғамдық бірлестіктер мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қоршаған ортаны қорғау саласында белсенді түрде және демократиялық жолмен қатысуы;
9) халықаралық құқық негізінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық қағидаттарын сақтау негізінде жүзеге асырылады.
Экологиялық құқықтың жүйесі жалпы және ерекше деген екі бөлімнен тұрады. Жалпы бөлім қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасы, жаһандық және ұлттық экологиялық мәселелер, табиғатты құқықтық қорғау, қоршаған ортаны қорғау, табиғат қорлары мен байлықтарын ұтымды пайдалану мен қайта өндіру ұғымдары, Қазақстан Республикасының экологиялық құқығының қалыптасу тарихы, экоқұқықтың пәні, әдістері, қағидалары, экоқұқықтың деректік көздері, табиғат қорларына, байлықтарына меншік құқығы, экологиялық пайдалану мен қор¬шаған табиғи ортаны қорғауды мемлекеттік реттеу мен басқару, экологиялық бақылаудың ұйымдастырушылық бақылау нысандары, қоршаған табиғи ортаға әсер етудің бағасы және эколо¬гиялық сараптама, экологиялық мониторинг және табиғи қорлық кадастр, экологиялық заңнамалардың бұзылғаны үшін жауаптылық сияқты мәселелерді қарастырады.
Ерекше бөлім жерді, суды, ауаны, орманды, жер қойнауын, жануарлар, өсімдіктер дүниесін пайдалану және қорғаудың, эко¬логиялық құқық бұзушылық және жауаптылықтың экологиялық-құқықтық тәртіптерін оқытады.
2. Экологиялық мәселер: түрлері, шешу жолдары
Бүгінгі таңда адамзат табиғатты игеруде, ғылым мен техниканың дамуында ғаламат табыстарға жетті. Екінші жағынан өркениеттің дамуымен қатар биосфераның тұрақсыздануы және қоршаған ортаның, табиғи жүйелердің тозу қаупі туындап отыр. Соның салдарынан барынша шиеленіскен жаһандық, ұлттық және жергілікті экомәселелер қалыптасты. Оларды шешуге тек қана қазақстандықтардың ғана емес, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жолымен қол жеткізіледі.
Экологиялық мәселелер.
Жаһандық экологиялық мәселелер:
1. Климаттың өзгеруі;
2. Озон қабатының бұзылуы;
3. Биоәртүрлілікті сақтау (өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің әртүрлілігін);
4. Жердің шөлейттенуі және тозуы.
Ұлттық экологиялық мәселелер:
1. Семей, Арал;
2. Каспий теңізі қайраңының ресурстарын қарқынды игерумен байланысты мәселелер;
3. Су ресурстарынын сарқылуы және ластануы;
4. Байырғы ластанулар;
5. Трансшекаралық сипаттағы мәселе¬лер;
6. Әскери-ғарыш және сынақ кешендері полигондарының әсері.
Жергілікті экологиялық мәселелер:
1. Әуе бассейнінің ласта¬нуы;
2. Радиоактивті ластану;
3. Бактериологиялық және химиялық ластану;
4. Химиялық ластану;
5. Өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтар;
6. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар.
Климаттың өзгеруі «Қызу әсерінің» салдарынан болатын климаттың өзгеруі жалпы әлемдік көлемдегі мәселе болып табылады және қоршаған ортанын жай-күйіне барынша ықтимал қатер төндіреді. Жыл сайын атмосфераға бірнеше мың тоннадан астам улы, иісті газ (СО, азот тотығы (N0), күкірт (5) шығарылады. Солардың 10 пайызын ғана өсімдіктер сіңіреді. Қос тотықты күкірттің азот тотығында шоғырлануы қышқыл жауын тудырады. Мысалы көмір қышқыл газының (О пайда болған уақытынан бастап осы күнге дейін 20 пайызға, ал жыл сайын оның көбеюі 0,2 пайызға өсуде. Көмір қышқыл газы жанудың нәтижесінде пайда болады. Оның көздері, таратушысы - жылу станциялары, металлургия заводтары, көлік құралдары. Осындай күрделі физико-химиялық қоспалар «қызу әсерін тудыра¬ды». «Қызу әсері» ауа ыстығының көтерілуіне, ол ауа-райының, климаттың өзгеруіне әкеледі. Әлемдік мұқит суының көтері-луіне, соңғы 100 жылда 10-12 см көтерілсе, «қызу әсері» оны 10 есе күшейтуі мүмкін.
Аталған экологиялық мәселерді шешу үшін қандай шаралар қолданылып жатыр? Қызған газдарды шығарындылардың қысқарту мақсатында Қазақстан 1995 жылы климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ-ның үлгілік конвенциясын бекітті, ал 1999 жылы осы Конвенцияның Киото хаттамасына қол қойды. Аталған хаттаманы бекіткен және ол күшіне енген жағдайда Қазақстан қызған газдардың шығарындыларын қысқарту жөніндегі сандық міндеттемелерді өзіне жүктей отырып, I қосымшаның тарабы болады.
Экологиялық тиімділігінен басқа Киото хаттамасын біздің ел үшін халықаралық инвестицияларды тарту, басқа елдердің экономикасына активтерді орналастыру мүмкіндігімен инвестор рөліндегі бірлескен жүзеге асыру жобаларына және «таза даму» процестеріне қатысу, өндірістің энерго тиімділігін арттыру үшін жаңа технологияларды қолдану, сыртқы энергетикалық рынокта елдің экономикалық мүдделерін қорғау үшін көміртегі кредиттерін шоғырландыру, қызған газдардың шығарындыларына квоталар сату жөніндегі перспективаларды ашады.
2.1 Озон қабатының бұзылуы
Жердің озон қабатының бұзылуы адам, жануарлар, өсімдіктер мен микроорганизмдер тіршілігі үшін ықтимал қатер болып табылады. 1973 жылдан бергі байқаулар Қазақстанның үстіндегі озон қабатының қалыңдығы 5-7 пайызға азайғанын көрсетті. Адамдардың барынша шоғарланған аумақтарында озон қабаты 3 пайызға жұқарған. Озон (О3) қабатының 1 пайызға жұқаруы тері ісік ауыруымен ауырушылардың санын 6 пайызға ұлғайтады. Қолданылған шаралардың нәтижесінде әлемде 1986 жылдың деңгейімен салыстырғанда озон бұзғыш заттардың (ОБЗ) мөлшері 10 есеге азайды. Озон бұзғыш заттарға негізінен (ОБЗ) флерон, фреон, хлор, көміртек, автокөліктер бөліп шығаратын улы химиялық заттар жатады.
Озон қабатын бұзу қатерін жоюдың негізгі жолдары мыналар болып табылады: ОБЗ-ды пайдаланудан жедел бас тартуды және оларды қауіпсіз жоюды қамтамасыз ету, ОБЗ-дың заңсыз айналымының алдын алу және қолға алынған күш-жігердің табыстылығына қөз жеткізу үшін тропосферада оның жиналуының тұрақты мониторингін жүргізу. Сондай-ақ ОБЗ-ды пайдаланатын кәсіпорындардың қызметін лицензиялау жөніндегі қажетті нормативтіқ құқықтық актілерді қабылдау, ОБЗ-ды пайдалану қызметімен айналысатын мамандарды оқытуды және Қазақстанның үстіндегі озон қабатының жай-күйін зерделеу жөнінде іргелі ғылыми зерттеулер жүргізуді бастау, сондай-ақ жаңа технологияларды енгізу жолымен ОБЗ-ды пайдалануды қысқарту және қолданыстан алу жөніндегі жұмыстарды жалғастыру қажет болады. Осы іс-шараларды жүргізу нәтижесінде ОБЗ-ды шығарындысы қысқарып, ол жердің озон қабатын сақтауға септігін тигізетін болды.
2.2. Биоәртүрлілікті сақтау
Қазақстанның экожүйесі Орталық Азияда және тұтастай алғанда континентте биологиялық әртүрлілік бірегейлігімен ерекшелінеді. Өсімдіктер мен жануар¬лар түрлерінің жоғалуы генетикалық деңгейдегі әртүрлілікті жоғалтуға және экожүйелердегі тиісті өзгерістерге әкеледі. Биоәртүрлілікті іс ..............

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?