Informational and educational
portal №1 in Qazaqstan.
» » » Курстық жұмыс: Сақтандыру қызметі | Қазақстан Республикасының сақтандыру қызметі

Курстық жұмыс: Сақтандыру қызметі | Қазақстан Республикасының сақтандыру қызметі

Курстық жұмыс: Сақтандыру қызметі | Қазақстан Республикасының сақтандыру қызметі казакша Курстық жұмыс: Сақтандыру қызметі | Қазақстан Республикасының сақтандыру қызметі на казахском языке
Мазмұны
Кіріспе
1. Экологиялық сақтандыру мәселелері
2. Сақтандырудың жіктелуі
3. Экологиялық сақтандыру объектілері
4. Экология - құқықтық жауапкершілік
5. Экологиялық сақтандыру жүйесі
6. Техногенді жағдайдың шиеленісу шартында экологиялық сақтанджырудың даму тенденциялары
7. Экологиялық тәуекелділікті басқару механизмін жетілдіру
8. Қазақстан Республикасының сақтандыру қызметін мемлекеттік реттеу
9. Қорытынды

Кіріспе
Қазіргі жағдайда дәстүрлі басқару әдістері тұрақты істеп тұрған кәсіпорындарға бағдарланған болғандықтан қажетті нәтиже бермейді. Кәсіпорындардың басым көпшілігі уақытша қиындықтарға ғана емес, тұрақты қауіпті ситуацияларға душар болып отыр. Осыған байланысты кәсіпорындарды кризистік жағдайға жеткізбейтін басқарудың әдістері мен формаларын табу және іске асыру өзекті мәселесі болып табылады. Бұл кезде жүзеге асырылған және ғылыми негіздерге іс - шараларда жүргізілетін тәуекелдерді басқару қарастырылады.
Көптеген салалардың кәсіпорындары адамға да, қоршаған ортаға да потенциалды қауіпті, төтенше оқиғаларды, аварияларды тудыратын, толассыз экономикалық және әлеуметтік нәтижелерге жетудің ықтималдық дәрежесі жоғары болып табылады. Адамның кез — келген іс - әрекеті қауіп — қатер көзі болып табылады, шығындарға әкеліп соқтыруы мүмкін және экологиялық тәуекелмен байланысты боладьь,
Экономикалық әсер етудің механизімінің әкімшілік басқару әдісіне бағынуы, экологиялық мәселелерді түбегейлі шешетін жана технологияларды қолдануды ысырьш, тез іске асыратын табиғатты қорғау іс - шаралары арқылы экологиялық қайшылықтарды шешу, экономикалық жағдайды жақсартпайтын табиғатты қорғау іс-әрекеттерге кәсіпорындардың бұрыс қарауы жалпы алғанда республикадағы экологиялық жағдайдың нашарлануына әкеліп соқтырды.
Қазіргі жағдайды қорытындылау және жаңа бағдарламаларды ұстану кез-келген шаруашылық іс-әрекеттерді экологиялық қауіпсіздендіру керек, яғни қоғам мен табғаттың гормониялық даму қабаттарына сәйкестендіру керек.
Экологиялық және экономикалық құндылықтардың теңесуіне толық жеткізу үшін экологиялық тәуекелді басқарудың бірыңғай механизмін жасап, іске асыру қажет. Бұл механизімнің басқарылуының бір әдісі экологиялық тәуекелдерді сақтандыру (экологиялық сақтандыру) болып табылады. Экологиялық сақтандыру мемлекеттің экологиялық саясатының маңызды бөлігі - тұрғындарды және территорияларды қоршаған ортаға антропогендік ластанудың кері әсерінен қорғауды іске асыруға, қоршаған ортаны сақтауға және табиғатты қорғау іс — шараларының қосымша қаржы мүмкіндіктерін туғызады. Қоршаған табиғи ортаға жоғарғы қауіп көзі табылатын кәсіпорындардың экологиялық қауіпсіздігін арттырады.
Сыртқы орта сапасын дамыған елдерде басқару тәжірибесі ағымдағы онжылдықта табиғатты қорғау саясатының ең эффективті құралы шаруашылық іс - әрекеттерді реттеудің экономикалық механизмдерін қолдану болып табылады.
Қазақстан Республикасында қоршаған ортаның сапасын басқару және экологиялық және экономикалық реттеу механизмдерін құқықтық дамытудың қалыптастырудың алғашқы сатысында.
Бүгінгі танда Қазақстан Республикасында экологиялық тәуекелдерді сақтандыруды басқару жүйесі жоктың қасы. Егер бұл жүйе жұмыс істеп тұрғанда жоғарғы қауіп көзі болып табылатын кәсіп орындардың келтірген нұқсанын толық немесе жарым- жартылай конпенсациялауға болар еді.
Осыған байланысты экологиялық сақтандырудың негіздерін теориялық тұжырымдау қажеттігі туындайды. Экологиялық сақтандыру экологиялық қауіпсіздік саясаты даму жағдайларында табиғатты рационалды тұтыну және қоршаған ортаны қорғауды экономикалық механизімін жетілдіру элементі болып табылады.
Экологиялық сақтандыру
Экологиялық сақтандыру мәселелері. Мемлекеттік экологиялық сақтандыру экологиялық апаттардан сақтайтын, ал олар болған жағдайда кәсіпорындарға, мекемелерге, ұйымдарға, сонымен бірге азаматтарға, меншік объектілеріне және табыстарға келтірілген залалдың орнын толтыратын мемлекет пен қоғаммен бекітілген шаралар жүйесі.
Сақтандыру тәуекелі - яғни, рұқсат етілген, бірақ күтпеген жағдайлар (экологиялық және стихиялық апаттар және т. б.).
Экологиялық сақтандырудың қажетті субъектілері: сақтандырылушы және сақтандырушы. Мемлекеттік сақтандырушы мемлекет болып табылады.
Сақтандыру өндірістің қажетті элементі, бұл процесс кезінде стихиялық және басқа да апаттардан үлкен залалдар мен олардың орнын толтырулар болуы мүмкін. Сондықтан, сақтандыру тәуекелі мен қорғану шараларында өндірістік сақтандыру қорғалудың және жалпы ұлттық шаруашылықтың экономикалық категорияның негізі көрінеді.
Ұлттық шаруашылықты қорғау түрлі сақтандырушының натуралды запастар мен ақшалай сақтандыру қорлардың жиынтығы ретінде сақтандыру қорларды құрумен сипатталады. Сақтандыру қорларын қалыптастырудың қажеттілігі бір жағынан, адам мен өндірістік қызметтің арасындағы, екінші жағынан табиғатпен қарама-қайшылықтардың өсуімен байланысты.
ҒТП-тің жағымсыз жақтары:
- ұлттық шаруашылық салаларда өрт және жарылыс қаупінің жоғарылауы;
- транспортта апаттар мен травматизмның өсуі;
- әлеуметтік дау жанжалдар тәуекелі және басқа да технологиялық тәуекелділіктердің көбеюі.
Сақтандырудың экономикалық категориясы келесі негізгі белгілер бойынша сипатталады:
1) материалды немесе басқа залал келтіре алатын сақтандыру жағдайларының болу ықтималдығы ретінде сақтандыру тәуекелділігінің болуымен көрінетін ақшалай қайта бөлу қатынастары;
2) сақтандыру бір немесе бірнеше шаруашылықтардағы салалармен байланысты мүшелері арасындағы оқшауланған қайта бөлу қатынастары;
3) территория мен уақыт арасындағы залалды қайта бөлу;
4) сақтандыру қорына жинақталған сақтандыру төлемдерінің қайтарылуы.
Мұнда сақтандыру қатынастарының барлық жиынтығын 4 түрге бөлуге болады: меншіктік, азаматтардың өмірлік деңгейін сақтандыру, кәсіпкерлік тәуекелділік пен жауапкершілікті сақтандыру.
Кәсіпкерлік тәуекелділікті сақтандыруда табыстарды жоғалтудың тікелей және жанама тәуекелділіктерді сақтандыру көрінеді.
Сақтандырушы мен сақтандырылушы арасындағы сақтандыру қатынастары келесі сақтандыру түрлері бойынша орындалады:
Жауапкершілікті сақтандыру — сақтандырушының белгілі бір әс-ірекеті немесе әрекетсіздіктің себебінен үшінші тұлғалар (заңды немесе жеке тұлғалар) алдындағы болатын жауапкершілікті сақтандыру саласы. Мүліктік және жеке сақтандыруға қарағанда жауапкершілікті сақтандырудың мақсаты — әрбір берілген сақтандыру жағдайында өзінің нақты ақшалай көрінісін табатын залал келтірушілердің экономикалық мақсаттарын сақтандырушылық қорғау.
Жауапкершіліктің келесі түрлерін бөліп көрсетуге болады:
1) мемлекеттендірілген — сақтандырушының меншікті зақымдануды немесе жоюды әкелген жағдайда.
Экологиялық сақтандырудың экономикалық маңызы экологиялық сақтандыру қоры арқылы сақтандыру субъектілері арасындағы сақтандыру төлемдерінің оқшауланған қайта бөлінуі.
Сақтандыру әдістемесінің негіздерін келесі топтар түрінде бейнелеуге болады: ұйымдастырушылық-экономикалық, ұйымдастырушылық-құқықтық, жалпы әдістемелік және сақтандыру механизмі.
Сақтандыру арнайы мемлекеттік және мемлекеттік емес сақтандыру ұйымдарымен жүргізіледі. Олардың қызмет саласын ішкі және сыртқы сақтандыру нарығы құрайды.
Сақтандырудың жіктелінуі.
Сақтандыруды жіктеудің негізіне екі критерий жатады:
1) сақтандыру объектілерінің айырмашылығы;
2) сақтандыру жауапкершілігінің көлемі.
Осының негізінде 2 жіктеу қолданылады:
1) сақтандыру объектісі бойынша;
2) қауіптілік дәрежесі бойынша.
Бірінші — жалпы жіктелу, екінші — тек меншіктік сақтандыруды, қамтитын біркелкі жіктелу. Сақтандыру объектілері бойынша жіктелу жалпы белгілері бар салалар бойынша және соған байланысты объектілерді қамтиды.
Сақтандыру ұйымының сақтандыруға алыну және ақша сомаларының төлемін жүргізу шегінде сақтандырудың негізгі түрлері бойынша бекітілген сомалар көлемі.
2. Шек қойылған сақтандырудың белгілі түрлерінің шарттарымен көрінеді және сақтандыру операцияларының қажетті қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында сақтандырудағы орын толтыру мен сақтандыру сомаларының төлем шегінің тарифіне кіреді.
3. Бірінші тәуекел бойынша сақтандыру сомасының шегіндегі барлық шығындар толық қайтарылатын сақтандырушылық қамтамасыздандыру (жауапкершілік) жүйесі.
4. Шекті — шығындар бекітілген шекаралар бойынша қайтарылатын сақтандырушының қамтамасыздандыру (жауапкершілік) сомасы.
5. Пропорционалды сақтандырылатын мүліктегі залал сақтандырылатын мүлік құнының сақтандыру сомасына тең үлесі қайтарылатын сақтандырушының қамтамасыздандыру (жауапкершілік) жүйесі.
Жауапкершілікті сақтандыру негізі ретінде жауапкершілік туралы азаматтық заңдылықтың және міндеттерді бұзу жөніндегі жауапкершілік құқықтық базаның қызмет ететін нақты және тұлғаның мамандандырылған қызметі. Сақтандыру жағдайы залал жағдайы емес, бұзушылық немесе қателік болып табылады.
Экологиялық тәуекелді сақтандыру экологиялық сақтандырудың негізі ретінде көрінеді.
Экологиялық сақтандыру объектілері.
Экологиялық сақтандырушылық қорғау объектілері:
- экологиялық компоненттің құрамы — атмосфера, гидросфера, литосфера, минералды-шикізат ресурстары, энергетика, өсімдік және жануарлар әлемі, табиғи ресурс потенциалы;
- халық (түрлі әлеуметтік - жас топтары);
- шаруашылық, әскери немесе басқа объектілер (негізгі қорлар, инфрақұрылым және т.б.), ауылшаруашылық өсімдіктер мен жануарлар.
Сақтандыру негізінде құқықтық қатынастар субъектліері (сақтандырушылық орын толтырушыларды алушылар) мыналар:
- табиғатты қорғау бойынша аймақтық комитеттер;
- белгіленген түрде залал келтірілген заңды немесе жеке тұлғалар.
Сақтандырушылық орын толтыру (сақтандырушылық қамтамасыздандыру) сақтандырылушымен жүзеге асырылды. Сақтандыру жағдайының айыпкері қоршаған ортаны ластаған (немесе Сақтандыру тарифі немесе тарифтік қойылым — бұл белгіленген сақтандыру сомасынан (мысалы, 1000 тг) ақшалай төлем немесе белгілі мерзімдегі жиынтық сақтандыру сомасынан пайыздық қойылым. Тарифтік қойылым арқылы сақтандырушымен төленетін сақтандыру жарналары есептеп шығарылады.
Экояогия — құқықтық жауапкершілік.
Экологиялық — құқықтық жауапкершілік институты 2 бөлімнен тұрады. Біріншісі, экологиялық құқықтың мөлшерінің бұзылу факторынан (су, жер, орман, атмосфералық ауаны қорғау бойынша, жануарлар әлемін және т.б.) туындағын құқықтық қатынасты біріктіреді, екіншісі, осы құқық бұзушылыққа (әкімшілік, азаматтық-құқықтық т.б.) қолданылатын санкция бойынша құқықтық қатынас. Бұл екі бөлім шектеулі бірлікте болады.
Экология - құқықтық жауапкершілік 3 негізгі функцияны атқаратын экологиялық құқықтық жиынтық институтын көрсетеді 1) ынталандырушы, 2) күштеуші, 3) компенсациялық және ынталандырушы және күштеуші функлиясы ьсұкық нормасын орындауға және экологиялық құқықтық тәртіпті орындауға міндеттейді.
Компенсация табиғи ортадағы жоғалғанның орнын толтыруға және адам денсаулығын орнықтыруға бағытталған.
Экологиялық қылмыс жаңа құқық бұзушылықты ескертеді.
Барлық экологиялық құқық бұзушылық қылмыс және қателік болып бөлінеді.
Қателіктің субъективті жағын тікелей және жанама іс-әрекеттер құрайды. Оның объективті жағы ұйымдастыру жоспарын орындамау, қоршаған орта сапасының мөлшерін бұзудан, қоршаған орта заңының талабын орындамаудан құралады.
Экологиялық қылмыс қоғамда қауіпті іс ретінде қаралады, яғни мемлекеттегі орнатылған экологиялық тәртіпті бұзу, қоғамның экологиялық қауіпсіздігін және қоршаған табиғи ортаға залал тигізу және адам денсаулығына кері әсерін тигізуді қарастырады. Ереже бойынша, экологиялық қылмыс қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдаланудың қоғамдық міндетті тәртібін іс-әрекет немесе әрекетсіздік жолмен бұзуда көрінеді....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: almira777 | 17 | 11.01.2019



Загрузка...
Читайте также
Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының сақтық рыногы оның жай күйін талдау және даму перспектива
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының сақтық рыногы оның жай күйін талдау және даму перспектива
Дипломдық жұмыс: Экономика | Қазақстанның сақтандыру нарығы мен сақтандыру ұйымдарына талдау
Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін]
Дипломдық жұмыс: Экономика | Қазақстанның сақтандыру нарығы мен сақтандыру ұйымдарына талдау
Дипломдық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығын дамыту перспективалары
Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін]
Дипломдық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығын дамыту перспективалары
Дипломдық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығы
Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін]
Дипломдық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығы
Дипломдық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасында сақтандыру шарты экономикалық қатынастары
Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін]
Дипломдық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасында сақтандыру шарты экономикалық қатынастары
Презентация (слайд): Әлеуметтану|Әлеуметтік сақтандыру компаниялары
Қазақша Презентация (слайд) жинағы
Презентация (слайд): Әлеуметтану|Әлеуметтік сақтандыру компаниялары
Презентация (слайд): Әлеуметтану|Әлемдік экономикадағы сақтандыру қызметі
Қазақша Презентация (слайд) жинағы
Презентация (слайд): Әлеуметтану|Әлемдік экономикадағы сақтандыру қызметі
Ғылыми жоба: Аралдың ежелгі мәдениеті
Ғылыми жұмыстар жинағы [тегін]
Ғылыми жоба: Аралдың ежелгі мәдениеті

KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык жумыс Қазақстан Республикасының сақтандыру қызметі курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар сақтандыру қызметі жобалар курстық жұмыстар, курстык жумыс Қазақстан Республикасының сақтандыру қызметі курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын курстык жумыстар сақтандыру, Курстық жұмыс: Сақтандыру қызметі | Қазақстан Республикасының сақтандыру қызметі дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін