Сақтандыру заңы | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САҚТАНДЫРУ IСIНIҢ ДАМУЫ

 Сақтандыру заңы | ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САҚТАНДЫРУ  IСIНIҢ  ДАМУЫ

Мазмұны
Кіріспе
I. Сақтандырудың нарықтық – экономикалық орны
1.1 Сақтандыру компаниялары – экономикалық жүйенің бір бөлігі
1.2 Сақтандыру компанияларының қаржылары
1.3 Қазіргі нарықытқ экономикадағы сақтандыру қорының түсінігі
II. Сақтандырудың Қазақстандағы қалыптасу барысы
2.1 Сақтандыруға әсер етуші факторлар
2.2 Сақтандыру компаниялар қызметінің жаңа бағыттары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тiзiмi

Кiрiспе
Сақтандыру – бұл экономиканың стратегиялық секторы. Нарықтық қатынастарының даму кезеңінде кәсіпкер өзінің барлық назарын нарық проблемалары мен бәсекеге бөлуге мүмкіндік алады. Сақтандыру инвестициялық потенциалды көтеруге және ұлттық байлықты көбейтуге мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының нарықтық экономикасының дамуы нарық қатынастарының бөлінбейтін құрылымдық бөлігі сияқты сақтандыру саласынын құрылуы мен бекітілуінсіз мағынасы жоқ.
Сақтандырудың экономикалық категориясы қаржы категориясының құрылымдық бөлігі болып табылады. Бірақ, егер қаржылар табыстар мен жинаулардың бөлінуі мен қайта бөлінуімен жалпы байланысты болса, онда сақтандыру қайтасақтандыру қатынастар салаларын қамтиды. Сақтандырудың ерекшеліктерін ескере отырып мынадай анықтаманы беруге болады:
Сақтандыру – шаруашылық субьектілерімен келтірілген мүмкін болатын қауіп – қатердің орнын толтыру немесе жанұя табыстарының жоғалтуларын түзету үшін арналған мақсатты сақтандыру қоры салымдарының ақша қаражаттары есебінен құрылған қайта бөлу қатынастарының жиынтығы.
Жоспарлы экономика шарттарында мемлекеттік кәсіпорындарының қаржы – шаруашылық қызметі шын мәнінде тәуекелсіз деп саналған, от, табиғи және техногенді апаттар және т.б. залалдарының орнын толтыру мемлекет есебі негізінде жүзеге асырылған. Сондықтан залалдың орнын толтыру механизмінде сақтандыру институттары екінші орынды алған. Сақтандыру қаржыдан шығатын категория ретінде қарастырылған және мемлекеттің қаржы қорына ақша қаражаттарын мобилизациялау әдісі негізінде қолданылған.
“Сақтандыру қызметі туралы” Қазастан Республикасының заңы сақтандырушылардың қаржылық тұрақтылығының негізі ретінде оларға төленген жарғылық капитал мен сақтандыру резервтері, сонымен қатар қайта сақтандыру жүйесінің бар болуы болып табылады.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының территориясында “Сақтандыру қызметі туралы” төртінші заң жұмыс істеуде. Ал сақтандыру, қайтасақтандыру ұйымдары мен сақтандыру брокерлерінің қызметіне бақылауды мемлекеттің өкілеттік органы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің департаменті мен сақтандыру қадағалауы жүзеге асырады.
Шаруашылықтың қатаң әкімшілік жүйеден нарықтық экономикаға өту кезеңі жаңа шарттардағы экономиканың нарықтық инфрақұрылымдарының реформалауымен және құрылуымен қабаттас болды. Мемлекет экономикасының құрылуының қажетті шарттарының бірі Қазақстанның эффективті функционалданатын сақтандыру нарығын құру болып табылады. Сақтандыру қаржы – несие жүйесінің маңызды құраушыларының бірі болып табылатындықтан, экономикаға толығымен реформалауына белсенді әсер етеді.
Экономиканың нарықтық қайтаориентациясына өтуі сақтандыру ролінің өсуіне қажетті алғышарттарды туғызады. Бір жағынан, сақтандыру халықты әлеуметтік қорғаудың маңызды элементі ретінде, ал басқа жағынан едәуір ақша қаражаттарын жұмылдыра отырып, мемлекет экономикасына институционалды инвестор ретінде шыға алады. Сақтандыру нарығының нормалды функционалдауының қажетті шарттарының бірі болып, сақтандыру нарығының эффективтілігін қолдау бойынша мемлекеттің реттеуші ролі болып табылады. Бүгінгі күнде мемлекеттің сақтандыру қадағалауының бақылау функциясы сақтандырудың қызмет көрсету нарығының құрулуымен және сақтандыру компанияларындағы едәуір ақша қаражаттарының құрылуын есептеп өсуі қажет, ал олар ең алдымен сақтандыру қорғауы бойынша маңызды проблемаларды қанағаттандыру мен мемлекет экономикасында инвестициялық капитал ретінде қолдануы керек. Сақтандыру қызмет көрсету нарығының қызметін активизациялаудағы жаңа тәсілдердің қажеттілігі халық пен қоғамның сақтандыру қорғауының өсу тұтынуымен шартталған.
I. Сақтандырудың нарықтық экономикалық орны
1.1. Сақтандыру компаниялары - экономикалық жүйенің бір бөлігі ретінде
Сақтандыру қорының тарихи түрде анықталған ұйымдастырушылық формасы сияқты кез келген сақтандыру компаниясының қызметі ылғи экономикалық ортамен тығыз байланыста болады. Берілген экономикалық ортада функционалданатын сақтандыру компанияларының жиынтығы сақтандыру жүйесін құрайды. Нарықтық типтің экономикасында сақтандыру жүйесінің негізгі мақсаты компаниялар мен фирмаларға белгілі бір кепілдіктерді қамтамасыз ететін сақтандыру және консультациялық қызметтер комплексін көрсету; жеке клиенттерге – күнделікті және сенімді сақтандыру қызметін көрсету, ұзақмерзімді жеке мақсаттарға жету.
Сақтандыру компанияларымен кездестірілетін проблемалары арасында келесілерді белгілеуге болады:
- сақтандыру бизнесінің интернационализациясы;
- ірі сақтандыру топтарының пайда болуы;
- бағалы қағаздарға инвестициялар;
- қаржылық алаяқтылық;
- көптеген мемлекеттердегі саяси жағдайларының күрт өзгеруі;
- персоналдың балансталмаған жастық құрылымы;
- жаңа ақпараттық технологиялардың пайда болуы;
- сақтандырушы жұмысшыларының жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Сақтандыру компаниялары – сақтандыру қызметтерін көрсетуге негізделетін қаржылық делдалдар. Олардың қызметі заңды және жеке тұлғалардың шарттарына негізделіп құрылған белгілі бір жағдайларының түсуіне байланысты шартталған көлемдегі ақша қаражаттарының сақтандырушыларға төлемдерді жүзеге асыратын арнайы ақша қорларының құрылуынан тұрады.
Техника, технологияның дамуымен, экологиялық сақтандыру компаниялары ақша қаражаттарын несие берушілермен шарт негізінде тартатындықтан, оларды шартталған қаржылық делдалдарға жатқызады.
Сақтандыру қызметіне сұраныс экономикалық субьектілердің (заңды және жеке тұлғалардың) маңызды қаржылық жоғалтуларға әкелетін (өлім, ауру немесе жанұя мүшесінің жұмыстан шығарылуы, автомобиль авариясы және т.б.) белгілі бір жағымсыз жағдайлардың, тұрақты қауіп – қатерінің түсуімен анықталады. Бұл жоғалтуларды ағымдағы табыспен жабу мүмкін емес, осыған байланысты депозит шоттары арқылы қаражаттарды жинау да қиынға түседі. Сақтандыру мұндай жоғалтуларды жабудың ыңғайлы әдісі болып табылады, себебі оның сомасы сақтандыру салымдарынан көп болуы мүмкін жағдайлардың нашарлауымен мұндай жағдайлардың түсу ықтималдығы өсуде. Сондықтан сақтандыру бизнесі дамыған нарықтық экономикасы елдерінде жақсы дамуда.
Сақтандыру компаниялары өмірді сақтандыру компаниялары мен мүлікті және сәтсіз оқиғалардан сақтандыру компанияларына бөлінеді. Онда жұмыс істеу әдістері бірдей: сақтандыру полистерін сатудан, олар табыстық активтерге орналастыратын белгілі бір қаржы соммаларын жұмылдырады. Бұл активтерден түсетін табыстардан өздерінің операциялық шығындарын жабады, табыс алады. Жұмылдырылған қаражаттардан бұл компаниялар сақтандыру жағдайы түсуі барысындағы төлемдердің орнын толтыру үшін резервтер құрады.
Өмірді сақтандыру компаниялары өлім коэффициентін тура анықтауға және бұл негізде уақыт барысында сақтандыру полистері бойынша өздерінің төлемдерін бөлуді болжамдауға мүмкіндік алады. Бұл оларға өз резервтерін ұзақмерзімді, табыстық активтерге – корпорацияның облигациялары мен акцияларына, ұзақмерзімді депозиттерге және т.б. орналастыруға мүмкіндік береді.
Мүлікті және сәтсіз оқиғалардан сақтандыру компаниялары болжанбайтын жағдайлардың түсуінен сақтандырады. Сондықтан олар өз резервтерін өмірді сақтандыру компаниялары сияқты орналастыра алмайды, қысқа мерзімді бағалы қағаздар артықшылықтарымен шектелуге мәжбүр.
Дамыған мемлекеттердегі сақтандыру компаниялары ірі көлемдегі қаржылық ресурстарды жұмылдырады және ақша нарығанды ұзақмерзімді капиталдардың басты жабдықтаушылары болып табылады. Ұзақмерзімді бағалы қағаздардан басқа олар өз ресурстарын ипотекалық займдарға, ал ұзақмерзімді займдарға қозғалмайтын мүліктің кепіліне салуы мүмкін.
1.2 Сақтандыру компанияларының қаржылары
Сақтандыру компанияларының қаржылық – шаруашылық қызметінің нәтижелері ең алдымен алынған табыс пен резервтер қоры көлемдерінің өзгеруінде айқындалады.
Сақтандыру компаниясының табысы былай қойылады:
1) Сақтандыру қызметінен тікелей алынған табыс. Сақтандыру компаниялары сақтандырудан алынған салымдардан сақтандыру төлемдері мен сақтандыру соммаларын төлеуден резервтік қорларды құрайтын, сақтандыру салымдарының ағымдағы түсімдерінің қорын құрайды. Осыдан кейін сақтандыру қызметін жүргізуден шығындар жабылады. Жүктеме қалдықтарын сақтандыру қызметінен түскен табыс береді.
1) Компанияның сақтандырылмайтын қызметінен түскен табыс (банк депозиттері, қозғалмайтын мүлік және т.б.). Алынған табыстар сақтандыру компаниясының табыстарына қосылады.
2) Басқа қызметтерден түсетін табыс – консультациялық, делдалдық және т.б.
Сақтандыру компаниясының сақтандыру қызметін жүргізудегі барлық шығындарын 4 топқа бөлуге болады:
1) аквизициялық – жаңа сақтандырушыларды тартумен, сақтандыру портфелін кеңейтумен, жарнамамен, сақтандырудың жаңа түрлерін өндірумен байланысты шығындар;
2) инкассалық – сақтандыру төлемдерін жинаумен және сақтандырушыларға қызмет көрсету бойынша шығындар;
3) ликвидтік – сақтандыру жағдайымен эксперттер еңбегін төлеу, сот шығындары, сақтандырудың орнын толтыруларымен байланысты.
4) басқарушылық – еңбекті төлеу, шаруашылық шығындары және т.б. байланысты.
Сақтандыру компаниясының қаржылық қызметінің маңызды аспектісі – сақтандыру резервтерін құру мен пайдалану. Компаниялар сақтандыру резервтерінің келесі жүйесін құрайды:
1) техникалық резерв;
2) ескертетін шараларға резерв – масштабтарды қысқарту мен залалдардың орнын толтыру мақсатында шараларды қаржыландыру үшін жүктемелер қойылады .
Техникалық резерв:
1) Табыс кіргізілмеген премияның резерві – шарттың уақыты нәтижелі болып табылмайтын, сақтандырудың әрбір шартына сақтандыру төлемдерінің бөлігі бағытталады;
2) Реттелмеген шығын резервтері. Сақтандырушы сақтандыру жағдайының бекітілген уақыты туралы хабарлауы керек;
3) Түскен, бірақ хабарланбаған шығындар резерві – жиналған премиялардан алынған белгілі пайыз мөлшерінде;
4) Апаттар резерві – сақтандыру жағдайларының көп мөлшерде түсу жағдайына байланысты (жер сілкінісі, су тасқыны және т.б.).
5) Тербелу зияндылығының резерві. Егер берілген жылы зиянның өткен жылдағыдан кем болса, бұл айырмашылық тербелу зияндылығының резервіне бағытталады.
6) Өмірді сақтандыру резерві.
Сақтандыру компаниясы өзінің резервтерін табысты болатындай қылып орналастыру керек.
Сақтандыру компанияларының қаржылық тұрақтылығы
Сақтандыру заңы сақтандырушының әрбір келісім – шарты бойынша міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ететін нақты заңды шарттарды бекіту керек. Кез – келген сақтандыру компаниясының қаржылық тұрақтылығы қаржылық қызмет нәтижесі есебіне негізделеді және толық бейнені бухгалтерлік баланстан алады. Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге әсер ететін нақты көрсеткіштерді анықтау мақсатында бухгалтерлік есептің құрылымдық бөліктерін қарастыру қажет.
Бухгалтерлік балансты 3 негізгі бөлімге бөлінеді:
1. активтер;
2. жеке капитал;
3. міндеттемелер.
Ең алдымен, сақтандыру компаниясының қаржылық тұрақтылығының негізі - 3 көлемнің қатынасымен анықталады. Активтер құрамына негізгі қорлар, материалдар, ақша қаражаттары, қаржылық инвестициялар, тағы басқа ағымдағы активтер түрінде сақтандырушының мүлігі кіреді. Активтердің көп көлемде болуы компанияның толығымен оның сенімділігін көрсетеді, бірақ негізгі қорлардың құрылымы, олардың құндылығы, қай қаржылардан алынғаны – бұл критериялар бойынша активтердің эффективтілігін және сақтандыру компаниясының толықтай сенімділігін жорамалдауға болады.
Сақтандыру компаниясының қаржылық қызметінің анализі нәтижелерінен сақтандыру компаниясының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ететін келесі факторларды анықтауға мүмкіндік береді:
- жеке капитал;
- сақтандыру келісім – шарттары бойынша міндеттемелер;
- сақтандыру резервтері;
- инвестициялық қызмет;
- тәуекелді шектеу;
- тариф саясаты.
Жоғарыда көрсетілген факторлар сақтандыру компаниясының қаржылық тұрақтылығын және оның төлемқабілеттілігін қамтамасыз етуде шешуші факторлар болып табылады.
Жоғарыда айтылып кеткендей, Қазақстан Республикасының заңдылығында қаржылық тұрақтылықтың негізі келтірілген. Қаржылық тұрақтылық бойынша талаптар сақтандыру қадағалау департаментімен қадағалынады.
Өтпелі экономика шарттарында көп көлемдегі сақтандыру компаниялар нарық шарттарында сақтандыру қызметі бойынша жеткілікті тәжірибесі жоқ, сенімді статистиканың болмауы, ал қолда бар статистиканың сенімділігі жоқ, яғни статистиканың ақпаратпен қамтамасыздандыруы жетілмеген. Көбінесе сақтандыруға алынатын тәуекелдер зерттелмейді, тәуекелді бағалау және анализ жасау методикасы жоқ.
Қазақстан сақтандыру нарығына тән ерекшелік сақтандыру нарығының құрылымының дамымағандығы, сақтандыру пулдарының, одақтардың, ассоциациялардың қарапайым қызметінің жоқ болуы, сақтандыру мәдениетінің әлсіз деңгейі, сақтандыру қызметіне халық пен қоғамның сенімсіздігі, сақтандыру бойынша жариялаулардың болмауы және т.б. болып табылады. Сақтандыру нарығының дамуы мен қалыптасуы үшін сақтандыру компанияларының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша міндетті түрдегі талаптарды мемлекет жағынан қадағалау қажет, мемлекет қадағалауы жағынан реттеу мен қадағалау сақтандыру қорғауының дұрыс жүйесін құруға, қаржылық ресурстарды қолдануды оптимизациялау, ұлттық сақтандыру нарығының дамуын ілгері жылжытуға, жалпылый ұлттық экономиканың экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?