Экология | Халықаралық ұйымдардың жаһандық - экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі қызметі әлемдік тәжірибе және Қазақстан

 Экология | Халықаралық ұйымдардың жаһандық - экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі қызметі әлемдік тәжірибе және Қазақстан

Мазмұны
КІРІСПЕ ............................................................................................
1 ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ............
1.1 Экологиялық қауіпсіздік ұғымы, түсінігі және мазмұны .................................
1.2 Халықаралық ұйымдар және қоршаған ортаны қорғау.................................................................
2 ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ РЕТІНДЕ.............
2.1 Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігінің қауіп-қатері мен қазіргі жағдайы ..................
2.2 ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ...................................................

КІРІСПЕ
Адамзат тарихтың шешуші кезеңінде. Қалыптасқан дамудың сипаты мен табиғат арасындағы қайшылықтар шегіне жетті. Осы бағытта одан ары қарай жүру ғаламдық опатқа әкеледі, сонда табиғат адамзатқа өзін қорлағаны үшін жауабын ғаламдық өзгерістермен – климаттың өзгеруімен, шөлдермен, жердің тақырлануымен, атмосферадан қауіпті ультракүлгін сәулелердің өтуімен, індеттермен және аштықпен береді.
Табиғат пен оның объектілері (ауа, теңіздер, ормандар, жануарлар, космос, және т.б.) адамзаттың ортақ жетістігі болып табылады. Оның қорғалуы мен тиімді пайдалануында бүкіл әлемдік қауымдастық мүдделі.
Табиғатты қорғау жене оның ресурстарын тиімді пайдалану – заманның жаһандық проблемасы. Бұл проблеманың шешілуінің негізгі шарттары: бүкіл әлемде бейбітшіліктің сақталуы және қарусыздандыру, мемлекеттер арасындағы сенімділік пен өзара түсінушілік; табиғатқа қатысты барлық мемлекеттердің бірдей саясат жүргізуі және өз территориясында табиғатты қорғаудың барлық шараларын қолға алуы, әсіресе табиғатты қорғау заңнамасының дамытылуы; БҰҰ шеңберінде және жергілікті негізде жүзеге асырылатын қоршаған ортаның халықаралық қорғауға арналған барлық акцияларға барлық мемлекеттердің белсенді қатысуы, табиғаттың жекелеген, нақты компонеттерін қорғауға арналған халықаралық келісімшарттардың құрылуы мен қабылдануы және қоршаған ортаны қорғаудың бірдей келісімшарттардың құрылуы мен қабылдануы – халықаралық экологиялық қауіпсіздіктің негізгі қайнар көзі ретінде.
Қазіргі таңдағы орасан зор маңызды проблема – ол мемлекеттерді көп жақты әріптестікке қайта оралу қажеттілігіне сендіру. Осы орайда, 1992 жылғы қоршаған ортаны қорғау мен дамыту жөніндегі Рио-де-Жанейро Декларациясының 7 қағидасы бойынша: мемлекеттер жаһандық әріптестік негізінде Жердің экожүйесінің біртұтастығы мен тазалығын қалпына келтіру мен қорғау, сақтап қалу мақсатында қарым-қатынас жасайды.
Халықаралық экологиялық мәселелер егеменді елдер арасында сендіру күші мен келіссөздермен жұмылдырылған әріптестіктің ортақ қағидалары мен ережелері арқылы шешілуі қажет. Аймақтық проблемалардың болашақ саяси салдары болуы мүмкін. Ондай проблемалар көршілес мемлекеттер ортақ ресурстарды пайдалануында пайда болды. Халықаралық өзендер мен аймақтық көлдер, атмосфера және мұхиттар секілді көптарапты іс-әрекеттердің объектісі болуы шарт жаһандық экологиялық ресурстар да бар. Бір елге тиесілі, бірақ халықаралық қауымдастыққа құнды ресурстар жөнінде сөз болғанда, мыс, табиғи өмір сүру орталары және жануар мен өсімдік әлемінің сирек түрлері, нақты мемлекеттер халықаралық әріптестікке ортақ мұраны сақтап қалу мақсатында арқа сүйеулеріне құқықтары бар.
Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі әлемнің қарқынды өзгерістері, яғни оның әлеуметтік, экономикалық сферасы экологияның күрт өзгеруі барысында жүріп жатыр. Қоршаған ортаны қорғау мәселесі ХХІ ғасыр басының ең күрделі проблемаларының бірі болып есептеледі, жалпы алғанда бүкіл әлемге өзекті, жер шарының кез-келген аймағына, кез-келген жекелеген мемлекетке аса күрделі мәселеге айналуда. Қоршаған орта жағдайы, жаһандық, экологиялық мәселелер көптеген білім аумағының зерттеу пәніне айналуда. Осы аймақтық, жаһандық экологиялық мәселелерді шешуге қоғамдық құрылымдар, халықаралық ұйымдар жұмылдыруда. Осыдан жүз, екі жүз жыл бұрын-ақ адам табиғатпен дәстүрлі бірлікте өмір сүрген еді. Халықтың көпшілігі жерде жұмыс істеді, кішігірім тұрғылықты жерлерде тұрды, экологиялық таза азық-түлікпен тамақтанды.
Қазіргі замаңмен салыстыратын болсақ жер шарын миллионнан астам тұрғындарымен мегаполистер қаптады. Қалалықтар жерде емес, асфальттің үстінде жүруде, таза ауамен емес, автокөліктердің шығаратын улы газдарымен демалуда. Әр түрлі химиялық тәсілмен өсірілген азық-түлікпен тамақтануда.
Қолдан жасалған ортаға көшу табиғи ортаның жоқ болып кетуіне алып келуде. Адамзаттың даму тарихы адамның табиғи қоршаған ортаны игерумен байланысты. Кезінде Ф Энгельс ескерткендей: «Табиғат алдындағы әр бір жеңісіміз үшін қатты қуанбайық, өйткені ол ертең біздің әрбір жеңісіміз үшін кек алатын болады»
Дәстүрлі тарихқа сүйенсек, Африка континенті жемісті өлке болатын. Оңтүстікке қарай жылына 2-6 км-ге жайылып бара жатқан Сахара шөлі қауіп төндіруде. Оның басты себебі – ежелгі мал жаюшылардың шектен тыс жайылымдық жерге мал жаю болды. Қазақстан территориясында Қарақұм мен Қызылқұмның да жағдайы сондай. Соғыс жылдарынан соң Арал теңізінің су көлемі екі есеге азайды. Себебі – Сырдария мен Амудария өзендерінің суы егін шаруашылығының кең жайылуна байланысты Арал теңізіне дейін жетпей қалуда. Чернобль трагедиясының зардаптары бәріне мәлім. Ауылшаруашылық өнімдерінің қысқаруына байланысты аштық жағдайлары көптеп кездесуде.
Қоршаған ортаға кері әсерін мына факторлар тигізеді:
1. табиғаттың жекелеген компонеттерін тиімсіз, кейде жыртқыштық пайдалану, көп жағдайда оларды жою;
2. қоршаған ортаны ластау;
3. қаруландыру жарысы, әскери жанжалдар және жергілікті соғыстар
Тиімсіз пайдалану салдарынан ірі сүтқоректілердің, құстардың жануарлардың өзге де түрлерінің жүздегені іс-түссіз жоғалып кетті, мыңдаған жануарлар жойылып кету қаупінде тұр. Құрғақ территориялардың 1/3-і шөлге айналып кету қаупінде. Мәселен, 1950 жылмен салыстырғанда әлемдегі орман материалдарына қажеттілік 2 есеге , қағазға – 6 есе, суға – 3 есе, жанармай ретіндегі көмірді пайдалану 4 есеге артты. Сол сияқты жез өндірісі 4 есеге өсті. Соңғы 50 жыл ішінде орман алқабының дерлік жартысы жойылды. Шектен тыс балық аулаушылық балықтардың популяциясын жойылу апатына әкеліп соқты. Әлемнің көптеген елдерінде жердің эрозиясы маңызды проблемаға айналды. АҚШ, Еуропа, Қытай, Үндістан, Таяу Шығыс және Африкада су қоры азаюда. Судың жетіспеушілігі азық-түліктің де жетіспеушілігін білдіреді. Қоршаған ортаны қорғаудың проблемаларының шешімін ғалымдар жаңа түрдегі экономиканы құруда көріп отыр. Жекелей келгенде, ол шикізатты қайталама пайдалану және энергияның қайта жаңартылатын көздерін, сонымен қатар халықтың тұрақты деңгейін қамтиды. Қоршаған ортаға кері әсердің екінші факторы – адам іс-әрекеті нәтижесінде қоршаған ортаны антропогенді ластау. Ғасыр індеті деп қышқылды жаңбырлар әсерінен табиғаттың ластануын айтады. Сұйық қалдықтардың су жүйелеріне тасталынуы таза ауыз судың ресурстарын азайтады, барлық су ресурстарының жұтаңдануына әкеліп соғады.
Дегенмен, адамзат және биосфера үшін ең жоғарғы қауіп – ядролық қару, қоршаған ортаның радиоактивтік ластануы.
Тақырыптың өзектілігі де осында – экологиялық апаттардың шығу себептерін анықтау, Қазақстан мен әлемдік тәжірібиеге сүйене отырып оларды болдырмау жолдарын қарастыру, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі халықаралық ұйымдардың ролін айқындау.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері: Тақырыпқа байланысты материалдар жинақтау және сараптау, сол арқылы экологиялық апаттардың шығу себептерін ашу, қазіргі таңда экологиялық апаттарды болдырмаудың алдын алу іс-шараларын қарастыру және нәтижелерін белгілеу. Халықаралық ұйымдардың және Қазақстанның әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі мақсаттары мен міндеттерін қарастыру. Нәтижесінде келесідей міндеттер жүзеге асырылады:
• Экологиялық қауіпсіздіктің теориялық негіздерін анықтау, яғни мұнда экологиялық қауіпсіздіктің ұғымы, түсінігі және мазмұны қарастырылады;
• Бұл жайтты анықтағаннан кейін халықаралық ұйымдардың жаһандық-экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі мәселелермен танысамыз;
• Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігінің қауіп- қатері мен қазіргі жағдайын ескереміз;
• Киоттық хаттамаға кірудегі Қазақстан Республикасының экономикалық, экологиялық және саяси аспектілері мен экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде мемлекеттік саясаттың ролін қамтып өтеміз.
Зерттеу жұмысының объектісі: Экологиялық қауіпсіздік.
Зерттеу жұмысының пәні: Халықаралық ұйымдардың экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі қызметінің процесі.
Зерттеу жұмысының әдістемелік негіздері: Берілген мәселені зерттеу барысында Ресей ғалымдарының, қазақстандық ғалымдар еңбектерінің зерттеулеріне, шетел әдебиеттеріне, деректерге, мерзімдік басылымдардағы мақалаларға және интернет сайттарындағы ақпараттарға сүйендім. Алғашқы тарауда экологиялық қауіпсіздіктің теориялық негіздері тарауын жазу барысында басты ақпарат көздері болып Ресей ғалымдарының еңбектері қолданылды. Олар: Колбасов О.С., Трусов Ю.П., Тимошенко А.С., Одум Ю., Маркович Д.Ж., Герасимов И.Н. сынды бір топ ғалымдар еңбектері өз көмегін тигізді. Ал екінші тарауды жазу барысында қазақстандық журналдар мен газет мақалаларын, интернет сайттарын, сонымен қатар өзіміздің ғалымдардың тақырыпқа сәйкес газет-журнал беттерінде жариялаған мақалаларын қолдандым .
Диплом жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен, соның ішінде әр тарау үш бөлімнен және қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жалпы дипломдық жұмыс 66 беттен құралады.
1. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Экологиялық қауіпсіздік ұғымы, түсінігі және мазмұны
Адам баласы табиғатынан қорғанған күйде болуға тырысады және өз болмысын өмір сүру жағдайын барынша қолайлы етуге тырысады. Бір жағынан, біз әрдайым тәуекел әлемінде жүреміз. Қауіп-қатер қылмыстық элементтерден де, болжамсыз саясат жүргізетін сүйікті үкіметімізден де келуі мүмкін, сонымен қатар инфекциялық аурулармен ауыру қаупі, әскери жанжал, оқыс оқиғаға тап болу қаупі де бар. Қазіргі кезде бұл жағдайлардың бәрі табиғи түрде қабылданады және қастандық ретінде қаралмайды. Себебі біздің қауіпсіздігімізге қауіп төндіретін бұл оқиғалардың болу ықтималдығы жоғары, сонымен қоса, біздің жадымызда болған, орындалған оқиғалар ретінде қалған. Сәйкесінше, осы қауіптердің ықтималдығын төмендету мақсатында алдын алу шаралары жүргізілуде.
Соңғы кездерде адамның қауіпсіз және ыңғайлы өмір сүруіне қауіп қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларынан туып отыр. Бірінші кезекте бұл денсаулыққа үлкен қауіп. Қазіргі кезде қоршаған ортаның ластануы бірқатар экологияға байланысты аурулар тудырады, экологиялық қолайсыз факторларға ұшыраған адамдардың орташа өмір сүру ұзақтығы экологиялық қауіпсіздік алғышарттары негізі болып табылады. Экологиялық қауіпсіздік өндіріске, ауыл және коммуналды шаруашылыққа, қызмет көрсету аясына, халықаралық қатынас аймағына да қатысты болып келеді. Басқаша айтқанда, экологиялық қауіпсіздік біздің өмірімізбен тығыз байланысты, және де оның маңызы мен маңыздылығы жыл өткен сайын өсуде. Экологиялық фактор дегеніміз адамға және тірі ағзаға әсер ете алатын қабілеті бар қоршаған орта элементі екенін бастан айта кетейік, мысалы, жарық, температура, химиялық элементтер мен қосылыстар құрамы, оттегі деңгейі, т.б. Бізге ең маңыздысы өткінші кедергілер, себебі олар экологиялық тәуекел жағдайынан экологиялық қауіпсіз дамуды (экологиялық ыңғайлылық аймағын) айырады. Бұл кедергілер өте күрделі құрылысқа ие. Ішкі жағынан қауіпті күтімдер аймағы (яғни біз әлі де экологиялық ыңғайлы жағдайындамыз, алайда қолайсыз жағдай экологиялық тәуекелге өту қаупі төнуде) орналасқан. Сыртқы жағында аздаған қауіп, яғни экологиялық фактор әлі адам денсаулығына әсерін тигізуде. Экологиялық фактор күшінің шектеулі болуы адам өлімі мен экожүйенің бұзылуына әкелетін экологиялық апатты тудырады [1, 215 б.].
Cаяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени және басқа да қажеттіліктердің қанағаттандырылуы тұлғаның мүдделерін құрады. Қауіпсіздік те адамның өмірлік мүддесін білдіреді [2, 32б.].
Жеке, қоғамдық және басқа да қауіпсіздікті сақтау саласында пайда болатын қоғамдық қатынастардың бірлестігі ретіндегі қауіпсіздік туралы жалпы түсінік белгілі бір теориялық-әдістемелік негізді құрайды: бұл теориялық-әдістемелік негіз «экологиялық қауіпсіздікті» қамтамасыз ету саласында құрылған ерекше бірлескен қатынастарды ашып көрсетеді. Ал бұлар жалпы қауіпсіздік түсінігінің нақты түрлері ретінде қаралады.
«Экологиялық қауіпсіздік» түсінігі, оған тең және туыстас түсініктердің көп жақты құрылысы бар, яғни онда экономикалық, қоғамдық, саяси, құқықтық, психологиялық және басқа да аспекттер тең дәрежеде маңызды роль ойнайды. «Қауіпсіздік» түсінігін өте кең ауқымда талқылауға болады. «Қауіпсіздіктің» негізгі түсінігі ғылыми білім салаларына тікелей қатысты болып келеді. «Қауіпсіздік» күрделі, көпжақты қоғамдық құбылыс, яғни айқын тарихи сипаты бар және табиғат, адам, қоғам жүйесінің барлық түрлері мен бағыттарымен тығыз байланыста.
«Қауіпсіздік» түсінігі күнделікті өмірімізде «қауіпсіздікті» қамтамасыз ететін нақты объектілерде қолданылуы арқылы әр түрлі мағынаға ие болды, және де осы объектілер арасында экология да орын алады. Кейбір ғалымдар «экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету түсінігін» «қоршаған ортаны қорғау» түсінігімен синоним ретінде қолданылуы мүмкін. Алайда «қоршаған ортаны қорғау» түсінігіне нақты анықтама беру үшін «біз оны неден және не үшін қорғаймыз» деген сұраққа жауап беруіміз керек. Көптеген ғалымдар, негізінде экологиялық қауіпсіздік түсінігіне ешқандай назар аудармайды. Алайда «экологиялық қауіпсіздік» түсінігін қарастырған ғалымдар былай дейді: экологиялық қауіпсіздік адам, қоғам, мемлекет және қоршаған ортаның ұйымдық, құқықтық, экономикалық, ғылыми-техникалық және т.б. заттар мен әдістерден келетін табиғи және техногенді теріс әсерлерден қорғалған жағдайы.
Экологиялық қауіпсіздік түсінігі адамның, қоғамның, қоршаған ортаның өмірлік маңызды жағдайларының антропогенді және табиғи «әсерлерден келетін қауіптерден қорғанған жағдайы», ал кейіннен экоқауіпсіздік объектілерінің өмірлік маңызды мүдделерінің антропогенді іс әрекет орындалу барысында ластанған табиғи объектілерден келетін қауіптен сақтанған жағдайы. Жоғарыда айтылған пікірлерді қорытындылай келе мына тұжырымға келеміз: «қоршаған ортаны қорғау», «экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету» және «қолайлы қоршаған ортаны қалыптастыру» түсініктері ортақ мақсатқа ие: жоғарыдағы үш пікір де қоршаған ортаны сақтау, шаруашылық және басқа әрекеттердің теріс әсерінен қорғау мемлекеттік органдарының билігімен, мемлекеттік субъектілердің, өзін-өзі басқару органдарымен, қоғамдық ұйымдармен, сонымен қатар жеке адамдардың көмегімен іске асырылуы керек. Ескере отыратын жайт, егер бұрын «халықаралық қауіпсіздік» деген түсініктің субъектілеріне (халық, мемлекет) соғыс қаупі төнбеуі немесе бейбіт халықтың тыныштық өмірі мен тәуелсіз дамуына сырттан шабуыл қаупін төндірмеу мағынасына келсе, ал қазіргі кезде жаһандық сипаттағы техногенді факторлардың сол мемлекет табиғатына, қоғамына және адамдарына кері әсер көрсетілмеуі кең ауқымда қаралады.
Экологиялық қылмыс объектісі болып адамның, жергілікті халықтың, мемлекеттің экологиялық қауіпсіздігі болып табылады.
Cерб экологы Данило Марковичтің анықтамасы бойынша адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынаста адамзат қоғамы тарихы бірнеше кезеңнен тұрады:
1. адам табиғатты өзгертеді және «жаңасын» жасайды, бірақ биологиялық тірі жан ретінде оған тәуелді болады. Осы кезеңде адамның өз өмірлік ортасына әсері күшейеді.
2. адамның жаппай араласуы нәтижесінде «жаңа табиғат» пайда болады, табиғатқа деген қатынасы өте сенімді болады, ол оның қожайынына айналады онымен шексіз қолданады. Осы кезеңде, көлемі үш ғасыр, адам табиғаттың үстінен сенімді жеңіс табады.
3. Үшінші кезең — кризистік. Адам табиғатты өзгертеді және адам мен табиғат арасындағы құрдым табиғаттағы тепе-теңдіктің жоғалуымен соққысқан адамның тіршілік етуіне өте қауіпті жағдай туады [3, 83б.].
Табиғи ортаға жасалынған антропогенді зиян — өндірістіктің, транспорттың, ауылшаруашылық өндірістің, қала алгомерациясының әсерлері ескеріледі. Табиғи орта мен жергілікті халықтың өмір сүру шарттарына шаруашылық әрекеттерінің теріс әсерлерін бағалай келе экологиялық жағдайдың төрт түрлі қауіп қатерін ажыратамыз: 1— апаттық; 2 — кризистік; 3 — конфликтік; 4 — қысымды.
Экологиялық қауіпсіздік қоршаған орта мен адамның өмірлік маңызды мүдделерінің сақтанған жағдайы, әсіресе адамның қолайлы табиғи қоршаған ортаға деген құқығының қорғануы. Қазіргі таңда қоршаған орта жағдайы айтарлықтай жақсы емес, және бұл жаһандық экологиялық апатқа айналуы мүмкін. Жаһандық экологиялық процеспен өзара тығыз байланысқандықтан ешбір мемлекет толығымен қауіптен сақтанбаған.
Адамзаттың, мемлекет пен аймақтардың экологиялық қауіпсіздігіне өзара бірлесуімен қауіп төндіретін факторлардың айқындығы мен үрейі соншалықты, адамның өмірлік қамтамасыз ету жүйесі ретіндегі бұл ортаны қорғау мен қалпына келтіру мәселесі алдыңғы қатарда тұр, әсіресе ең бірініші орында өндірістік (технологиялық, ғылыми-техникалық) даму тұрғысы жағынан. Мемлекеттер арасында «экологиялық қауіп төндіру» жағынан айырмашылық бар. Жоғары деңгейде өндіріс жағынан дамыған мемлекеттерде пайдаланып отырған табиғи ресурстардың деградациясы және тозу проблемасы аса байқала бермейді, өйткені территориясының көп бөлігі кәсіби игерілген.
Дамушы елдер қатарындағы аутсайдерлер (өндіріс жағынан алып қарағанда) керісінше жерлердің, орманның және су ресурстарының деградациясы және тозуы сияқты мәселелермен жиі бетпе-бет келеді. Бұл мәселелерді шешуге өз күштері жетіспейді. Ресурстардың қолданылуы аздап болса да мемлекеттің сауда саттық және энергетикалық қажеттіліктерін өтей алады. Осы тұрғыда қоршаған ортаны қорғаудың халықаралық құқықтық механизмін әмбебаптық, аймақтық және екіжақтық деңгейде дамыту үлкен маңызға ие [4, 44б.].
Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздік Концепциясында орын алған анықтамаларды негізге ала отырып мынадай қорытындыға келеміз:
а) экологиялық қауіпсіздік қоршаған ортаға антропогендік немесе табиғи әсерлерден туатын шынайы немесе потенциалдық қауіптерден тұлғаның, қоғамның, табиғаттың және мемлекеттің өмірлік маңызды мүдделерінің қорғанысын қамтамасыз ету процесі;
ә) экологиялық қауіпсіздік жүйесі биосфералық және антропогендік, сонымен қатар табиғи ауыртпашылықтар арасындағы тепе-теңдікті ұстап тұруға бағытталған заңнамалық, техникалық, медициналық және биологиялық іс-шаралардың жиынтығы;
б) экологиялық қауіпсіздік объектісі — қауіпсіздік субъектілерінің өмірлік маңызды мүдделері, яғни тұлғаның құқығы, материалдық және рухани
қажеттіліктері, мемлекеттік және қоғамдық дамудың материалдық негізі ретіндегі табиғи ресурстар мен табиғи орта;
в) экологиялық қауіпсіздік саясаты экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттің, қоғамдық ұйымдардың, заңдық және жеке тұлғаның арнайы іс-әрекеттері [5].
Соңғы жиырма жылда атқарылып жатқан шараларға қарамастан жаһандық экологиялық жағдай күн өткен сайын экологиялық тығырыққа тіреліп жатыр. Бұл шаралар — қоршаған ортаны қорғау жөнінде құрылған халықаралық және ұлттық инфрақұрылымдар, қоршаған ортаның жергілікті аймақтарының тазалау және қалпына келтіру жөніндегі он шақты халықаралық және жүздеген аймақтық бағдарламалардың іске асырылуы, көптеген елдердегі «ресурс қорғаушы» технологияны өңдеу бойынша «табиғатты қорғау жүйесінің» құрылуы және осы іс-шараға 1,3 трилл.долл. шығындалуы. 1970 жылға дейінгі кезеңмен салыстырғанда бұл жасалынған іс-шаралардың мүлтіксіз орындалу қажеттілігі болып табылады, алайда бұл іс-шаралардың жеткіліксіздігі экологиялық апаттың алдын алу үшін әлдеқайда радикалды демографиялық, қоғамдық және экологиялық шаралардың керектігін көрсетеді [6, 79б.].
Экологиялық тығырықтың дамуының барлық жаһандық тенденциялары Қазақстанда да орын алып отыр.
Жаһандық экологиялық тығырық қоршаған ортаның табиғи тұрақтану механизмінің адамдар шаруашылығы әсерінен бұзылуын көрсетеді. Оның күші энергетикалық есеппен (негізінде жанғыш қазбалар қолдану есебінен 90%) фотосинтез күшінің 10%-на жетті және жердің құрғақ бөлімінің 61% алып жатыр. Әлемнің көптеген дамыған елдерінде шаруашылық әрекет әсерінен өзгеріске ұшырамаған зат қалмады десек те болады. Оның ішінде көпхалықты дамушы елдерде де бар. Адамзат баласы соңғы 50 жыл бойы осы бағытта бойынша жалғастыра берсе, соңғы кезеңдері іске асырылып жүрген «табиғатты қорғау шараларын» жалғастырып, аумағын кеңейтсек те планеталық экологиялық апатқа алып келетін экологиялық тығырық тенденцияларын өзгерте алмайды.
Экологиялық қауіпсіздік жүйесінде ескере кететін экологиялық жағдайлар мен оған әсер ететін факторлардың арнайы белгілері де бар.
ТМД-ның техникалық күшін жалпылай алатын болсақ, ол 60-70 деңгейде қалып қойған, яғни «лас индустрия» кезеңіне сәйкес келеді, бұл дегеніміз постиндустриалды мемлекеттерге қарағанда өнімнің физикалық бірілігіне көбірек шикізат, энергия және суды жұмсау.
Өндіріс орындарында, әсіресе химиялық өндіріс орындарында, техникалық жабдықтардың жоғары дәрежеде ескі болуы ластанушылардың штаттық және апаттық қалдықтарының мөлшерін көбейтеді, ауыр экологиялық зардапты.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!