Курстық жұмыс: Қазақ тілі | Ә.Нурпейісовтің «Қан мен тер» романындағы есім баяндауыштар

Курстық жұмыс: Қазақ тілі | Ә.Нурпейісовтің «Қан мен тер» романындағы есім баяндауыштар казакша Курстық жұмыс: Қазақ тілі | Ә.Нурпейісовтің «Қан мен тер» романындағы есім баяндауыштар на казахском языке

Мазмұны

І.Кіріспе бөлімі……………………………………………………………………………….3
1.1.Баяндауыш...............................................................................4-5
1.2.Баяндауыш мүшенің зерттелуіне шолу......................................5-7
(Ғалымдардың пікірі)
ІІ.Негізгі бөлім
2.1.Есім баяндауыштардың табиғаты, қалыптасып, даму жолдары.8-9
2.2.Жасалу тәсілдері.....................................................................9-14
а)Баяндауыштық морфологиялық тәсіл арқылы жасалуы (баяндауыштық тұлға)
ә)Аналитикалық тәсіл арқылы жасалуы
б)Есім баяндауыштарды жасаудағы интонацияның рөлі
2.3.Есім баяндауыштардың атаулы сөйлемдермен арақатынасы..14-15
2.4.Есім баяндауыштардың семантикалық грамматикалық
Топтары......................................................................................15-16
а)Сын есімді баяндауыштар
ә)Зат есімді баяндауыштар
б)Сан есімді баяндауыштар
в)Есімді баяндауыштар
г)Еліктеу баяндауыштар
д) Үстеулі баяндауыштар
е)Модаль сөзді баяндауыштар
Қорытынды........................................................................................28
Есім баяндауыштар туралы жалпы қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер…………………………………………………………….29

І.Кіріспе
Курстық жұмыстың тақырыбы: Ә.Нурпейісовтің «Қан мен тер» романындағы есім баяндауыштар.Кешегі аумалы-төкпелі замандағы дала тұрмысының қат-қабат шежіресін шерткен бұл роман қалың ақырман қауымын өзіне баурап алды.Тілдік ерекшелігі, сөз саптауы, ойды ұшқыр жеткізе білуі жазушының шеберлігі.
Тіл білімі салаларының ішіндегі ең бір арнасы кең грамматиканың- синтаксис саласы екені сөзсіз.Синтаксистің күрделі категорияларының бірі- баяндауыш мәселесі айтарлықтай сөз болды.Бұл жұмыста баяндауышқа әр ғалымдардың берген бағасын, көзқарасы мен тұжырымдарын саралап,салыстыра отырып анықтама берілді.Сөзге баяндауыштық сипат беріп тұрған негізгі морфологиялық көрсеткіші негізге алынады. Осы орайда жіктік жалғауының предикаттық мәнін айқын аңғардым.Етістік баяндауыштардың мағыналық әрі грамматикалық ерекшелігі бар баяндауыштың ерекше семантикалық тобы болып саналатын есім баяндауыштардың қалыптасып,даму жолдары тарихи тұрғыдан зерделеніп, оның қалыптасуына әсер ететін тілдік экономия заңы, шақтық ұғым және стильдік талаптардың орны сөз болды.
Есім баяндауыштардың жасалуының синтетикалық және аналитикалық тәсілдері нақты фактілер арқылы яғни Ә.Нурпейісовтың «Қан мен тер» романынан алынған мысалдармен дәлелденді.
Есім сөз таптарының баяндауыш қызметінде жұмсалуының әркелкілік сипаты ерекше сараланып, нақты фактілермен дәлелденді. Сондай-ақ есімдіктердің,есім негізді баяндауыштарда үстеу мен модаль сөздердің семантика-грамматикалық топтары бойынша да кездесетіндігі нақты тілдік фактілермен дәлелденді.
1.1. Баяндауыш.
Тіл қарым-қатынас жасаудың құралы да, сөйлем- сол қарым-қатынас жасауда кісінің ойын айтудың негізгі формасы. Айналадағы нақты өмір құбылыстары негізінен зат және оның қимыл-қозғалыстары мен іс-әрекетінен тұратыны мәлім. Бұл айтылған жалпы заттың құрамына кіретін жанды заттардың, оның ішінде адамзаттың орны ерекше.Өйткені адам айналадағы тіршілік құбылыстарын тануға ұмтылады. Қоғамдаса өмір сүріп бір-бірімен қарым-қатынас жасайды. Бұл тәрізді нақты өмір құбылыстарын адам тілдік құралдар арқылы таңбалайды және оны өз жадында сақтайды.Сол секілді қоғам өмірінде оқиғалар мен өз жеке басындағы жағдайларды қорытып, өзара пікірлеседі. Осы айтылған мәселелер тілде сөйлем арқылы жүзеге асады. «Кез келген сөйлемнің белгілі бір құрылымы болады.Ол сөйлем бірнеше сөздерден құралуы мүмкін.Немесе екі сөзден, тіпті бір сөзден де жасалатыны белгілі.Әр нәрсенің өзіне тән формасы болатындай сөйлемнің де құрамындағы сөздердің санына сай формалары әр түрлі болып келеді»(1.630)Яғни сөйлем құрамындағы сөздің саны аз болуы,көп болуы ерекшелігімен байланысты. Сөйлемде грамматикалық мағынаға ие болып, синтаксистік қызмет атқарып тұратын сөздерді сөйлем мүшелері дейміз.Сөйлем мүшелері өзінің қызметтеріне қарай екі үлкен топқа бөлінеді:
Сөйлем құруға негіз болатын бас мүшелер-тұрлаулы мүшелер сөйлем атаулының грамматикалық ұйытқысы.Қалған мүшелердің сөйлемдегі негізгі қызметі тұрлаулы мүшелердің мағынасын нақтылау болып келеді. Бұлар тұрлаусыз мүшелер деп сондықтан аталған.
Тіл білімінде сөйлем туралы ғылыми ойдың тарихи бастауы көне дәуірдегі логикалық зерттеулерден басталады. Бұл тұжырым бойынша сөйлем-пікірге, бастауыш-субъектіге,баяндауыш-предикатқа негізделді. Сондықтан да тіл туралы зерттеулерде бастауышты субъект,баяндауышты предикат деп қолдану дәстүрі де сақталған.Сөйлемнің негізі болатын предикативтілік осы атаудан пайда болған. Яғни предикативтілік дегеніміз зат-субъектінің өзі, немесе оның жаңа бір сапасы туралы сөйлеушінің ойы.Сөйлемде айтылған ойға әрбір мүшені ортақ етіп тұратын басты мүшелер-бастауыш пен баяндауыш.Бұлер сөйлем құрамының діңгегі, айтылған ойлардың негізгі қаңқасы.
Баяндауыштың өзіне кіріспес бұрын,алдымен баяндауыштардың
морфологиялық көрсеткіші болып табылатын жіктік жалғауы туралы бір-екі сөз.
Баяндауыш жалғауының мағынасы мен синтаксистік функциясында қазіргі әдеби тілден өзгешелігі жоққа тән.XVғасырдан бері қарайғы жазу нұсқаларында да баяндауыш жалғауы қай сөз табына жататындығына қарамастан, баяндауыш болып тұрған сөздің бәріне де талғаусыз жалғана береді.
Баяндауыш жалғауларының қазіргі әдеби тілден кейбір ерекшеліктері олардың дыбыстық құрамдары мен сөзге жалғану тәсілінде кездеседі.
«Қазіргі әдеби тілде баяндауыш жалғауы еріндік дауыстысы бар вариантта (ду-м,дү-м,ду-қ,дү-к) қолданылмайды, бұл врианттар тек жазба ескерткіштерде жиі кездеседі.»(2.51)
Көңіл аударарлық тағы бір өзгешелік XIX ғасырға дейінгі ескерткіштердің көбінде баяндауыш жалғауының бір жағында көптік мағына көптікті білдіретін екі түрлі аффикстердің қосарланып,айтам-ыз-лар, көрәм-із-лер түрінде келуі арқылы да беріледі.Ал мұндай мағына қазіргі әдебиеттерде тек –ыз,-із формалары арқылы ғана беріледі.Үстіміздегі ғасырға дейінгі жазба ескерткіштерінде бірінде аз, бірінде көп болса да, баяндауыш жалғауы құрамында – дүр формасы да кездеседі.”Бұл форма ХІХ ғасырдағы жазу нұсқаларының көпшілігінде кездеседі,тіпті онша жиі қолданылмаса да, жеке ақындар мен фольклорлық шығармаларда да бар, ал іс және қатынас қағаздары тілі мен мерзімді баспасөзде өте жиі кездеседі.”(2.53)
“Етістік баяндауыштың барлығы да бірдей жіктеліп келе бермеген. Олардың ішінде тұлғалы баяндауыш жазба ескерткіштерінің қай-қайсысынан да табылады.”(2.52-53)
Дамуы тұрғысынан етістікті, одан есім сөз бен көмекші етістіктен жасалған құрама баяндауыштың семантика-грамматикалық өзгеріске түсуі нәтижесінде пайда болған. Есім баяндауыштардың грамматикалық табиғатын ашу қазақ тілі біліміндегі күрделі проблемалардың біріне саналады. Өйткені баяндауыш ұғымын етістік сөз табына ғана байланысты қарастыру теориялық еңбектерде де, соның салдарынан практикада да орын алып келгені жасырын емес. Түркітануда,оның ішінде қазақ тілінде баяндауышты зерттеу мәселесіне ғалымдардың әр түрлі аспектіде келуі баяндауыш деп аталатын күрделі синтаксистік категорияның грамматикалық сипатын ашуға мүмкіндік жасады.
1.2.Баяндауыш мүшенің зерттелуіне шолу.
Сөйлемде айтылатын ойдың негізгі тірегі-баяндауыштың сөз таптары ыңғайындағы есімді және етістікті болып бөлінуі- тарихи дамудың кейінгі кезеңдерінің жемісі. Ертедегі ескерткіштер тілінде-ақ баяндауыш қызметінде есімдік,етістік сөздерінің қолданылғандығын дәлелдейтін тіл фактілері де жоқ емес. Бұл жөнінде Е.Ағманов:”Алайда жай сөйлемдердің баяндауыштары есімдер тобынан не етістіктерден болып бөлінуі біздің жыл санауымыздың басында-ақ дараланып, қалыптасқан процесс екендігін тіл материалдары дәлелдейді,”- деп келіп, Күлтегін ескерткішіндегі сөйлемдер баяндауышы есімнен де, етістіктен де жасалғанын мысалға келтіреді.(3)Түркі тіліндегі сөйлемнің синтаксисі мен морфологиялық құрамын тарихи тұрғыдан зерттеуге арналған еңбектердің қорытынды пікірі бұл тілдегі сөйлемдердің есім негізді екенін көрсетеді. Түркі тіліне арналған алғашқы грамматиканың өзінде-ақ баяндауыштың есім сөздерден де, етістіктерден де жасалатыны сөз болды. П.М.Мелиоранский қарапайым, бірқалыпты сөйлемде жай сөйлем кемінде екі мүшеден-бастауыш пен баяндауыштан тұратынын, бастауыштың да баяндауыштың да атау септікте тұрып, бастауыштың баяндауыштан бұрын тұратындығын айтады.(4)
Өзбек тілі жөніндегі зерттеу еңбектерінде А.Кононов баяндауыштың жіктік жалғауы, іліктен басқа септік жалғаулары, эмас, эмоқ, бұлмақ көмекші етістіктерінің тіркесіп жұмсалатыны туралы айтады.(5)
Әзірбайжан тілінде З.И.Будагова есім баяндауышты жалаң және құрама деп екіге бөледі де, алдыңғысына есім сөздерге жіктік жалғауының жалғануы арқылы қалыптасқан баяндауышты жатқызса, соңғысына есім сөздер тіркесінен, негізгі көмекші сөздер тіркесінен құралған баяндауыштарды жатқызады.(6)
Сондай-ақ жай сөйлем синтаксисін зерттеу барысында есім баяндауыштарға талдау жасаған А.Жапаровтың,А.Ч.Кунаның, Қ.Ахмедовтың, А.Т.Тыбыковалардың тағы басқалардың іргелі зерттеу жұмыстары түркі тіліндегі есім баяндауышты сөйлемдердің табиғатын ашуға септігін тигізері сөзсіз.
Синтаксистің,сөйлемнің тұрлаулы мүшелерінің, соның ішінде
баяндауыштың жалпы теориялық мәселесіне арналған құнды
еңбектердің маңызы ерекше. Әсіресе баяндауыш деп аталатын күрделі синтаксистік категорияны танытуға әр қырынан келген О.Төлегенов,М.Балақаев, Т.Сайрамбаев,Р.Әміров, Е.Ағмановтардың зерттеу жұмыстарының орны айтарлықтай. Есім баяндауыштардың зерттелуі дегенде сөйлем мүшелері туралы шыққан алғашқы мақалалар мен оқулықтардың өзінде-ақ баяндауышқа түрліше анықтамалар беріліп келді. Қазақ тілінде баяндауыш туралы ең алғаш сөз қозғаған А.Байтұрсынов 1925жылы Қызылордада басылып шыққан “Тіл құрал” оқулығында:”Баяндауыш болатын сөз бастауыш атаған нәрсенің сыр-сипатын, не амалын, не жайын, не болмысын көрсетеді,”-деп анықтама береді.(7.270)
Алғашқы анықтамаға ұқсас анықтаманы Қ.Жұбанов та берді. “Сөйлем мүшелерінің ішінде біреудің не бірдеменің не қылғанын,я не болғанын баяндап тұратын бір мүше болады. Оны баяндауыш дейміз,-деп көрсеткен.”(8.142)
С.Аманжолов “Баяндауыш- заттың жалпы көрінісін, болмысын тура көрсетеді.Біздің тілде баяндауыштың сөйлем аяғында келуі, баяндауыш бастауыштың көрінісі екеніне ерекше дәлел,”-деп тұжырымдаған.(9.105)
Ал М.Балақаев пен Т.Қордабаев “Баяндауыш бастауыштың ісін, қимылын, күйін және басқа заттық, сындық сапасын білдіріп, бастауышқа бағынады.”(10.85)Сондай-ақ Р.Әмір мен Ж.Әмірова “Предикативтік іс-әрекетті, сапаны білдіретін сөйлем мүшесін баяндауыш деп атаған екен”.(11.116) Енді Қ.Шәукенұлы “Синтаксис”оқулығында: “Сөйлемде айтылған ойдың белгілі бір тиянағы болатын мүшені баяндауыш,”- деп түсіндіреді.Баяндауыш болатын мүше бастауыштың әр түрле жай-күйін білдіретіндігін айтқан.(12.85) Қалай дегенде де, баяндауыш деп- белгілі бір жаққа қатысты предикативтілікті білдіріп, сөйлемдегі ойды тиянақтайтын мүше. Сөйлем мүшелері туралы жазылған еңбектерде баяндауыштың есім сөз табынан, етістіктен де жасалатыны сөз етіледі. А.Байтұрсынов баяндауыштың әр сөз табынан жасалатыны туралы айта келіп, қосарлы баяндауыш деген түрін қосады. С.Аманжолов есім мен етістіктен жасалған баяндауышты аралас, кейіннен құрама баяндауыш деп атайды. Қазіргі қазақ тілінде баяндауыштың осы 3түрі(есімді, етістікті, құрама)көрсетіліп жүр. Т.Сайрамбаев бұған
модаль сөзді баяндауышты қосады.(13.133) Ал Т.Қордабаев пен М.Балақаев “Сөз табының бәрі де баяндауыш бола алады,”- дей келіп көбінесе баяндауыштық қызметте жұмсалатын сөздерді:
1)есім баяндауыштар
2)етістік баяндауыштар және құрама
болуы мүмкін деп көрсетті.(10.95-96)
Есім баяндауыштардың түрлері алдымен баяндауыш қызметінде жұмсалып тұрған сөздің қай сөз табынан жасалатынына байланысты болады.Осыған орай есім баяндауыш өз ішінде зат есім, сын есім, сан есім, есімдікті, үстеулі, модаль сөзді баяндауыш болып жіктеледі. Ал құрылысы жағынан екі түрі бар:
1)дара
2)күрделі
Күрделі баяндауыш өз ішінде:
а)тіркескен баяндауыш
ә) құрама баяндауыш
болып жіктеледі. Тіркескен баяндауыш толық мағыналы есім сөздің тіркесуі арқылы жасалса, құрама баяндауыш есім сөзге көмекші етістіктің, шылаудың тіркесуі арқылы жасалады.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык жумыс Ә.Нурпейісовтің «Қан мен тер» романындағы есім баяндауыштар курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар казак тил жобалар курстық жұмыстар, курстык жумыс Ә.Нурпейісовтің «Қан мен тер» романындағы есім баяндауыштар курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын курстык жумыс, Курстық жұмыс: Қазақ тілі | Ә.Нурпейісовтің «Қан мен тер» романындағы есім баяндауыштар дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін