Қазақ тілі | Жаңа технологиямен оқыту идеясын жүзеге асыру

КІРІСПЕ
Жаңа технологиямен оқыту идеясын жүзеге асыру
Қазіргі кезеңде республиканың білім беру жүйесінің ең басты мәселесі – қазақ мектебі түлегінің білім сапасының деңгейін халықаралық дәрежеге жуықтату. Ол үшін мектепке заман талабына сай мемлекеттік білім стандартын енгізу, соған сәйкес кәсіби шеберлігі дамыған кадрлармен қамтамасыз ету, өркениетті ғылыми-әдістемелік бағытқа ынталандыру, жаңа базистік оқу жоспары мен жаңа буын оқулықтарына көшу, орта білімді ақпараттандыру, тағы сол сияқты білім беру саласында жүйелі жұмыстар атқару – еліміздегі ең маңызды әрі кезек күттірмейтін ауқымды істер.
Өткенге қарап басымызды иеміз, ертеңге қарап білек сыбанамыз демекші, бүгінгі бала – ертеңгі жаңа әлем. Демек бұрыннан қалыптасқан бағдарлама мен тәртіп ол үшін ескірген, тозған. Ал қазір ол барлық тұлғасымен жаңа тұрмысқа, жаңа оқуға, жаңа қатынастарға бейімделуі тиіс. Сондықтан оған жүйелі жәрдем беріп, ынта-ықыласын дұрыс бағыттайтын, қабілет-қасиеттерін дамытатын мектеп шаңырағы қажет.
Дамыта оқыту – күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдайлар жасалады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Қазақ тілі | Жай сөйлемнің күрделену жолдары.

«Күрделенген сөйлемдер» деген атау бұрын тілімізде болғанымен де, осы ұғымды қамтитын сөйлемдер әр түрлі синтаксистік категориялардың қарамағынан орын алып еді. Олар өздерінің атқарып отырған функциясына орай, сөйлемдегі басқа сөздермен қарым-қатынасына қарай сол жердегі мәніне байланысты аталып қалыптасты. Кейбір күрделенген сөйлемдердің ішінен өз алдына жеке бір «сөйлемдер» бөлініп шығып жатады. Мұндай сөйлемдер оқшаулана атылғанымен, олардың бойында субьект-предикаттық қатынас болмайды. Сондықтан да олар әдеттегідей дербес сөйлемдер мағынасында түсінілмейді. Бұлар тек субьектінің түрліше көзқарастары мен сезімдерін не болмаса саралау бғытында айтылады. Осыған орай мұндай мәндегілер сөйлемнің негізін құрамай, тек онда көмекшілік қызметте жұмсалады. Сөйлем құрылысынан көмекшілік мәніндегі сөз топтарын алып тастасақ, жалпы ой мазмұны, сөйлем іргесі бұзылмайды. Мысалы: ...Әйгерімнің де «күнім» деп айтқан сөзінде, анық өз аспанындағы күнін сезгендей, илану бар еді (М.Әуезов). Мұндағы курсивпен терілген оғашаланған айқындауышты мүшелерді айтпасақ та, сөйлем өз құрылысын, өз іргесін сақтай алады: Әйгерімнің де «күнім» деп айтқан сөзінде... илану бар ед. Сөйлемдегі негізгі ой да –осы. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Қазақ тілі | Ә.Нурпейісовтің «Қан мен тер» романындағы есім баяндауыштар

І.Кіріспе
Курстық жұмыстың тақырыбы: Ә.Нурпейісовтің «Қан мен тер» романындағы есім баяндауыштар.Кешегі аумалы-төкпелі замандағы дала тұрмысының қат-қабат шежіресін шерткен бұл роман қалың ақырман қауымын өзіне баурап алды.Тілдік ерекшелігі, сөз саптауы, ойды ұшқыр жеткізе білуі жазушының шеберлігі.
Тіл білімі салаларының ішіндегі ең бір арнасы кең грамматиканың- синтаксис саласы екені сөзсіз.Синтаксистің күрделі категорияларының бірі- баяндауыш мәселесі айтарлықтай сөз болды.Бұл жұмыста баяндауышқа әр ғалымдардың берген бағасын, көзқарасы мен тұжырымдарын саралап,салыстыра отырып анықтама берілді.Сөзге баяндауыштық сипат беріп тұрған негізгі морфологиялық көрсеткіші негізге алынады. Осы орайда жіктік жалғауының предикаттық мәнін айқын аңғардым.Етістік баяндауыштардың мағыналық әрі грамматикалық ерекшелігі бар баяндауыштың ерекше семантикалық тобы болып саналатын есім баяндауыштардың қалыптасып,даму жолдары тарихи тұрғыдан зерделеніп, оның қалыптасуына әсер ететін тілдік экономия заңы, шақтық ұғым және стильдік талаптардың орны сөз болды.
Есім баяндауыштардың жасалуының синтетикалық және аналитикалық тәсілдері нақты фактілер арқылы яғни Ә.Нурпейісовтың «Қан мен тер» романынан алынған мысалдармен дәлелденді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Қазақ тілі | Есім сөз тіркесі

Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаттамасы
Грамматикалық құрылыстың өзінше дербестігі, ерекшеліктері бар топтарын — грамматикалық единицалар - тұтастықтар дейміз. Солардың басты топтары сөз тіркесі, сөйлем. Бұлардың әрқайсысы әр алуан бөлшек — бөлімдерден құралғанмен, бәріне тән, бәріне ортақ белгілеріне қарап, оларды тұтасқан, тұтасып ұласқан бөлшектер тобы деп танимыз. Мысалы, сөздін, дыбыс құрылысы, лексикалық, грамматикалық мағыналары болады, сөз тіркесінің құрамына еніп адамнын, ойын, сана-сезімін білдірудің бөлшектері қызметін атқарады. Балықтың өмірі суда болатынындай, сөздін, өмірі сөз тіркесінің, сөйлемнін, құрамында болады. Әлемдегі жан-жануарлардың күнелту табиғи айналасы болатынындай сөздің, сөз тіркесінің де "табиғи" жұмсалу "айналасы", өмір сүру жағдайы болады. Бұлардың сондай шоғырланған ұясы да, өмір сүру қызметі де сөйлем ішінде жұмсалуы болады.....
Курстық жұмыстар
Толық
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы