Қазақ тілі | ФРАЗЕОЛОГИЗМНІҢ СӨЗ ТІРКЕСІНЕ ЕНУ ТӘСІЛІ

 Қазақ тілі | ФРАЗЕОЛОГИЗМНІҢ СӨЗ ТІРКЕСІНЕ ЕНУ ТӘСІЛІ

Мазмұны
Кіріспе ............................................................................................................4
1 .Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері..........................................................6
1.1 Сөз тіркесінің ситетикалық тәсіл арқылы байланысуы........................9
1.2 Сөз тіркесінің аналитикалық тәсіл арқылы байланысуы...................12
2. Фразеологизмнің байланысу тәсілдері...................................................20
2.1 Аналитикалық тәсіл арқылы байланысқа түсетін фразеологизмдер...................................25
2.2 Синтетикалық тәсіл арқылы бйланысқа түсетін фразеологизмдер....................................27
Қорытынды.....................................................................................................30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.................................................................32

Кіріспе
Фразеология деген термин негізінен екі түрлі мағынада қолданылады. Бірінші мағынасы тілдегі тұрақты тіркестерді зерттейтін тіл білімінің саласы деген ұғымда қолданылады. Екіншісі – бір тілдегі фразеологизмдердің тұтас жиынтығы дегенді білдіреді.Фразеология жеріне жеткізе зерттеліп біткен ғылым деп айтуға болмайды.
Фразеологизмдердің тек өзіне ғана тән өзгеше белгілері бар. Осы белгілер тілдің бұл категориясын өз алдына жеке сала ретінде қарастыруға итермелейді. Әрі тілдің басқа единицалардан айырмасын айқындайтын негізгі ерекшелік болып табылады. Бұл белгілердің түрі мына төменгідей:
а) лексикалық мәні.
ә) копаненттік құрамы.
б) грамматикалық категориялардың түрі.
Бұл белгілердің тек фразеологизмдерге қатысты екенін дәлелдеу үшін сол фразеологизмдерді тілдік единица сөзбен жәй сөз тіркесімен салыстыру қажет. Екеуінің де фразеологизмдермен ортақтасып кететін белгілері бар.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Тіліміздегі фразеологизмдерді тіл білімінің синтаксис саласында зерттеу де оның ашылмаған сан қырының бірі.Фразеологизмдерді зерттеу арқылы тек тілдің өткенін,түп-тамырын ғана емес,сол тілді қолданушы мәдениетін терең білуге болады.Осыдан келіп фразеологизмдерді зерттеушілер синтаксисте оның ішкі байланысына ғана тоқталады.Сөз тіркесі негізінде іштей берік жымдасқан фразеологизмдердің сөйлем ішінде қалай байланысқа түсетіні жайлы зерттеу-тақырыптың өзектілігі болып танылады. Сөйлемде белгілі бір сөз табының орнына қолданылатын фразеологизмдер сөз таптарымен сөз тіркесін құрап барып сөйлемге енеді.
Зерттеудің мақсаты мен міндеті: Фразеологизмдердің сөз тіркесінің бағыныңқы,басыңқы сыңарында жұмсалу ерекшеліктеріне сай аналитикалық,синтетикалық тәсілмен байланысқа қалай еніп,сөз тіркесін құраудағы басқа да ерекшеліктерін ашу.Осыдан төмендегі міндеттерді шешу көзделеді:
-фразеологизмнің синтетикалық тәсілмен байланысу үшін тұтасымен беретін мағынасын анықтау;
-қандай мағыналы фразеологизмдер аналитикалық тәсілмен байланысатынын нақтылау;
Зерттеу жұмысының әдістері мен дереккөздері: Жұмыс барысында сипаттама әдісі,компоненттік талдау әдісі,зерттеу жұмысына қажетті нақты мәліметтерді жинақтау әдісі қолданылды.Қажетті теориялық материалдар қазақ тіл білімінде:І.Кеңесбае,М.Балақаев,К.Аханов,А.Ысқақов,Р.Әміров,Т.Сайрамбаев,Ә.Болғанбаев,С.Сәтенова, Г.Смағұлова т.б.орыс В.В.Виноградов, Н.М.Шанский, В.Н.Телия; түркітануда:
Н.К.Баскаков, А.Н.Кононов, Е.И.Убрятова,А.З.Гаджиева т.б. тілші мамандардың еңбектеріненалынды.Ал қажетті тілдік материал І.Кеңесбаевтың «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігінен»(1977ж.),сондай-ақ көркем әдебиет пен баспасөз материалдарынан жиналды.
Зерттеудің жаңалығы мен нәтижелері:Қазақ тіліндегі фразеологизмдер сөз тіркесін құрайтын компонент ретінде арнайы зерттелді.Олар жиналған тілдік мәлімет бойынша топталды,нәтижелері төмендегідей:
-аналитикалық тәсілмен байланысқан фразеологизмдер айқындалды;
- синтетикалық тәсіл арқылы байланысқан фразеолгизмдердің мағынасы айқындалды;
- фразеологизмнің сөз тіркесін құрауына қатысатын дәнекер сөздер(көмекші есімдер,көмекші етістіктер,шылаулар арқылы құрауы) анықталды;
- фразеологизмнің байланысу тәсілдерін зерттеу барысында сөз тіркесіне қатысты тұжырымдар нақтыланды;
Фразеологизмдерді сөз тіркесінің бір сыңары ретінде зерттеу сөз тіркесі синтаксисіндегі әлі күнге басы ашылмай келе жатқан мәселелердің шешілуіне үлес қосты.
Зерттеудің нәтижелерін қазақ тілінің фразеология,синтаксис салалары бойынша оқылатын дәрістерде білім беруде толыққанды мағлұмат беру үшін пайдалануға болалы.
1 Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері.
Сөз тіркесінің жасалуы үшін оның құрамындағы сөздер мағыналық және грамматикалық жақтан байланысқа айтылуы шарт. Сөз тіркестері, әдетте, тілдің грамматикалық құрылысындағы заңдар, атап айтқанда, сөздердің бір-бірімен тіркесу заңдары бойынша жасалады да, әрбір тілде сөз тіркестерінің үлгілері (модельдері) пайда болады. Бұл жайында К.Аханов: «Сөз тіркестерінің және олардың модельдерінің жасалуында ұйытқы сөздің қай сөз табынан болуының үлкен мәні бар. Сөз тіркесінің құрылымы, әдетте, оның құрамындағы ұйытқы сөздің грамматикалық табиғатына, атап айтқанда, қай сөз табына қатысты болуына қарай айқындалады. Сөз тіркесін құрастырушы сөздердің өзара қарым-қатысы мен байланысының сипатын айқындауға, ол сөздердің жалпы категориялық мағынасының тікелей қатысы бар» - дейді[ 1;379]. Мысалы, заттылық мағынаны білдіретін сөздер тобы (зат есімдер) ұйытқы (басыңқы) сөз ретінде қолданылғанда, атрибутивтілік (сын, сапа, түр-түс және т.б. белгілер) мағынаны білдіретін сөздермен (сын есімдер) тіркесуге және анықтауыштық қызметте жұмсалатын сан есімдер, есімшелер және есімдіктермен тіркесуге икем келеді де, атрибутивті сөз тіркестері және олардың моделі жасалады. Мысалы, мен жазба өлең ермек дегендер – бытыраңқы сөздер. Бұл сөздер біршама аяқталған ойды білдіретіндей сөйлем құрамына енгенде – Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін ... дегендей синтаксистің байланысқа еніп, өзара тіркесіп тұруға тиіс. Сонда мен деген сөз жазбаймын деген сөзбен байланысып, екінші тіркес болады, ермек үшін деген сөзбен жазбаймын деген сөзбен байланысып үшінші тіркес жасалады. Сын есімдер заттардың сапасын ,белгісін білдіріп, сөз тіркесінің тәуелді,бағыныңқы сыңары ретінде қызмет атқарумен бірге (мысалы:ақылды адам,бай колхоз)өзінің алдындағы есімдердің атау мен іліктен басқа септіліктердің бірінде тұруын керек етіп,сөз тіркесінің басыңқы сыңары ретінде деқызмет атқара алады(мысалы:ақылға бай,сөзге шебер,қаладан алыс,тастан қатты және т.б.)
Етістіктер тіл-тілде тіркесу мүмкіндігі өте –мөте мол сөз табы ретінде есептелінеді.Әртүрлі іс әрекеттің,қимылдың мазмұнын ашу үшін іс істеушінің,іс-әрекеттің шығу тегінің,қалай болғандығының көрсетілуі қажет.Осыған орай,етістіктер ұйытқы сөздер ретінде өзіне бағынышты зат есімдермен де,үстеулермен де,көсемшелермен де,еліктеу сөздермен детіркесе береді.
Сөздердің бір-бірімен тіркесу мүмкіндігінің молдығы немесе аздығы ол сөздердің сөз табы ретінде жалпы категориялдық мағынасымен тығыз байланысты.Мысалы,үстеулер қимылдың алуан түрлі белгілерін білдіруіне орай, әдетте, зат есімдермен емес,көбінесе етістіктермен тіркессе ,сын есімдер мен есімшелер заттардың алуан түрлі белгілерін білдіруіне орай, көбінесе зат есімдермен тіркеседі,олардың анықтауыштары ретінде қызмет атқарады[ ].
Сөз тіркесінің синтаксисі туралы мәселе түркологияда,оның ішінде қазақ тіл білімінде жан-жақты зерттелуде.Көрнекті түркологтар А.Гордллевский, А.П.Поцелуевский, Н.А.Баскаков, П.К.Дмитриев, А.Н.Кононов т.б. ғалымдардың зерттеулерінде түркі тілдерінің негіздерінде сөз тіркесі туралы айтылған тұжырымдар мол.
Қазақ тіл білімінде сөз тіркесі туралы ілімнің жалпы теориялық мәселелерін негіздеген М.Балақаев. Сөз тіркесінің дамуы, құрылысы, түрлері, формасы жан-жақты зерттеле бастады.Ал олардың бір-бірімен байланысы,яғни сөз тіркесінің байланысу тәсілдері осы уақытқа дейін арнайы зерттелінбей келеді.Алайда көптеген ғалымдардың сөз тіркесінің байланысу тәсілдеріне қатысты айтқан пікірлері баршылық.
Байланысу тәсілдері әзірше түркологияда да,қазақ тіл білімінде де тек оқулықкөлемінде ғана айтылып жүр.Тіпті байланысу тәсілдерінің атауы туралы көзқарас әртүрлі. Мысалы: Е.И.Убрятова,Н.З.Ғаджиева мен Б.А.Серебренниковтар сөздердің бйланысу формаларын байланысу тәсілдері деп атайды[3;31 ].
Кейбір ғалымдар сөз тіркесінің байланысуы туралы айтқанда оларға тек дәнекерлердің ізімен ғана тоқтай келіп,сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары мен басыңқы сыңарлары орын тәртібі,шылаулар,жалғаулар,интонация арқылы байланысады дейді [4;164 ].
Енді бір ғалымдар сөз бен сөз төрт дәнекер арқылы байланысатындығын айта келіп,онан кейін оларды әрі қарай аналитикалық,синтетикалық деп қосымша беріп отырады[5;14]. Сөз тіркесінің байланысу тәсілдерін бір дегеннен аналитикалық және синтетикалық деп беруде орын алған[6;13 ].
Ал кейбір еңбектерде сөз тіркестерін байланысу тәсілдеріне қарай аналитикалық,синтетикалық деп бөле келіп,оған үшінші етіп аналитико-синтетикалық тәсілдерін де қосады[7;44-45 ].
Сөз тіркестерінің байланысу тәсілдері жайлы бұлайша әртүрлі болуының өзі бұл саланыңаз зерттелгенін білдіреді.Біз байланысу тәсілдері жайлы осы пікірді ескере келіп сөз тіркестерінің байланысу тәсілдерін үшке бөліп қарастырғанды жөн көрдік.
1.Синтетикалық байланысу тәсілі.
2.Аналитикалық байланысу тәсілі.
3.Аналитико-синтетикалық байланысу тәсілі[ 8;60].
Сөз тіркесінің синтаксистік қызметін М.Балақаев, Т.Сайрамбаевтың «Қазіргі қазақ тілі» еңбектерінде айтады. Яғни сөздер тіркесу арқылы сөйлем құрай алады. Сөздердің байланысуы үшін синтаксистік тәсілдер қолданылады. Көбіне М.Балақаев, Т.Сайрамбаев «Қазіргі қазақ тілі» еңбектерінде 1. «Жалғаулар (септік, көптік, тәуелдік, жіктік). Мысалы:жастардың міндеті деген сөз тіркесіндегі екі сөздің алдынғысы ілік жалғауда, соңғысы тәуелдік жалғауда айтылу арқылы байланысқан. 2. Шылаулар (демеулер, жалғаулықтар). Отаным үшін аттанам,, көрген сайын сұрайды дегендер шылаулар арқылы байланысқан. Интонация. Бұл –кітап, Жақып бригадир интонация арқылы байланысқан»[ 9;38]
Сөз тіркесін зерттеп жүрген ғалымдар сөз тіркесі құрамындағы сөздерді байланыстырып тұрған дәнекерліктердің ерекшеліктері жайлы пікірлер білдірді.Мәселен,М.Балақаев сөз бен сөзді байланыстыруда дәнекер болатын синтаксистік тәсілдерге жалғауларды,шылауларды,сөздердің орын тәртібін және интонацияны жатқызады да,сөз тіркесі құрамындағы сөздердің қосымша арқылы байланысуын синтетикалық байланыс,ал қосымшаларсыз орын тәртібі,интонация,шылаулар арқылы байланысуын аналитикалық байланыс деп қарайды.
Профессор Р.Әміров сөз бен сөзді байланыстыру тәсіліне жалғауларды(септік,көптік,жіктік),шылауларды(жалғаулық,
септеулік),орын тәртібі және интонацияны жатқызады.
Қосымшаларды синтетикалық,ал қалғандарын аналитикалық тәсілге жатқызады.М.Балақаев жоғарғы оқу орнына арналған оқулығында /1977/ сөзді байланыстыруға шылаулармен қатар көмекші есімдерді қосады.
Ал,проф.Т.Сайрамбаев сөз тіркесі құрамындағы сөздерді байланыстыруға шылаумен бірге көмекші есімдіктер де,көмекші етістіктер де және модаль сөздер де қатысады дей келіп,оларды бір сөзбен көмекші сөздер деген атпен атауды қуаттайды[10;60 ].
Ал енді сөз тіркесіндегі синтетикалық байланысу тәсіліне тоқталайық.
1.1 Сөз тіркесінің синтетикалық тәсіл арқылы байланысуы
«Синтез»-сөзінің өзі «қарапайым»деген мағынаны береді. Синтетикалық тәсіл осы уақытқа дейінгі еңбектерде тек төрт жалғаулықтың қатысы арқылы жүзеге асады делінеді. Олар: 1/ септік, 2/ көптік, 3/ жіктік, 4/ тәуелдік. Септік жалғау мен көптік жалғау сөз тіркесінің бағыныңқы сыңарына жалғану арқылы екі сөзге дәнекер болса, ал жіктік жалғау мен тәуелдік жалғау сөз тіркесінің басыңқы сыңарының жалғануы арқылы қатысты болады. Осының ішінде септік жалғауының басқа жалғауларға қарағанда сөз бен сөзді байланыстырудағы маңызы ерекше.
Септік жалғауы басқа сөздермен, біріншіден, сабақтаса байланысса, екіншіден, сол сөздердің байланысының нәтижесінде грамматикалық қосымша мағынаға ие болады:
Мысалы: Наримнды ымдап шақырып еді –деген сөйлемдегі сөз тіркесі-Нариманды шақырып еді.
Септік жалғаулары синтаксистік қатынасты білдіреді. Мысалы, барыс септігіндегі сөз беталысты, бағытты, мақсатты, мезгілді білдіреді. Септік жалғаулармен жасалған сөздер мағынаның үйлесімі бар етістіктермен ғана сөз тіркесін құрай алады. Мысалы, машинаның деген сөз бұз, жөнде, айда, жу, сүрт, ал, бер т.б. сөздерді керек етеді.Ал машинаны оқы деп еш уақытта айтпаймыз.
Жалғаулар өз орнымен ауытқымай жалғануы тиіс.Ілік жалғаулы сөздер арқылы негізінде есімді сөз тіркестері де,ал басқа жалғаулар арқылы әрі есімді,әрі етістікті сөз тіркестері жасалады.Ілік жалғауы міндетті түрде тәуелдік жалғауын қажет етеді.Ілік жалғауында зат есім мен есімдік жұмсалса,онан кейінгі орында сын есім,сан есім.есімше т.б.жұмсалады,кейде қимыл есімі де жұмсалады.Ілік жалғаулы сөздер үнемі өзі басыңқы сөзімен сөз тіркесін құрауға қатыса бермейді.Мысалы:Бір елдің ішінде жамағайынды кісі бірге туғандай көріп,іші елжіреп,жақсы көріп тұрып елге келсе,әрбірден соң қайта қашқандай қылатұғыны қалай деген сөйлемдегі ілік жалғауындағы ел зат есімі ішкі көмекші есіммен байланысып сөз тіркесін құрай алмайды.Тек түйдекті тіркес құрауға қатысты.Сонымен ілік жалғауы үнемі сөз бен сөздің арасын байланыстыруғақатысты бола бермейді екен. Осы сияқты әр септік жалғанған сөз тіркестері белгілі мағына беретін синтаксистік қызметтері бар. Мысалы, шығыс, жатыс, барыс, көмектес жалғаулары жалғанған сөздерін негізінде етістікпен байланыстырып тұрады. Есімдермен тіркесуі актив құбылыс емес. Барыс жалғаулы сөз тіркесі.Бұл жалғау қимыл процесінің әр алуан бұлтарысына сәйкестене заттың немесе субстантивтеніп тұрған сөз табының етістікке қатысын орнықты етеді.Көбінесе барыс жалғаулы сөз өзіне салт етістікті керек етеді.
1.қимылдың бағдарын/үйге кету,алға ұмтылу/
2.мекенін/төсекке жату,атқа міну/
3.кісінің іске әрекетін/әңгімеге араласу,жиналысқа қатысу/ ішкі қатысын /сену,сөзге сену/
4.кісінің не басқа заттың қабылдау күйін/іске зер салу/.
Табыс септігінің жалғауы міндетті түрде адамның қимыл- әрекетін, ісін білдіретін етістің тіркесуін қажет етеді. Шығыс жалғауы тіркесінде әр түрлі қосымша мағына пайда болады. Мысалы, Екі жеңгелі, екі қолтығынан алып дедектеткен күйі ортаға шығармасы бар ма?
Мен қасыңда жүргенде ешкімнен қорқушы болма. Шығыс жалғаулы есімдер өздеріне мына етістіктерді керек етеді: шығу, шығару, қайтару, қайту, қарау, қарату, тастау, тастату, алу, тою, тойғызу, т.б[ 11;44-45].
Тәуелдік жалғауы да А.Ысқақов айтқандай марфологиялық, синтаксистік және аралас тәсіл арқылы жасалады. Бұл жалғаулар матаса байланысатын сөздердің бағындырушы сыңары болып (басыңқы) ол сөзді ілік жалғаулы сөзбен ұштастырады, бірақ ол жалғанған сөзін екінші сөзге тікелей бағындырушы бола алмайды. Сондықтан тәуелдік жалғауларының үстіне септік жалғауы жалғанып, сол арқылы ол сөздерді басқа етістіктер кейде есімдер жетектеп тұрады[12;18 ].
Тәуелдік жалғаулы сөздер матаса байланысқан сөз тіркесін құрауда үш түрлі жағдайда кездеседі.
1.ондай тіркесте тәуелдік жалғауы үнемі айтылатын болса,
2.бағыныңқы сыңары біз,сіз есімдіктері болып келгенде тәуелдік жалғауы түсіріліп те,түсірілмей де айтыла береді.
3.сөйлем ішінде өзінен кейін тағы да септік жалғаулары да келе береді,ондай кездерде тәуелдік жалғауының сөз бен сөзді жалғастыру қызметі солғындап,өзінен кейінгі сөз ғана ондай қызметке ие болады.
Тәуелдік жалғаулы сөз матаса байланысады:Байжанның баласы Апақ суыр інінен шыққан жылтыр тас көмірге кездеседі.
Қиыса байланысады:Ағаш көркі-жапырақ,адам көркі-шүберек.
Мұндай құбылыс негізгі сөз бен көмекші сөздер келгенде соның соңына жалғанып барып та жұмсалады.
Жіктік жалғауы қиыса, меңгеріле, қабыса байланысқан сөз тіркестерінің басыңқы сыңарларына жалғанады. Жіктік жалғауына бейім етістік, әрі есімдер, баяндауыш қызметінде жұмсалады. Сөйлемнің баяндауышы қызметінде бірнеше жалғау соңынан жалғанады. Мысалы, Біз үйдеміз.Кейде жіктік жалғаулары көптік жалғауларының алдында келеді.Мысалы: Оқа емес сендер өз аттарыңды тарихта онсыз да қалдырдыңдар.Түркологияда жіктік жалғауын баяндауыштың /предикат/жалғау немесе баяндауышкатегориясының тұлғасы деп атайды.Жіктік жалғауы Н.К.Дмитриевтің көрсетуі бойынша, сөзге қосымшалар жалғану кезінде марфологиялық категория деп саналса да, өзінің мәні жағынан баяндауыштық категория жіктелу таза синтаксистік қызмет атқарады. «Жіктік жалғау өзінің жалғанған сөзіне тек қана жақтық мағына үстейді, яғни предикативтік реңк береді»[13;61-91 ].
Жіктік жалғау сөз қатынасына қатысады, баяндауыш болатын сөзге жалғанады.
1. Функциялы етістіктен соң жалғанады.
2. Отыр, жатыр, тұр, жүр етістіктерінен кейін жұмсалады.
3. Етістіктің өзіне жіктік жалғуы біркелкі жалғанбайды.
4. Есімдердің бәріне емес, адамға қатысты есімдерге жалғанады.
Көптік жалғауы сөз бен сөзді байланыстыруда сөздің ішінде келмей өзі сол сөзге жеке жалғанған кезінде жүзеге асса керек. Мысалы, Оразбайдан басқалар тоқымсыз ба? Мұнда әрі басқалар сөзі тоқымсыз сөзімен қиыса байланысқан сөз тіркесін құрап тұр. Сонымен байланысу формаларының ішінде көптік жалғау қиысады. Көптік жалғау сөз тіркесінің бірінші, екінші, сыңарларына да жалғанады. Бірақ бастауыш болып тұрған сыңарына жалғанады.Кейде баяндауышы етістік емес есім болғанда оған көптік жалғауы жалғанады.Көптік жалғауы сөз бен сөзді байланыстырудағы осындай ерекшелігіне сай екіге бөліп қарастыруға болады.1.Көптік жалғауы –лар,-лер сөздерді өзара байланыстыруға қатысады,бірақ ол бағындырушы тұлға болмайды.Мысалы:Жұмысшылар кіре бастаса-ақ болды деген сөз тіркесіндегі –лар көптік жалғауын алып тастаса,жұмысшы кіре бастаса-ақ болды деп те айтуға болады.2.Есімдіктерге көптік жалғаулары жалғанса ол сөз екінші сөздің көптік жалғауда тұруын талап етеді.Мысалы:Сіздер кіріңіздер
Көптік,жіктік жалғаулары сөз бен сөзді байланыстыру қызметін атқарады,бірақ сөз тіркесін құрай алмайды.Сонымен сөз тіркесінде аналитикалық байланысу тәсілінің қызметі зор деп атайды[ 14; 8].
1.2 Сөз тіркесінің аналитикалық байланысу тәсілдері
Аналитикалық деген сөздің өзі грек тілінің «Ажыратушың» деген сөзінен жасалған термин сөз. Сөз тіркесінің аналитикалық байланысу тәсіліне сөздердің орын тәртібі, көмекші сөздер, интонация кіретіні белгілі. Алайда сөз тіркесіне қатысты еңбектерде түрліше көзқарастар бар.Мәселен, профессор М.Балақаев аналитикалық тәсілдер қатарына шылауларды, сөздердің орын тәртібі мен интонацияны жатқызады.Ал профессор Т.Сайрамбаев сөз тіркесі құрамындағы сөздерді байланыстыруға шылаумен бірге көмекші есімдер.............
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!