1. Ұңғының түп аймағын тұз қышқылымен өңдеу. 2. Ұңғының түп маңы аймағын құм тығынынан тазарту

 1. Ұңғының түп аймағын тұз қышқылымен өңдеу. 2. Ұңғының түп маңы аймағын құм тығынынан тазарту

Мазмұны

I. Кіріспе.........................................................................................................................3
2. Теориялық бөлім
2.1. Ұңғының өнімділігін арттыру әдістері. Тұз қышқылмен өңдеу........................4
2.2. Ұңғының түп аймағын тұз қышқылмен өңдеу есебі...........................................7
3. Қорытынды.............................................................................................................10

I. Кіріспе.......................................................................................................................11
2. Теориялық бөлім
2.1. Ұңғы оқпанын құм тығынынан тазарту..............................................................12
2.2. Ұңғыдағы құм тығынын жоюдың гидравликалық есебі...................................14
2.2.1. Тік жуу................................................................................................................15
2.2.2. Кері жуу..............................................................................................................22
3. Қорытынды.............................................................................................................25
Қосымша 1
Қосымша 2
Пайдаланылған әдебиеттер.....................................................................................26

Көп жағдайларда скважинаға келетін сұйық пен газ ағыны жеткіліксіз. Мұндай ұңғымаларда ағынды немесе газ не сұйық жұтылуын арттыру үшін түп маңы аймағының жыныстарына олардың өткізгіштігін көтеру мақсатында жасанды әсер ету қолданылды. Түп маңы аймағының өткізгіштігін өнімді қабатта карбонаттар мен глинозем еритін жасанды арналарды тұзқышқылды, жылулық қышқылды және саз қышқылды өңдеумен жасау, кеуекті кеңістіктерді тұнба және шайырлы материалдардан тазарту жолымен; жыныстарда жасанды жарықтар жасау немесе табиғи жарықтарды қабатты гидравликалық жарғанда немесе түпте торпедо жарғанда ұлғайту; кеуек арналары қабырғаларында немесе ұңғыма оқпанында тұрған парафиндер, тұздар мен шайырларды жою, сондай-ақ мұнай тұтқырлығын ұңғымаларды жылулық химиялық өңдеу және түп маңы аймағына жылулық әсер ету жолымен төмендету арқылы көтеруге болады.
Ұңғыма шығымын көтеру үшін түпке әртүрлі әсер ету әдістері мен олардың қосындыларын қолданады.

2.1 Ұңғының өнімділігін арттыру әдістері. Тұз қышқылмен өңдеу.

Мұнай мен газ өнімділігі және айдау ұңғыларының жұту қабілеті негізінен өнімді қабатты құрайтын жыныстардың өткізгіштігіне байланысты.
Кез келген ұңғыманың жұмыс істеу аймағындағы жыныстардың өткізгіштігі жоғары болған сайын, соғырлым оның өнімділігі мен қабылдағыштығы жоғары, және керісінше. Бір қабаттың өткізгіштігі, оның әрбір аймағында күрт өзгеруі мүмкін.
Жыныстардың табиғи өткізгіштігі әртүрлі себептермен уақыт өтісімен өзгеруі мүмкін. Ұңғыны бұрғылаумен аяқтаған кезде түп аймағы сүзгіленген сазды ерітіндімен жиі ластанады. Мұнай және газ ұңғымаларын пайдалану кезінде түп аймағындағы жыныстардың өткізгіштігі күрт төмендеуі мүмкін. Себебі кеуектер парафинді және шайырлы тұнбалармен, сонымен бірге саз түйіршіктерімен де тығындалып қалады.
Айдау ұңғыларының түп аймағы айдалатын судың құрамында болатын әртүрлі механикалық қоспалармен (ылай, саз, темір тотығы және т.с.с.) ластанады. Ұңғылардың түп аймағындағы жыныстардың өткізгіштігін жасанды түрде дренажды каналдардың санын және өлшемдерін арттыру, жыныстардың жарылымын көбейту және кеуекті каналдар қабырғаларында отырып қалған парафин, шайыр және ылайлары жою арқылы арттырады.
Ұңғылардың өнімділігін арттыру тәсілдерін шартты түрде мынадай 4 түрге бөлеміз:
1) Химиялық тәсілдер
2) Механикалық тәсілдер
3) Жылыту тәсілдері
4) Комплексті (физика-химиялық)
Қай тәсілді қолдану, қабаттың жағдайына байланысты болады.
Химиялық тәсіл (қышқылмен өңдеу). Бұл тәсіл нашар өткізгіштігі карбонатты жыныстарда жақсы нәтижелер береді. Сонымен қатар бұл тәсіл құрамында карбонатты қосылыстар және карбонатты керіштейтін заттары бар керіштелген құмтастарда қолданылады. Бұл қышқылдың таужыныстардың кейбір түрлерін ерітуге негізделген. Ал бұл өз кезегінде кеуекті каналдарды тазалап кеңейтеді, соның арқасында өткізгіштік артып, ұңғылардың өнімділігі артады.
Механикалық тәсіл (қабатты гидравликалық жару және гидроқұм ағынды перфорация). Әдетте тығыз жыныстармен түзілген қабаттарда жарықшақтарды кеңейту мақсатымен қолданылады.
Жылыту тәсілдері. Кеуекті каналдар қабырғаларын парафиннен, ылайдан тазалауға және түп маңы аймағын химиялық тәсілмен өңдеуді қарқындату үшін қолданылады.
Тұз қышқылмен өңдеу.
Көп жағдайларда ұңғыны өндеуге тұз қышқылын (HCl) қолданылады.
Тұз қышқылымен өндегенде қышқыл мынадай карбонатты жыныстарды ерітеді: әктас, доломиттер әктас, ал бұлар мұнай және газ кен орындарының өнімді қабаттарын құрацшылар.

Әктаспен әрекеті:

Доломитпен әрекеті:

Тұз қышқылымен карбонаттар әрекетінің өнімдері хлорлы кальций (CaCl ) және хлорлы магний ( ) жоғары ерігіштігіне байланысты тұнбаға түспейді. Өнделгеннен кейін олар ұңғыдан өнімімен бірге шығарылады. Әрекеттен түзілетін көмірқышқыл газы да жер бетіне оңай шығарылады.
Тұз қышқылымен өңдеуде ол ұңғы қабырғасындағы жыныстармен бірге кеуекті каналдардағылармен де әрекеттеседі және де ұңғы диаметрі үлкеймейді.
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады