Әлемдегі ең бай жазушы әйел табысының құпиясын жария етті

Әлемдегі ең бай жазушы әйел табысының құпиясын жария етті

Кез-келген адам табысқа жетіп, атақты болып, өмірде өзінің ізін қалдырып кетуді армандайды. Бірақ бұл арманға қол жеткізу тек мыңнан біреуінің ғана қолынан келетіні рас. Сонда өмірде табысқа жетудің жолы қандай және арманның орындалуы үшін не істеу керек деген қарапайым сұрақтар туындамақ.

Бұл сұрақтарға жауап іздеу мақсатында, әлемдегі ең танымал және арманын ақиқатқа айналдыра білген тұлғалардың қағидаларымен таныстыра отырсақ. Назарларыңызға әлемдегі ең бай әрі танымал жазушы Джоан Роулингтің мақсатқа жетудегі негізгі ережелері мен жетістігінің құпиясымен бөлісе отыруды жөн көрдік.

1. Егер сіз бір дүниені бастасаңыз, оны міндетті түрде аяғына дейін жеткізіңіз. Сізді "ешкім оқымайды", "көрмейді", "тыңдамайды" деген ой мазалағанына қарамастан, туындыңызды жарыққа шығаруға тырысыңыз.

2. Егер сіздің туындыңыз өзінің аудиториясын таба алмаса да, сіз басқа еш жерден ала алмайтын тәжірибеге ие боласыз.

3. Сонымен қатар, егер сіздің жұмысыңыз назардан тыс қалса да, ол оның нашар екендігінің дәлелі емес. Талап пен еңбек - кез-келген істі соңына дейін жеткізетін дүние. Туындыңызды аяқтасаңыз, өзіңіздің талапты әрі еңбекқор екендігіңізге көз жеткізе аласыз.

4. Сіз жұмысыңызды аяқтағаннан кейін, өзіңіздің тағы да жасай алатындығыңызға көзіңіз жетеді. Бұл керемет шабыт беретін сезім. Ең бастысы ештемені жарты жолда тастап кетпеңіз және сәтсіздіктерден қорықпаңыз.

5. Мүмкін сіздің екінші, бесінші, тіпті сегізінші кітабыңыз немесе әніңіз, туындыңыз топты жарып шығатын шығар. Бірақ сіз біріншісін жазып бітірмесеңіз оны біле алмайсыз. Бастысы - сағыңызды сындырып алмаңыз.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады