Мінсіз келін болудың 8 құпиясы


Сүйіктіңіздің анасына деген сезіміңіз қандай? Онымен ара-қатынасыңыз қалай? Жаңадан ғана тұрмысқа шыққандардың көбісі енемен қарым-қатынасы өте жақсы екенін айтып жатады. Қоғамдық пікір болса, «отқа май құйып», ене мен келіннің арасында ешқашан достық болмайды деп, бір-бірін жау көрсетіп қояды. Негізінде, кез-келген қалыңдық жақсы келін бола алады. Eнемен жақсы қарым-қатынаста болғысы келетін келіндерге немесе болашақ келіндерге арнап 8 негізгі пайдалы кеңес ұсынады.


келін, қалай


Қалай жақсы келін атануға болады

 

1.    Бөлек тұрыңыздар

Берік махаббат арақашықтықта пайда болады дегенмен келіспеу мүмкін емес. Туыстарыңызды қаншалықты жақсы көргеніңізбен, отбасыңыз үшін өз аумағыңызды құруыңыз қажет. Берік отбасылық қарым-қатынас үшін солай жасауыңызға тура келеді.

Сондықтан, енемен жақсы қарым-қатынаста болу үшін бөлек тұрған дұрыс. Бірақ, көп жағдайда бұл мүмкін болмайды. Дегенмен, бөлек тұрудың барлық артықшылығы мен кемшіліктерін саралап көріңіз. Және сіз үшін отбасындағы бейбітшілік немесе уақыт өте береке болмайтын үйге ақша жинау мүмкіндігі маңызды ма, бәрін жақсылап шешіп алыңыз. 

Дәрігер және аюрведиялық психолог Торсунов өзінің лекцияларында үйлену тойынан кейін әйел күйеуінің ата-анасын өзінің ата-анасынан көбірек жақсы көруі керек, ал күйеуі де әйелінің ата-анасын солай жақсы көріп кетуі тиіс екенін айтты. Бұл шынында үйлесімділік тудырады, өйткені мұндай айқасқан «өзгеріс»  отбасын берік қылады және ең қиын сәттерде де шаңырағыңыздың шырқын бұзуға жол бермейді.

Тұрмысқа шыққаннан кейін сіздің ата-анаңыз күйеуіңізді қорғайтын болады деп елестетіп көріңіз. Және оның ата-анасы да сізді жақтайды, деп елестетіңіз. Сонда сіздер бір-біріңізден ешқайда қашып кете алмайсыздар. Осындай қорғайтын адамдар болған жағдайда сіз отбасын бұзып, бір-біріңізден қашпай, барлық мәселені бірге шешетін боласыздар.

2.    Енеңізді құрметтеңіз

Әрине, енені жақсы көргеніңіз дұрыс. Егер жақсы көре алмасаңыз, оған құрметпен қараңыз. Неге дейсіз бе? Жоқ дегенде, кезінде баласынан ас тартпай, оны дүниеге әкеліп, бүгінде сені бақытты еткен адамды тәрбиелегені үшін. Енеге құрмет пен ризашылық білдіру, онымен жақсы қарым-қатынас орнатудың жолын  жасайды.

Есіңізде болсын, енеңіздің ең зиянды әрекеттерінің де екі себебі бар: оның ұлына деген махаббаты және мүмкін, сізге деген аңдаусыз қызғаныш. Сондықтан, енеңіз ашуланғанда кикілжіңді шиеленістірмей, дауласпай-ақ қойыңыз. Жанжал бейбітшілікке апаратын жол емес.

Егер, ол сіздің отбасыңыздың өміріне үнемі араласып, киім үтіктеу, ас әзірлеу, күйеуіңізбен сөйлесу мәнерін, балаларды қалай тәрбиелеу керектігін, жалпы қалай өмір сүру керектігін үйрететін болса, сіз енеңіздің айтқан ақылының бәрін орындауға міндетті емессіз. Сіз оның айтқанына келісе салсаңыз болады немесе үндемей қоя салыңыз. Бірақ өз отбасыңызда өзіңізге үйреншікті жағдайда әрекет ете беріңіз.

Егер енеңіздің «қамқорлығы» шектен тыс болса, дипломатиялық жолмен айтыңыз. «Мен, сіздің біздің отбасыға қамқорлық жасаудағы еңбегіңізді бағалаймын. Сонымен қатар, күйеуімді және сіздің ұлыңызды да бағалаймын. Және мен де кезінде сіз қалай жеттіңіз сол секілді өзім жақсы әйел мен анам болғым келеді. Осыны істеуге және сізден көмек сұрап баруға рұқсат берсеңіз, сізге деген алғысым шексіз болмақ. Өйткені, маған сіздің көмегіңіз міндетті түрде керек болады», деңіз.

Осылайша, енеңізге өзіңіздің дербестігіңізді түсіндіре аласыз. Алайда, енеңізді ұрыс-жанжал шығаруға итермелемеу үшін, мұндай шараларды шамадан тыс қолданбаңыз. 

3.    Қарапайым болыңыз

Енеңіздің үйіне баратын кезде тым жарқын киімдер мен көзге қатты көрінетін макияж жасамаңыз және әдейі еркін жүруге тырыспаңыз. Енеңіз сіздің күш-жігеріңізді бағалайды, өйткені өзіңізді қарапайым ұстау оны құрметтеудің көрінісі болып табылады.

Қалай жақсы келін атануға болады

4.    Енеңізге көңіл бөліңіз

Күйеуіңіздің анасын мерекелермен құттықтап тұрыңыз. Оның кәсіби мерекесі қашан болатынын біліп алып, құттықтап қойыңыз. Жай ғана қонаққа бару арқылы шағын сыйлықтар жасаңыз. Егер сіз бір жерге баратын болсаңыз, оған не керек екенін біліп, қызығушылық танытыңыз. Мысалы, жеміс-жидекті молынан сатып алғыңыз келсе, енеңізге де керек пе сұраңыз.

Кейде енеңізге жай жағдайын сұрап немесе үйіңізде не болып жатқанын әңгімелеп, хабарласып тұрыңыз. Әрине, белгілі бір шектеулерді сақтау керектігін ұмытпаңыз, өйткені жеке мәселе әрдайым жеке болып қалуы тиіс. Егер оның кеңесіне мұқтаж болмасаңыз, не жасағаныңыз жайлы, болған жағдай туралы айтып беріңіз. Мысалы, билеттер сатып алып қойсаңыз да, Түркияға демалуға баруды жоспарлап жүргеніңіз жайлы немесе күйеуіңізбен бірге таңдап қойсаңыз да, жиһазды ауыстырғыңыз келетінінің туралы айтсаңыз болады.

5.    Пайдасы бар адам етіңіз

Шексіз кеңестер беріп, өмірді үйрететін ене көбінесе бір ғана қажеттілікті жүзеге асырады. Ол  – ұлына пайдалы болу, яғни келінін үйрете беретін ене әлі де өз баласына пайдалы болуды қалайды. Сондықтан енеңіздің көмегін қабыл алу арқылы оған көмектесіңіз. Сонымен қатар, сіз күндердің бір күні оның көмегіне мұқтаж боласыз. Мысалы, балаларды, пәтерді қарай тұруын, көмек көрсететін таныстары бар-жоғын сұрап, өтінуіңіз мүмкін.

Сіз енеңізден көмек сұрай отырып, оған керемет сыйлық жасайсыз. Бірақ, оны аяғаннан жасайтындай болып сезінуіне жол бермеңіз. Енеңізге үнемі балалар әжесін сағынып, сұрайды десеңіз кез-келген ене немерелерін қуана қарсы алады. Ал, сол уақытқа сіз жеке шаруаңызды бітіріп алсаңыз немесе күйеуіңізбен романтикалық кеш өткізсеңіз болады.

Енеңізден рецептер сұрап, үй шаруашылығында қолданатын тәжірибелерін үйреніңіз. Оған әдейі істемеңіз, өйткені әр адамда сіз үйренетін нәрсе болады. Сондықтан, ақыл сұрап, нені қалай жасағанын біліп, өзіңізге керегін алыңыз.

Мүмкін, ол бұл үшін өзін өте мақтан тұтатын шығар. Сондықтан сіз оған өзін өте бақытты сезінуге мүмкіндік бере аласыз. Және мұндай адамда ақыл айтып, қазымырланып, өзін мойындатудың қажеті болмайды.

6.    Ол – басты адам

Қалай болған күнде де, енеңіз солай ойласын. Сондықтан, оның көз алдында күйеуіңізді құшақтап, сүйіп, назарын өзіңізге аудартып, ұлының сіздің аумағыңыз екенін көрсетуге тырыспаңыз. Енеңіз ұлымен кездескенде қалаған нәрсесін жасасын. Ол мұны бағалайды. Ал сізде күйеуіңіздің жанында болатын басқа уақытта жетіп, артады.

Оның шешімімен таласпаңыз және енеңіздің кеңесі дұрыс болмаса да, оған баласына қамқорлық көрсетуіне мүмкіндік беріңіз. Егер, ол дастархан басында гастритпен ауырып жүрген күйеуіңізге қуырылған картоп, үй шұжықтарын беріп отырса, «жоқ, жоқ, оған жеуге болмайды» деген сөздерді айтып, кедергі келтірмеңіз. Бұл сізді де , күйеуіңізді де және енеңізді де жақсы жағынан көрсетпейді.

Біріншіден, сіздің күйеуің не істеу керектігін өзі білуі тиіс. Екіншіден, егер енеңіз ұлының ауруы туралы білмейтін болса, онда сіз оның гастритін емдеп шаршағандарыңызды айтып, кез-келген уақытта ескерте аласыз. Өйткені, анасы баласының ауруы туралы білсе оған зиян нәрсе жасаймайды.

Сіз оның ұлын алып кеттіңіз, бірақ отбасында біреуге керек болу қажеттілігі әлі қалып қоя береді. Егер сіз оған арасында көмектесетін болсаңыз, өзіңіз үшін тыныш өмірді қамтамасыз ете аласыз  және тіпті енеңіздің сенімді досы және одақтасы боласыз. Өйткені, ол сізден қауіп сезінбейтін болады.

7.    Жақсы әйелі болыңыз
 

Аз да емес, көп те емес. Бұл кез-келген анаға ұнайды және ол риза болады. Ұлының қарны тоқ, ұқыпты жүргенін көрген ана бақытсыз болмайды және сізге ашулана алмайды. Егер тіпті, енеңіз сізге әділетсіздік көрсетуін жалғастыра беретін болса, сізді күйеуіңіз қорғайды.

Тіпті, күйеуіңіз қандай да бір жолмен сізді ренжітетін болса, сіздің жақсы әйел болуға деген шынайы күш-жігеріңізді көрген енеңіздің өзі сізді қорғайтын болады. Ал, мұндай артиллерияға бірде-бір ерке қарсы тұра алмайды.

Сондай-ақ, енеңізге отбасыңыздағы барлық нәрсе сіздің бақылауыңызда екенін көрсетпеңіз. Сонда ол ештеңеге алаңдамайтын болады. Өйткені, аналар еш уақытта ұлдарының етек асты еркек болғанын армандамайды. Оның үстіне, ол ұлының келіннің алдында құрдай жорғалап жүргенін көрсе, сізден қауіпті көре бастайды. Бұл дегеніміз ене мен келін арасындағы бітпейтін кикілжіңге алып келеді.

8.    Орынсыз жазғыруға көңіл аудармаңыз

Кейде себептен-себепсіз тиіскенді ұнататын енелер болады. Оның жалғыз себебі – ішкі жан дүниесінде психологиялық проблемалар болғаннан. Ал сіз мұндай жағдайда ештеңе  істей алмайсыз.

Сондықтан, осындай себептердің сіздің өміріңізді құртуына жол бермеңіз. Яғни, енеңіздің орынсыз сөздеріне мән бермеңіз.

Ешкімнен ештеңе күтпей-ақ, енеңізге де, күйеуіз бен өз отбасыңызға да қамқорлық жасаңыз. Ене деген – ана. Сондықтан ол ұлына жақсы әйел бұйырғанын көрмеуі мүмкін емес. Сонымен қатар, осындай зиянды адамдар шынайы жағдайды түсінеді және сізді іштей бағалайды, тек жеке себептермен білдіре алмайды. Бәлкім, сіз үйден кетіп қалғанда, ұлына сізді қайтаруды талап ететін бірінші адам енеңіз болуы мүмкін.

Жақсы жар да, жақсы де келін болуға болады. Жұбайларыңыз үшін - сіздің енеңеңізбен қалай әрекет ету туралы 8 нұсқа.

Енемен жақсы қарым-қатынас орнату – тек ақылды әйелдердің ғана қолынан келетін өте нәзік дипломатия. Егер, сіз оның барлық әрекеттерінің себептерін түсінсеңіз және оны кешірсеңіз, енеңізбен жақсы қатынас орната аласыз. Бірақ, мұны өзіңіздің мінез-құлқыңыз бен отбасыңызда жасаған істеріңізге қанағаттанған жағдайда жасау керек. 

Әрине, өте зиянды және жағымсыз енелер де болады. Бұл жағдайда оның әрекетінің сіздің отбасыңызға аз әсер етуі өз қолыңызда. Себебі, сіз оны өзіңізді құрметтетіп, сыйлата алмайсыз. Сіз тек жақсы әйел  және барлығына қарамастан жақсы келін бола аласыз. Ал уақыт бәрін өз орнына қояды.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу