Күйеуі мен туыстарын жек көретін келінге қалай тығырықтан шығуға болады?

Күйеуі мен туыстарын жек көретін келінге қалай тығырықтан шығуға болады? казакша Күйеуі мен туыстарын жек көретін келінге қалай тығырықтан шығуға болады? на казахском языке

Құралай Ханым: «Күйеуімді де және оның туыстарын да жек көремін. Балам үшін ғана шыдайтын сияқтымын. Қалай ара қатынасты жақсартуға болады?»- деп сұрапты шаршаған келін… Орыстар айтпақшы: «Любовь спасет МИР!» Жақсы көруді үйрену керек! Адамдардың жақсылығын көре білу қажет!
Бiз қазiр жақсы көрудi ұмытқан адамдармыз… Үйленiп алып, әйелімiздi жақсы көргiмiз келмейді, басыма шығып алып, би билеп кетеді деп… Күйеуге шығып алып, күйеуімiздi жақсы көрмеймiз, құтырып кетiп, менi құл қылады деп… Бала туып алып, баламызды жақсы көре алмаймыз, еркелеп, ырбиып кетер деп… Туыстарды да жақсы көре алмаймыз, күле қарасаң ақша сұрайды деп… Көршіге жылы қабақ танытуға тағы қорқамыз, бірдеңе сұрап келер деп… Бастық болсақ, қол астымыздағыларды жақсы көре алмаймыз, дiрiлдетiп, қорқытып жұмысты iстетейiк деп… Жұмысшы болсақ, бастықты жек көреміз, жұмсай береді деп… Ал қарап отырсаң, жұрттың бәріне кішкене ғана жылулық пен махаббат керек! Бiреу бiр жылы сөз айтып, жақсы көрiп, басымыздан сипап, бауырына басса, сол адамның жолында құрбан болып кете жаздаймыз. Неге бiз махаббатқа сараңбыз? Бұл дүниеден өтiп кеткен адамды ғана сағынып, жақсы көрiп, аңсап, мақтап отырамыз. Сонда бiр-бiрiмiздi жақсы көру үшін, өлу керекпiз ба?
Жақсы көрудi үйренейікшi. Қорықпайыкшы ештенеден. Шын жүрегінмен, ешқандай жасандылықсыз сүйе білсең, тастамайды ешқандай күйеу, алдамайды ешқандай жiгiт! Әйеліңдi шын сүйiп, алқаныңда аяласан, өз үйің өзіне жұмақ болады! Бақытты балалық шақпен, ата-анасынын махаббатын көрiп өскен бала ешқашан алкаш болмайды! Кiшiрейiп, құрақ ұшып тұрсаң, енең жау болмайды! Ақкөнiлiнмен адал болсаң, ешқандай дос сатпайды!




KZ » Қазақша Пайдалы кеңес жинағы » Қыздарға (бойжеткен) пайдалы кеңес жинағы, келінге кеңес, жас келінге кеңес, жас келінге ақыл кеңес, жас келинге кенестер, жас келинге акыл кенестер, құралай ханым, жақсы, ешқандай, шығып, көрудi, көрiп, керек, алмаймыз, Жақсы, болады, келмейді, ұмытқан, адамдармыз…, Үйленiп, әйелімiздi, Ханым, Құралай, басыма, билеп, Күйеуге, күйеуімiздi, келінге кеңес, жас келінге кеңес, жас келінге ақыл кеңес, жас келинге кенестер, жас келинге акыл кенестер, құралай ханым, жақсы, ешқандай, шығып, көрудi, көрiп, керек, алмаймыз, Жақсы, болады, келмейді, ұмытқан, адамдармыз…, Үйленiп, әйелімiздi, Ханым, Құ, Күйеуі мен туыстарын жек көретін келінге қалай тығырықтан шығуға болады?, Күйеуі мен туыстарын жек көретін келінге қалай тығырықтан шығуға болады? пайдалы кеңестер пайдалы кеңестер журналы пайдалы кеңестер қыздарға полезные советы на казахском языке Тұрмысқа пайдалы кеңестер кеңестер жігіттерге ерлерге