Келінге кеңес: енемен жақсы қарым-қатынас құрудың құпиясы


Зодиак бойынша астрологтардың айтуы бойынша жазылған келінге кеңестер жинағы


Әркім өз белгісіне қарап осынау кеңесті ұстанса қателеспейтінін айтады мамандар...


Тоқты

Тоқты енелер қай ортада да абыройлы, өктем. Ол бәрін өз бақылауында ұстайды. Ұл-қыз, келін-күйеубала және немерелерін өз ережесіне бағынып, орнатқан тәртібімен жүргенін қалайды. Маңызды шешімдерді өзі ғана қабылдауға тиіс.

Әженің бұл мінезімен санаспауға болмас. Барынша құрмет танытып, кез келген жағдайда ақыл сұрау арқылы ғана жағасың. Сонда сіздің тарапыңызға жылу мен мейірімін аямайды. Осыны өзіңіз де меңгеріңіз, ұл-қызыңызға да үйреткеніңіз абзал.


Торпақ

Торпақ енелер байыпты, ақылды. Келген келіннің де, жас баланың да тілін табуға бірінші болып ұмтылады. Немерелерінің өмірінде маңызды орны бар адам болғысы келеді, сол үшін көп еңбектенеді.

Оның өмірлік тәжірибесін жоққа шығармайтын боларсыз? Ендеше, жиі кеңес пен көмек сұрап, ақылына құлақ асып жүріңіз. Сонда көп нәрсе үнемдейсіз: жүйке, уақыт, күш, ақша... Осының есесіне енеңізге сыйлық жасап тұруды және балаларға да үйретуді ұмытпаңыз.


Егіздер

Егіздер әжеге немерелерін тықпалап әуре болмаңыз. Асүйде де басшылық жасайды не көмектеседі деп сенбеңіз. Оны аналық, әжелік міндеттерін атқарады деп күтпеген жөн. Жай ғана жеке тұлға деп таныңыз, сыйлаңыз, сол жеткілікті.

Себебі, ол өзін дәл солай сезінеді. Онда «немере бағып шаршаудың өзі бір бақыт» деген көзқарас жоқ. Өзін әлі жас сезінеді әрі өмірдің қызығын көргісі келеді. Енеңізбен әңгіме-дүкен құрғыңыз келсе, әдетте құрбыларыңызбен талқылайтын тақырыпты ортаға тастаңыз. Жас көрінетінін, көңілі жас екенін айтып, желпіндіріп қойыңыз. Осылай жақсаңыз ғана балаларға қарау мен үй шаруашылығында жәрдемі тиюі мүмкін.


Шаян

Ол – отбасының ұйытқысы. Шаян енемен жақсы қарым-қатынас орнатсаңыз, үй тіршілігінде де, бала тәрбиесінде де көп көмегі тиеді. Тек есте ұстаңыз, ол шынайылықты жақсы көреді. Жалған сөз бен жасанды қылықты бірден танып қояды. Сондықтан, жағынам деп артық жасандылыққа бармаған жөн. Әулет тарихына қатысы сұрақ қойсаңыз, ыстық естеліктерін ерекше ықыласпен баяндап береді. Аптасына бір рет болса да үлкендер мен бала-шағаның басын қосып, бірге тамақтаныңыздар. Ас үстінде балалар әжесінен ата-бабалары жайлы құнды тарих тыңдайды.

Арыстан

Арыстан енелер өз ұл-қызын, немерелерін қатты жақсы көреді. Бірақ, олардың екінші жартыларын өкінішке қарай жарата қоюы қиын. Себеп – қызғаныш. Көңілінен шығу үшін көп күш жұмсауға тура келеді.

Енеңіздің қатал сынынан құтылып, көңіліне жаққыңыз келсе, мақтау сөз бен сыйлыққа мәрт болыңыз. Беделіне нұқсан келтіруден не бұйрығына бағынбаудан аулақ болыңыз. Өзіңіздің одан қандай да бір артықшылығыңыз бар екенін көрстепеңіз. Сізді жақтырмай тұрғанын байқасаңыз, үндемей ол жерден кете қойыңыз. Немерелерімен отырғанда да еш кедергі жасамаңыз. Сонда ғана енеңізбен арада елдестік орнайды.


Бикеш

Бикеш енелердің жақсы жағы – балаларға қарасады, үй шаруасында көмектеседі, қажет болса, қаражатпен де қарайласады. Бірақ, екінші жаман жағы да бар – көп нәрсе талап етеді. Балалардың күтімі мен тәрибиесі, үй тіршілігі, ақшаны жұмсау реттілігі – бәрінің мінсіз болғанын қалайды. Сондықтан, сөгіс естуге, кінәлі болуға, таңнан кешке дейін ақыл-кеңес тыңдауға, бұйрықты бұлжытпай орындауға дайын болыңыз.


Таразы

Таразы енелер өзін жайдары мінезді, мінсіз адам ретінде көрсетуге тырысады. Алайда, шынайы табиғаты ондай емес. Сондықтан, тіл табысу оңайға түсе салмайды.

Ол өзін әлемдегі ең мықты аспаз санайды. Ас дайындауда әдіс-тәсілдеріне қарсы шығудан абай болыңыз. Қабылдағыңыз келмесе, шекараны алдын ала айқындап алып, бір-біріңіздікіне баса-көктеп кірмеуін ашық түрде өтініп, келісіп алыңыз.


Сарышаян

Өз ұрпағы үшін бәріне дайын, олардың кез келген таңдауын құрметтейді, қабылдайды. Сондықтан, ұл-қызының екінші жартыларын жақсы көрмесе де, отбасы жарастығы үшін тырысады.

Әйтсе де, өктемшіл мінезі бар, әдеп шегінен жиі аттап кетеді. Даулы тақырып туа қалса, өз айтқанынан қайтпайды, көзқарасын өзгертпейді. Осы қалпымен қабылдауға тиіссіз.

Мерген

Мерген енелер мың құбылып тұратындықтан, қай кезде қандай әрекет жасайтынын болжау қиын. Бүгін немере бағуға белсеніп, тәрбиесіне үлес қосқысы келеді. Ал ертең олардан шаршап, жалығып, жарты жолдан тастап кете салуы бек мүмкін. Сондықтан оған алыстан сыйласқан дұрыстығын, бала тәрбиесіне де, отбасылық мәселелеріңізге де араласпауға тиістігін басынан ұқтырып көріңіз.


Тауешкі

Тауешкі енелер немерелері пайда болғанда олармен бірге балалық шағына қайта оралғандай болады. Олармен ойнайды, өскенде кафе-кинотеатрға бірге барып, бірге қыдырады. Немерелері дегенде басқа шаруаның бәрін жиып қояды. Ұл-қызының жеке, отбасылық өміріне араласпайды, артық ақыл-кеңеспен қажытпайды.


Суқұйғыш

Суқұйғыш енелер бастапқы уақытта ғана белсенді. Немерелері дүниеге келгенде де солай. Алғашқы уақытта өзінен басқаның бәрі қарай алмайтындай, бала күтімі мен тәрбиесін толықтай өз қолына алуға тырысады. Бұл сізді шаршатуы мүмкін, бірақ шыдаңыз. Өйткені, ол – уақытша қамқорлық. Көп ұзамай өзінің де жеке өмірі, шаруалары бар екені есіне түсіп, өз жөнімен кетеді. Енді сіз бала қарасуға көмегі керек болғанда жалынғандай болып сұрап аласыз.


Балықтар

Олар бөлек тұрса, өте әдепті, жеке шекараны сақтай, сыйлай білетін әжелер. Шақыртусыз келмейді, балаларының шаруасына өздігімен араласпайды. Тек шақырғанда келеді, көмек сұраса ғана береді.

Ал, бірге тұрған жағдайда бәрі басқаша. Қарым-қатынасты бұзғыңыз келмесе, балалары мен немерелері үшін жасаған әрбір ісін, қамқорлығын үнсіз қабылдауды үйреніңіз. Өзіңіз де жиі кеңес сұрап, ақылына құлақ асуды, сый ұсынуды ұмытпаңыз. Әжесі мен немерелерінің арасына түспеңіз.

Аударған: А.Мейірхан


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады
Пікір жазу