Ерлер назар аударатын 13 нәрсе

Ерлер назар аударатын 13 нәрсе казакша Ерлер назар аударатын 13 нәрсе на казахском языке

Әдетте еркектерді көп нәрсеге мән бермейді деген пікір қалыптасқан. Бірақ бүгінгі ақпаратымыздан кейін бұл пікір жоққа шығуы әбден мүмкін. Өйткені олар кездескен арулардың тек кеудесіне ғана назар аудармайды. Мынадай ұсақ түйектерді де жіті бақылайды екен.

 

Көз

Ең алғашқы кездесуде бірінші көзге назар аударады. Көздің пішіні, түсі, қиығы бәрі. Мұның барлығы өзін баураған соң жігітте «бұл көздердің артында қандай құпия жатыр?» деген қызығушылық та оянады.

Тіс

Әйел күлкісі тартымдылықтың ең басты элементі. Ерлер нәзікжандылардың өмірде де, тіпті, суретте де күлімдеп жүргендерін қалайды. Танысқан кезде де бірінші күлкіңізге, тісіңізге назар аударады. Сондықтан тісіңіздің аппақ, маржандай болуын қадағалаңыз.

Шаш

Ерлер, шын мәнінде, әдемі, ұзын, жылтырған мықты шашты ұнатады. Түсі аса маңызды емес, дегенмен шаш үлгіңіз өзіңізге жарасып тұруы қажет.

Тері

Сән журналдарындағы бикештердей теріңіз жылтырап тұру міндет емес. Себебі ерлер де тым нәзік, жылтыр теріге мән бермейді. Бірақ есіңізде болсын, өзіне күтім жасайтын арулар мен керісінше күтінбейтін жандарды бірден айыра алады. Бетіңізге, қолыңызға нәрлендіретін, ылғалдандыратын, тазалайтын жақпа майлар, қоспалар қолданып тұруды ұмытпаңыз.

Киім

Жанында жақсы, үйлесімді, сәнді киінген қыздың жүргені қай еркекке де жағымды. Тым сәнді де, тым қарапайым да киінбеңіз. Оларға бастысы әйелге тән нәзіктік байқалып тұрса болғаны.

Тік кеуде

Бұл жерде сөз тек арқаны тік ұстау туралы ғана емес. Кеудесін көтеріп, нық жүретіндер өз-өздеріне сенімді, мақсатына жете білетін батыл болып көрінеді. Жігіттер ондай қыздарды жоғары бағалайды.

Ерін

Мэрилин Монро, Анджелина Джоли, Меган Фокстың тартымдылығының басым бөлігі еріндеріне байланысты екенін байқаған боларсыз. Бірақ олардыкіндей көлемді болмаса да, өз сүйіктіңіздің көңілінен шығуға болады. Ол далабқа да байланысты. Бетіңізді қатты боямасаңыз да ерніңізді жиі бояп жүріңіз.

Би

«Ешкім қарап тұрған жоқ деген оймен ұялмай билеу керек»деген пікірмен келісіңіз. Бірақ, әрине, ерсі қозғалыстарға жол бермеңіз.

Жүріс

Жүрген кезде сымбатыңыз тартымды, қадамдарыңыз нық, сенімді болуын ескеріңіз. Сыртыңыздан қараған жан сүйсінетіндей болсын.

Саусақтарыңыз

Әңгіме барысында алақаныңыз, саусағыңыз да жаныңыздағы адамның назарын аудартады. Сондықтан қолыңызды күтіп, маникюрді уақытылы жасатып жүріңіз. Сонда өзіңіз де ыңғайсыз жағдайға қалмайсыз.

Дауыс

Еркектер әйелдің нәзік даусын, әсіресе күлгендегі даусын ұнатады. Табиғи дауысты өзгерте алмасымыз анық, бірақ барынша жай, нәзік сөйлеуге тырысыңыз.

Бөксе

Ерлер жайдан-жай әйелдің дене пішініне назар аудармайды. Олардың болашақта өзіне дені сау бала тауып беретінін де ойлай жүреді.

Қас

Қазіргі таңда қасты әрлеудің түрлі тәсілі бар. Бірақ табиғиға ештеңе жетпесі анық. Жігіттерге де сол ұнайды. Жалпы қас адамның бет-әлпетінде маңызды орын алатын элемент. Егер ол реттелмеген, дұрыс боялмаған болса, көркіңізге де айтарлықтай нұқсан келтіреді.





KZ » Қазақша Пайдалы кеңес жинағы » Қыздарға (бойжеткен) пайдалы кеңес жинағы, ерлер, пайдалы кеңестер, пайдалы кеңестер қыздарға, қыздарға керек кеңестер, қызға керек кеңестер, қазақша пайдалы кеңестер, қызықты пайдалы кеңестер, Бірақ, назар, пікір, деген, Ерлер, нәзік, бермейді, аудармайды, ұнатады, болуын, кезде, аударады, маңызды, Сондықтан, өзіне, Әдетте, сенімді, байланысты, жүріңіз, сәнді, пайдалы кеңестер, пайдалы кеңестер қыздарға, қыздарға керек кеңестер, қызға керек кеңестер, қазақша пайдалы кеңестер, қызықты пайдалы кеңестер, Бірақ, назар, пікір, деген, Ерлер, нәзік, бермейді, аудармайды, ұнатады, болуын, кезде, аударады, маңызды, Сонд, Ерлер назар аударатын 13 нәрсе, Ерлер назар аударатын 13 нәрсе пайдалы кеңестер пайдалы кеңестер журналы пайдалы кеңестер қыздарға полезные советы на казахском языке Тұрмысқа пайдалы кеңестер кеңестер жігіттерге ерлерге