Қыз - келіншектер көрікті көрінуі үшін не істеу керек? » ZHARAR © 2017 | әдемі болудың жолдары, әдемі болудың құпиялары, сулу болу ушин не истеу керек, әдемі болу үшін не істеу керек, көрікті болу, Қыз - келіншектер көрікті көрінуі үшін не істеу керек




  • »

Қыз - келіншектер көрікті көрінуі үшін не істеу керек?

Қыз - келіншектер көрікті көрінуі үшін не істеу керек? казакша Қыз - келіншектер көрікті көрінуі үшін не істеу керек? на казахском языке

Соңғы кезде сән әлемінде табиғи сұлулық және әйелге тән нәзіктік жоғары бағалануда.
Мұндағы бірнеше қарапайым ережелерді қолдана отырып, сіз әдемі көрінудің құпиясын ашасыз.

Опа - далапсыз да көрікті көрінуге болады.
Терінің саулығы

Адам денесінің ең көп бөлігі теріге тиесілі болғандықтан, адам терісі барынша күтімді қажет етеді. Терінің сау болуы дұрыс күтім жасау мен өмір сүру қағидаңызға байланысты:
▪ гигиеналық құралдарыңыздың сапалы, табиғи өнімдерден болғанын қадағалаңыз.
▪ теріні үнемі ылғалдандырып (увлажнять) тұрыңыз.
▪ массаж жасаңыз.
▪ бет терісін бөлме температурасындағы жылы сумен жуыңыз.
▪ теріні үнемі ылғалдандыратын маскалар жасаңыз (аптасына 2 - 3 рет)
▪ керекті мөлшерде су ішіңіз.
▪ А және Е витаминін қабылдаңыз
▪ сәндік косметикаларды күнделікті қолданбаңыз.
▪ зиянды әдеттерден аулақ болыңыз
▪ ұйқының маңызы өте зор, ұйқы тыныш әрі қанық болуы керек, түнгі 23-00 де жатып демалу керек.
▪ ерініңіздің құрғап жарылуына жол бермеңіз.
▪ Диета ұстаймын деп өзіңізді жүдетіп жібермеңіз, дұрыс түрін таңдаңыз, салмақ қоспайтын пайдалы өнімдерді тұтыныңыз.

Көздің оттай жанып тұруы үшін:
Көз адамның жүрек айнасы деп атағандай ең бірінші адамның көзіне көзіміз түседі.
Адамды көзбен тарта білу қасиетіне ие болу соншалықты қиын емес:
▪ күнделікті таңертең көзіңізге жаттығу жасаңыз, қасыңыздағы заттарға басыңызды бұрмай қарап шығыңыз, 1 - 2 минуттай жасаңыз.
▪ кешкісін көздің бұлшық еттерін босаңсыту үшін раушан суына батырылған мақта дисклерін қабақ үстіне 5 минуттай қоюға болады.
▪ теледидар мен компьютердің алдында ұзақ отырмауға тырысыңыз. Егер сіздің жұмысыңыз олармен байланысты болған жағдайда, әр жарты сағат сайын көзді монитордан басқа жаққа аударыңыз немесе көзіңізді 1 минутқа жуық жұмып отырыңыз. Сонымен қоса көзді қорғайтын көзілдірік кию керек және көз тамшыларын пайдалану керек.
▪ көздің айналасын жағатын кремді кешкісін және таңертең жағыңыз.
▪ тағы да айтарымыз ұйқының маңызы өте зор. Уақытылы жатып уақытында тұруды әдетке айналдырыңыз, бұл өте маңызды.
Сіздің бет әлпетіңіздің көрікті көрінуі қалай демалғаныңызға тікелей байланысты.

Үйде жүріп те әдемі көрінуге болады.
Үйде жүрген кезде кез келген қыз - келіншек демалғысы келеді. Алайда, үйде ешкім көрмейді деп өзіңізге мүлдем қарамай қоюға болмайды!
▪ қандай жағдайда да шашыңызды таза ұстаңыз және тараңыз.
▪ теріге арналған кремдерді демалыс күндері де жағуды ұмытпаңыз.
▪ үйде жүргенде киетін киіміңіз таза, ыңғайлы болуымен қатар жинақы әрі нәзік етіп көрсететіндей болсын.
Сіз жалғыз отырсыз ба немесе көпшіліктің алдында жүрсіз бе, бұлардың барлығын біреу үшін емес, өзіңіз үшін жасаңыз.
Сіздің келбетіңіз – сіздің өзіңізді қаншалықты құрметтейтініңізді және денсаулығыңызды қаншалықты күте білуіңіздің көрінісі.


Санат: KZ портал » Қазақша Пайдалы кеңес жинағы » Қазақша Қыздарға пайдалы кеңес жинағы | | 1 906
Рейтинг:
(голосов: 0)

KZ портал » Қазақша Пайдалы кеңес жинағы » Қазақша Қыздарға пайдалы кеңес жинағы, Сұлулық, табиғи сұлулық, бет терісін күту, көзге жаттығу, бет күтімі туралы пайдалы кеңестер, бет күтімі үй жағдайында, қыз-келіншектерге арналған кеңестер, қыз келіншектерге кеңес, қыз келіншектерге арналған сайттар, кыз келиншектерге арналган кенестер, әдемі болудың жолдары, әдемі болудың құпиялары, сулу болу ушин не истеу керек, әдемі болу үшін не істеу керек, көрікті болу, Қыз - келіншектер көрікті көрінуі үшін не істеу керек, beautiful, әдемі болудың жолдары, әдемі болудың құпиялары, сулу болу ушин не истеу керек, әдемі болу үшін не істеу керек, көрікті болу, Қыз - келіншектер көрікті көрінуі үшін не істеу керек, Қыз - келіншектер көрікті көрінуі үшін не істеу керек? пайдалы кеңестер пайдалы кеңестер журналы пайдалы кеңестер қыздарға полезные советы на казахском языке Тұрмысқа пайдалы кеңестер кеңестер жігіттерге ерлерге

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:

. .