Теріні жасартатын 5 қағида

Теріні жасартатын 5 қағида

Бет терісінің түсін жақсарту, ұсақ әжімдерді тегістеу және теріні балғын ете түсу үшін тамақтану мәзіріңізді ретке келтіру керек. Теріні жасартатын 5 қағида ұсынамыз. Жақсы нәтижеге жету үшін бұл қағидаларды қатаң сақтау қажет.

1. Қантқа жоқ деңіз.

Ағзадағы қант — әжімдердің негізгі көмекшісі. Қанттан бас тартсаңыз, нәтижені бірден байқамайсыз. Себебі, бұзылған талшықтар теріден шығып, олардың орнына жаңасы шығуы керек. Сондықтан шыдамды болып, күте білсеңіз, жақсы нәтижеге қол жеткізесіз. Қанттан бас тартқан әйелдердің жақсарып, терісі жасарғанын дәлелдеген зерттеулер көптеп кездеседі.

2. Майдан толықтай бас тартпаңыз.

Майлы қышқылдар терінің беткі қабатына жиналып, жасуша мембранасының қабырғасын бекітеді. Соның себебінен, теріні еркін радикалдардан қорғайтын қабат түзіледі, ылғалдылық ұсталады және терінің иілгіштігі жоғарылайды. Сондықтан майлы балық, жаңғақтар, авокадо және өсімдік майлары тамақтану мәзіріңізден орын алуы керек.

3. С дәрумені мөлшерін көбейтіңіз.

Тері жастығын ұстап тұруда С дәруменінен артық ештеңе жоқ. Егер қалада тұрсаңыз, сізге С дәрумені жетіспеуі әбден мүмкін. Сондықтан, тамақтану мәзіріңізде цитрусты тағамдар мөлшерін арттырыңыз немесе С дәруменін таблетка түрінде ішіңіз.

4. Мырыш

Мырыш терінің жылдам жаңаруына жауап береді. Мырыштың көмегімен тері тегістеледі, сау түске енеді және қызарулар мен безеулер кетеді. Мырыш күнжіт, асқабақ шекілдеуігінде, жержаңғақ (арахис) және күнбағыс дәнінде көптеп кездеседі.

5. Ақуыздар

Егер ағзаңызда ақуыз аз болса, тері тез қартаяды. Жаңа коллаген талшықтары ақуыздан жасалады. Сондықтан ет және балық тағамдарын күніне бір рет болса да жеп тұруыңыз қажет.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?