Жас келінге арналған 15 кеңес


келін, келінге кеңес, кеңес

Жас келінге кеңестер жинағы

Келін бо­лу – тек өз ұрпағының ғана емес, тұтас ұлт ұрпағының жауапкершілігін мойынға жүктеу. Бүгінгі келін – ертеңгі ана, болашақ ұрпақтың тәрбиешісі. Әрбір бойжеткен тұрмыс құрып, келін атанып, ана болғысы келеді. Жас келін жаңа отбасына сіңісіп, жақсы келін атану жолында қаншама қиыншылықтар мен кедергілерге кездеседі. Осы тұрғыда қыздарымызға септігі тиер деген оймен бірнеше есте ұстарлық кеңесімізді ұсынамыз.

Сыйлы болыңыз, сыйлай біліңіз!

Сыйлы бола біліңіз. Ең бастысы – «сыйластық» деп аталатын қарым-қатынас әлемі құны түкке тұрмайтын пендешіліктің құрбаны боп кетпеуін қадағалаңыз. Өйткені, отбасын да, адамзатты да, әлемді де тек сыйластық пен бейбітшілік қана құтқара алады.

Қадірлі болыңыз!

Әрбір келін отбасына, ата-анаға, Отанға, халыққа өзінен үлкенге деген сый-құрметпен, еңбегімен, қоғамға қосқан үлесімен қадірлі екенін жақсы түсінуі керек. Алдымен әйел үй ішіне, ауыл-аймаққа, елге өз қадір-қасиетін көрсете білгені жөн.

 

Жиі дұға етіңіз!

Құлшылық пен дұға – тек отбасында ғана емес, барлық ісіңізде береке мен сәттілікке алып баратын бірден бір жол. Иманы берік адамға шайтан жолай алмайды. Ал шайтанның ең сүйікті ісі – ерлі-зайыптыларды ұрыстыру екені белгілі.

Күйеуіңізді құрметтеңіз!

Алланың разылығын күйеуіңіздің разылығынан табасыз. Ер адамға қарсы шығып, оны төмендетіп, еркектік намысына тиіп отбасылық бақытқа ешқашан жете алмайсыз. Кез келген мәселеде жар ғана емес, арқа сүйер сырлас досы, ақылшысы әрі жанашыры болыңыз. Екеуіңіздің араларыңыздағы сырды ешкімге, тіпті «ең жақын» құрбыңызға да айтпаңыз. Жарыңыздың жаманын жасырып, жақсысын асырып отырыңыз.

Жарыңыздың тілін табыңыз!

Әйел-ақ босағаның аруы, үлкен шаңырақтың береке құты. Оның мейірбан жүзі, парасат-ақылы, сырбаз мінезі қандай жанды болмасын баурамай қоя алмайды. Жарының тілін таппаған, қадірін білмеген әйелдің бақытты болуы мүмкін емес. Әйел қауымы мұны әрқашан есте сақтағаны дұрыс. Күйеуіңіздің сырын ешкімге айтпаңыз. Оның алдында әрдайым таза болып, үй ішін де тазалықта ұстаңыз.

 

Шүкіршілік етіңіз!

Ерінің тапқан табысына үнемі көңілі толмай, «жоқты» айта беретін әйелді еркек ұнатпайды. Сондықтан Алланың берген ризық-несібесіне шүкіршілк етіп, қолдағы барды қанағат тұтыңыз. Үнемі көңілі толмай жүрген әйелді кім жақсы көрсін? Рахметіңіз бен ризашылығыңызды білдіріп тұрыңыз.

Сіздің қолыңыздан бәрі келеді!

«Мынаны істей алмаймын» деген сөзді айтпаңыз. Бұл тірлікті істеп көрмегем, қолымнан келмейді деу дұрыс емес. Не болса да бар күшіңізді салып, талпыныңыз. Адамның қолынан келмейтін іс жоқ.

Үй шаруасына ұқыпты болыңыз!

Енді сол үйдің бар тірлігі сіздің мойныңызда. Сырт көз – сыншы. Сөз алдымен сізге келеді. Сондықтан үйіңіз әрдайым таза, тамағыңыз дәмді, кіріңіз жуулы, ыдыс-аяғыңыз жалтырап тұратын болсын. Таза үй, дәмді ас пен тап-тұйнақтай балалар үйдің берекесін кіргізеді.

Енеңізге қарсы сөйлемеңіз!

Енеңіз – анаңыз. Не болса да сол кісімен ақылдасып, көмек сұрасаңыз сізге «жоқ» демейді. Кейбір қыздар енені жау көреді. Ол дұрыс емес. Кез-келген ата-ана баласының бақытты болғанын қалайды емес пе? Енеңіз сізге үнемі көңілі толмаса да, мінезі қиындау адам болса да оған жақсылық жасай беріңіз, қарсы сөйлемеңіз. «Атаңа не істесең алдыңа сол келеді» дегенді естен шығармаңыз.

Бәрін бірдей қабылдаңыз!

Келін болып түскен сәттен бастап сіз сол отбасының адамысыз. Сондықтан не істесеңіз де ынты-шынтыңызбен жасап, сол үйге жанашырлық танытыңыз. Күйеуіңіздің ата-анасы, бауырлары енді сіздің де жақындарыңыз. Сондықтан оларға барынша мейірімділік танытып, жақсы көріңіз. Мінсіз адам болмайды. Жарыңызды, ата-енеңізді түзетем деп әуре болмаңыз. Оларды сол күйі қабылдаңыз.

 

Бос уақытыңызды жарыңызға жұмсаңыз!

 

Жарыңызға қалтқысыз беріліп, оның ойынан шығып, бос уақытыңды жарыңа жұмсаңыз. Осы арқылы оның еңбекке құштарлығын арттырып, отбасына қамқорлығын күшейтіңіз, халық алдында абыройлы, ардақты азамат атануына себепші болыңыз.

 

Күлімсіреп жүріңіз!

 

Жайдарлы болыңыз. Күлімсіреу – тас боп қатқан жүректерді жібітіп, мейірімділік орнатады. Әрқашан күлімдеп жүруге тырысыңыз. Әсіресе жарыңыз жұмыстан шаршап келгенде жылы жүзбен қарсы алыңыз.

Кешірімді болыңыз!

Болмашы нәрсеге ренжіп, оны айлап, жылдап ішіңізде «жинап» жүрмеңіз. Болған нәрсені тез ұмытып, оңай кешіре біліңіз. Сіз қашалықты кешірімді, мейірімді, арайлы болсаңыз, өмір де сізге жылы шырай танытады. 

Тату болыңыз!

Кейбір отбасылардағы ұрыс-керіс дәл осы «менің анам, сенің анаң» дегеннен туындайды. Сондықтан ата-енеңізді, аға, әпкелеріңізді барынша сыйлап, олармен жақсы қарым-қатынаста болыңыз.

Ақылды бола біліңіз!

 

Ақылды адам қосағын халық алдында «азаматым», «отағасы», «біздің үйдің кісісі» деп атауы керек. «Сіз» деп сыйлағанның өзі арадағы қатынасты жақсартады. Отбасының берекесі мен тыныштығын, бақытын ойласаңыз, еріңізден бір саты төмен болғанның еш әбестігі жоқ.

 

 

Осы жоғарыда айтылғандарды санасына түйіп, осы бағытпен жүрген халқымыздың әрбір қаракөз қыздары болашақ келін болғанда жарының аяулы, енесінің сүйікті, мәртебесі биік келін болары сөзсіз.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу