Сүйіктіңіздің көзіңізге шөп салмайтынын қалай аңғаруға болады?

Сүйіктіңіздің көзіңізге шөп салмайтынын қалай аңғаруға болады?

Ғашықтардың арасында өз жұптарына жүз пайыз сенім артатындар аз. Керісінше, олардың көбісі үнемі күдіктеніп, күмәнданып жүреді. Алайда, серігіңізді кінәлайтын нақты себептер болмаса, соған қарамастан ойыңыз сан-саққа жүгірсе, ол мәселені міндетті түрде шешу керек. Ол үшін ex-news.com сайты ұсынған кеңестерге құлақ түргеніңіз абзал деп жазады NUR.KZ.

1. Адалдық

Серігіңіздің сізге адал болса, сізден ештеңе жасырмаса және күдіктенуге себеп бермесе, ол көзіңізге шөп салмайтынына сенімді болыңыз.

2. Ол бұрынғы ара-қатынасын еске алмайды

Егер сүйіктіңіз бұрынғы ара-қатынасын, яғни, бұрынғы ғашығын жібере алмаса, оған көңіл бөлудің қажеті де жоқ. Себебі, сізді сүйетін адам өткеніне бұрылмайды, ол тек бақытты болашақ үшін күреседі. Ал егер серігіңізден бұл әрекетті байқамасаңыз, ол сізге лайықты емес. Ол тек қана ішіндегі жалғыздықты жамау үшін көңіл қосып жүр.

3. Жомарттық

Сіздің жақын адамыңыз сізге қажетті заттардың барлығын береді. Сіз өз тілегіңіз бен не қалайтыныңызды айтпасаңыз да, ол бәрін бірден ұғынып, көңіл-күйіңізді жақсарту үшін бәріне дайын болады.

4. Ол сіздің тұлғалық қасиетіңізді сыйлайды

Егер серігіңіз сізді сыйламайтын болса, ара-қатынасыңызды тоқтатуға дайын болыңыз. Сіз келешекті бірге елестеткен адам сіздің таным көкжиегіңізді, шешіміңізді сыйлауы қажет.

5. Берген уәделерін орындау

Сіздің ғашығыңыз өз сөзінде тұрып, үнемі уәдесін орындайды. Бұл шынайы қамқорлықтың белгісі. Адам жақсы көріп, сенген кезде ол өзінің шын бейнесін көрсетеді.

6. Ол сізден ештеңе жасырмайды

Сүйіктіңіз сізден кішкентай ғана нәрсені жасыруының өзі үлкен күдік тудыруы мүмкін. Ол сізбен уақыт өткізбесе, сол уақытын кімге жұмсайтынын анықтау керек. Сізге шын ғашық адам әр бос минутын сізбен өткізгісі келеді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!