Жігітпен танысу амалдары

Жігітпен танысу амалдары казакша Жігітпен танысу амалдары на казахском языке
"Ер жігітпен танысу - тәрбиелі қыздардың ісі емес". Көпшіліктің ойынша, жігіттің өзі алғаш қадам жасау керек. Алайда ұнатқан жігіт "тежегішін" қосса, ал сіз оны қатты ұнатып, мүмкіндікті жібергіңіз келмесе ше? Көңілін аудару үшін оның алдында ойнап-секіру керек пе? Оны еркін, көңілді әңгімеге қалай көндірсе болады? Кеңестерді оқи отырыңыз.

Ол туралы қызықты фактті болжап айт

Жігітке мұқият бірнеше минут қарап-ақ оның қызығушылықтары, тұрмысы, ұнататын музыкасы және т.б. жайлы кейбір қорытындылар жасауға болады. Тәуекелге барып болжамдарыңызды айтып көріңіз. Тура тапсаңыз, әңгімелеріңіз жарасып кетеді. Олай болмаған жағдайда да, сөз бастамасы болары анық. Осы қызығушылығы жайлы біраз әңгіме айтып, кейін қалай тілдесіп кеткендеріңізді байқамай да қаласыз. Мысалы оның құлақшынындағы ойнап тұрған музыканы танысаңыз, "Бұл бәленше тобы емес пе? Олар менің сүйікті орындаушыларым!" деуде тұрған еш ағаттық жоқ.

Оны танығандай болыңыз

Психологтарда "3 секунд ережесі" деген қағида бар. Ол бойынша, сіз жігітті көріп, ұнатқан бойда, оған жақындап әңгіме бастауыңыз керек. Осы жағдайда бір-біріңіздің көңіліңізден шығу мүмкіндіктеріңіз әлдеқайда жоғары. Ал бір уақыттан кейін, "Қалай жақындаймын?", "Не деймін?" деген сұрақтарды өзіңізге қоя бастағанда, бұл әсер кетеді екен. "Қалай жақындаймын?" сұрағына жауап мынау: оны танып қалғандай болыңыз. "Мен сізді бәленше жерде көрдім емес пе?" не "Марат? Қалайсың?" сынды сұрақ осы жағдайға әбден келеді.

Сыйлық тарту етіңіз

Қалтаңызда не сөмкеңізде жатып қалған кез келген зат сыйлық бола алады. Кәмпит, қалам, ескі аудио табақша сынды ұсақ-түйек бір затты алып, "Мынаны сізге сыйлағым келіп тұр" десеңіз, бұл жігіттің жүрегін жібітіп, көңілін сізге аудартатыны анық-ақ. Әңгіме қылатын тақырып та табылды.

Қалжыңдаңыз

Әзілге жақын қыздар жігіттердің арманы. Әзіл-қалжыңмен ортаның көңілін көтеріп, баршаға күлкі мен мейірім сыйласаңыз, қай жігіт сізбен өзі танысқысы келмейді екен? Қоғамдық ортада ыңғайсыз жағдайлар болып қалса (автобуста ол сізді итеріп қойды, не сіз оның аяғын басып кеттіңіз), жәй "Кешіріңіз"-дің орнына әзілдеп жіберіңіз. Күлімсіреген қызбен таныспау обал емес пе?

Оның көз алдында болыңыз

Көшеде бір жігітті ұнатып қалдыңыз ба? Артынан қарап "Шіркін" деп күрсінгенше, оның көз алдына шығып, көрініңіз. Ол да сізді байқау керек қой? Танысуға өзі де ниеттенуі мүмкін.

Дайындаған: Сания Аринова, сурет, дереккөз

Автор: ZHARAR | 4 712 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Сауат ашудан сабақ жоспары: Достық деген не? (1 сынып,3 бөлім )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Сауат ашудан сабақ жоспары: Достық деген не? (1 сынып,3 бөлім )
Сауат ашудан сабақ жоспары:  Менің ұнататын заттарым (1 сынып,1 бөлім )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Сауат ашудан сабақ жоспары: Менің ұнататын заттарым (1 сынып,1 бөлім )
"Өзі бір жақта, келіншегі бір жақта": Той залына билеп кірген күйеу жігіт желіні жарды
Qazaqstan жаңалықтары
"Өзі бір жақта, келіншегі бір жақта": Той залына билеп кірген күйеу жігіт желіні жарды
Жігіттер жайлы біз ашқан 9 құпия
Пайдалы кеңес жинағы
Жігіттер жайлы біз ашқан 9 құпия
Қыздарға арналған 40 кеңес
Пайдалы кеңес жинағы
Қыздарға арналған 40 кеңес
Шығарма: Қыс қызығы
Шығармалар жинағы
Шығарма: Қыс қызығы
Шынайы сезімді бағалайықшы...
Махаббат хикаялары жинағы
Шынайы сезімді бағалайықшы...
Ақыл-кеңес сұрағым келеді?!
Махаббат хикаялары жинағы
Ақыл-кеңес сұрағым келеді?!
Пәктігінен айырылған ару тұрмысқа шыққаннан кейін жігітінің алдында қалай масқара болғанын айтты
Qazaqstan жаңалықтары
Пәктігінен айырылған ару тұрмысқа шыққаннан кейін жігітінің алдында қалай масқара болғанын айтты
Илон Маск болашаққа қалай дайындалу керектігі жайлы үш кеңес берді
Qazaqstan жаңалықтары / Пайдалы кеңес жинағы
Илон Маск болашаққа қалай дайындалу керектігі жайлы үш кеңес берді
Интернет желісінен жар іздегендерге 7 кеңес
Ерлерге (жігіт) пайдалы кеңес жинағы / Қыздарға (бойжеткен) пайдалы кеңес жинағы
Интернет желісінен жар іздегендерге 7 кеңес
Алғашқы махаббат
Махаббат хикаялары жинағы
Алғашқы махаббат
"Кешью" тобы неге жігіттермен кездесе алмайтынын түсіндірді
Qazaqstan жаңалықтары
"Кешью" тобы неге жігіттермен кездесе алмайтынын түсіндірді
Қызбен қалай танысу керек?
Ерлерге (жігіт) пайдалы кеңес жинағы
Қызбен қалай танысу керек?
Қызбен танысу тәсілдері
Ерлерге (жігіт) пайдалы кеңес жинағы
Қызбен танысу тәсілдері
Қызды ұнататын жігіттің белгілері қандай?
Қыздарға (бойжеткен) пайдалы кеңес жинағы
Қызды ұнататын жігіттің белгілері қандай?

KZ / Пайдалы кеңес жинағы / Қыздарға (бойжеткен) пайдалы кеңес жинағы, керек, болыңыз, ұнатқан, жігіт, ұнатып, алдында, ойнап, сізді, болады, жігіттің, қалай, айтып, кетеді, жайлы, Кеңестерді, жағдайда, отырыңыз, қарап, бәленше, жақындаймын, жігітпен танысу амалдары, жігітпен танысу жолдары, жігітпен қалай танысуға болады, жігітпен қалай танысқан дұрыс, жігітпен қалай сөйлесу керек, жігіттермен қалай сөйлесу керек, жігіттермен қалай танысу керек, жигитпен танысу жолдары амалдары тасилдери, керек болыңыз ұнатқан жігіт ұнатып алдында ойнап сізді болады жігіттің қалай айтып кетеді жайлы Кеңестерді жағдайда отырыңыз қарап бәленше жақындаймын жігітпен танысу амалдары жігітпен танысу жолдары жігітпен қалай танысуға бола, Жігітпен танысу амалдары пайдалы кеңестер пайдалы кеңестер журналы пайдалы кеңестер қыздарға полезные советы на казахском языке Тұрмысқа пайдалы кеңестер кеңестер жігіттерге ерлерге