Шыбын туралы  ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 3
Мақал-мәтелдер: 16
Жұмбақтар: 8
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 17
Жаңылтпаштар: 1
Нақыл сөздер: 4
Ертегілер: 1
Анекдот, әзілдер: 2

Шыбын
Көптен бері қыбырлап, боп жатқан соң той қамы,Көйлек тігіп отыр ем, өнерді жиып бойдағы,Бар ойым мен зейінді мың аударып , сан бұзыпБір «оңбаған» көк..
©  Айша Балтахаева
Өрмекші
Өрмекші алмай тынымды,Күні бойы болдырып.Ұстауға ұшқан шыбынды,Тастады бір тор құрып.Бітпегендей бір ісі,Тұрақтамай жерде көп.Тартты қашып..
©  Сырбай Мәуленов
Шыбын
Отырмын бір мал айтып, көңілім тасып,Сол малды айтып сойып, көңіл басып.Малдың етін таратып, жеп жатқанда,Балалар түйе баққан келді сасып.Сорпа ішіп..
©  Ілияс Жансүгіров
Қамырбаев пен қара шыбын
Денсаулық бөлім бастығы Қамырбаев,Қағазын күндегіден қалың жайып,Отырған бір кезі еді,Жалғыз ғана өзі еді,Түгінен майы шығып қанатының,Түксиіп..
©  Асқар Тоқмағамбетов
Мысық пен шыбын
Қаладағы асхананың бірінде,Бір күн іңірде,Масыққан мысықБір көзін қысып,Бір ойға түсіпОтырғанда, қасынаШыбын қонды ұшып.— Сен, әлгі шіркейсің..
©  Асқар Тоқмағамбетов
Шыбын пілдің құлағына бір нәрсе айтыпты, піл талып қалыпты. Піл есін жинап шыбыннан сұрапты кім туасын-депті. Шыбын ұялып піл шығар-деп жауап беріпті
Масаны шыбын шақты,Маса масаға мұңын шақты.Құлыншақты да шыбын шақты,Құлыншақ бұрын шапты.
Ауылдағы апамыз етке шыбын тышып кетпесін деп барлық шыбындарға памперс кигізіп қойыпты.
 
Бір күні
Бір күні, ерте оянып, жаттым ойлапКөп шыбын өрмелеген уық бойлапҰшқан боп жақындасып бір-бірінеТайдырып, орнын қозғап, түртіп ойнап
Қарадым, қалың..
©  Мағжан Жұмабаев
Екі шыбын
Бір Өгіз күні бойы тартып сабан,Қайтты елге сабанымен кешке таман.Мүйізінде Қара шыбын отыр еді,Кез болды бір танысы жолда оған.Танысы мұны көріп..
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Жанып тұрған шамның жанында әрдайым шыбын-шіркейлер үйіліп жүреді, бірақ бұған шам кінәлі ме?
©  Чарльз Диккенс
Бiр тамшы балға қонатын шыбын бiр шелек сiлтiге қонатын шыбыннан көп болмақ.
©  Авраам Линкольн
Бұйрықсыз шыбын шақпас.
Басыңа тау құласа да,
Шыбын шаққандай шіміркпе.
Екі нар тірессе, ортасында қара шыбын өледі.
Жауырды шыбын ұлғайтады.
Асыққан шыбын сүтке түсер.
Шірікке шыбын айналар.
Шыбынға шоқпар көтермес болар.
Майысқақпын, нәзікпін,
Садақ болып иілем.
Соңғы әріп «Н» болса,
Қалдығына азықтың,
Қоқыстарға үйілем.

жауабы
Шыбық - Шыбын
Қарабай аттан жығылды,
Халық соған жиылды.

жауабы
Түкірікке жиылған шыбын
Қыс кезінде ұйықтап жатар,
Жаз мезгілі думан ашар.
Бар жұмысы ермегі.
Талмай қанат қағады.
Еңбекті қош көрмейді,
Жат ыдысты бағады.
Иісшіл - ит емес,
Ұшады -құс емес.
Шидім, шидім, шидім құс,
Ши басына қонған құс.
Қарқаралы қара құс,
Хан басына қонған құс.