Өлім туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 5
Мақал-мәтелдер: 112
Жұмбақтар: 1
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 299
Нақыл сөздер: 84
Туындылар: 1
Әңгімелер: 30
Поэмалар: 3
Аңыздар: 5
Эсселер: 1

Алдында жатқан көлденең,Нәпсісін жеңген батырмын.Өлімге барар жолменен,Өмірде жүріп жатырмын!
©  Арман Бердалин
Қанша өмір сүрсең де, бәрібір өлесің!
©  Абдуғаппар Сманов
Менің жалғыз арманым Зәкең (Заманбек Нұрқаділов) өлімінің шындығын білу
©  Мақпал Жүнісова
Мен өзімнің детектив романдарымның сюжеттерін ыдыс-аяқ жуып жатқан кезде табамын. Өйткені ол маған мүлдем ұнамайтын іс. Сол себепті басыма бірден..
©  Агата Кристи
Қор болып қара құсқа қағылғанша, тұғырда тоят тілемей өлген жақсы.
©  Ақан Сері
Кәрі өлсе — дауыл тынғаны, жас өлсе – бәйтерегіңнің сынғаны.
©  Шал Құлекеұлы
Диктаторлар өзінің аудармашысы мен жеке тіс дәрігерінен қорқуы тиіс. Себебі осы екеуінің қателігі оны өлімге апаруы мүмкін.
©  Уинстон Черчилль
Өлімді білмей тұрып, одан қорқу қисынсыз сияқты.
©  Сократ
Ой қуу дегенiмiз — өлiмге дайындалу.
©  Сократ
Өлгендер қайтып келмейді,Шыққан жан қайтып енбейді.
©  Қорқыт ата
Өлім біз үшін ештеңе емес деп ойлауға дағдылан; өйткені бәрі жақсы да, жаман да — түйсік, ал өлім — бұл түйсіктен айыру.
©  Эпикур
Ақыл, ажар ажалға не қылады? 
©  Шәңгерей Бөкеев
Өлгенді қадір етсек - қанға рауа. 
©  Шәңгерей Бөкеев
Өлімнен басқаның бәрін өткізуге болады, жақсы атақтан басқаның бәріне шыдауға болады.
©  Оскар Уайльд
Қанша тырыссаңыз да, о дүниеге аттану оңай емес. 
©  Габриэль Гарсиа Маркес
Адам анасынан туған күні ғана дүниеге келмейді. Өмір сүру барысында да мың өліп, мың туылады. 
©  Габриэль Гарсиа Маркес
Өлімнен асып түсу мүмкін емес. 
©  Михаил Лермонтов
Тумақ — сүннет, өлмек — парыз. 
©  Майлықожа Сұлтанқожаұлы
Өмір тәтті - бүгін қолың жеткенде,Удай ащы - ертең тастап кеткенде.
©  Иүгінеки Ахмед
Жаманға беліңді шешіп иланба – илантып тұрып өлтірер. 
©  Шалкиіз Тіленшіұлы
Өмірім халқымдікі, өлімім ғана өзімдікі. 
©  Әйтеке би
Өмірім — өзгенікі, өзімдікі — өлім ғана. 
©  Әйтеке би
Садақтың аты өмір, жұмысы өлім. (грек тілінде садақ өмір және өлім деген қос мағынаны білдіреді.) 
©  Гераклит
Әулие қарапайымға, қарапайым адам әулиеге айналады, олар қарсы жағының өлімінде өмір сүреді, қарсы жағының өмірінде өледі. 
©  Гераклит
Адамның жетілмегендігінің белгісі-ол оң іс үшін асыл өлгісі келеді, ал жетілу белгісі – ол оң іс үшін кішіпейілділікпен өмір сүргісі келеді.
©  Джером Сэлинджер