Тіл туралы  ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 6
Мақал-мәтелдер: 363
Жұмбақтар: 26
Тақпақтар: 56
Өлеңдер: 256
Жаңылтпаштар: 3
Нақыл сөздер: 209
Құттықтау, тілектер: 24
Туындылар: 5
Әңгімелер: 30
Ертегілер: 3
Поэмалар: 1
Шығармалар: 17
Анекдот, әзілдер: 1
Эсселер: 15

Ұқпас құлаққа айтқан сөз,
Оқпанға құйған сумен тең.
Айта білмесең,
Мақалдың мәні болмайды
Жасай білмесең,
Астың дәмі болмайды.
Тіл — көңілдің кілті.
Сегіз тұтам сар садақ,
Секірген аңды сұлатар.
Сегіз қырлы өткір сөз,
Сойылдай ерді құлатар.
Судың түбін шым бекітеді,
Сөздің түбін — шын бекітеді.
Үй ортасына шала тастама,
Сөз ортасына жала тастама.
Бастың көркі — жүз,
Жүздің көркі — көз.
Ауыз көркі — тіл,
Тілдің көркі — сөз.
Көшпелі ел,
Тоғанақсыз, бұраусыз болмайды.
Той мен ас,
Айтыссыз, жыраусыз болмайды.
Қиын жерде жол тапқыш,
Түйін жерде — сөз тапқыш.
Той — ақындікі,
Көкпар — батырдікі!
Көліне қарай — қазы,
Заманына қарай — сазы.
Кесір сөзде — қырсық көп,
Кесір адамда — тыртық көп.
Жақсының сөзі — шақпақ
Жаманның сөзі — тоқпақ.
Көзге айтқанның айыбы жоқ.
Ала сөйлеп, ұлыққа жаққанша,
Адал сөйлеп, жұртқа жақ.
Жақсының сөзі
Өлшеп, пішкендей,
Жаманның сөзі
Түйеден түскендей.
Айтылған сөз — атылған оқ.
Артық сөйле, кем сөйле,
Таразылай тең сөйле.
Жақсыменен сөйлессең —
Жаның рахаттанады.
Жаманменен сөйлессең —
Қойыңа қасқыр шабады.
Тіс — тілдің қамалы.
Сәлем — сөздің анасы.
Артында баласы қалса —
Көзі қалды де,
Артында сөзі қалса —
Өзі қалды де.
Аяғың сауда, билеп қал,
Аузың сауда, сөйлеп қал.
Көз — нұрдың ұясы,
Көңіл — сырдың ұясы,
Сезім — жырдың ұясы.
Ел арасын сөз бұзар,
Жол арасын сел бұзар.