Өтірік туралы  ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 53
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 62
Нақыл сөздер: 59
Туындылар: 1
Әңгімелер: 9
Ертегілер: 3
Шығармалар: 1
Аңыздар: 1

Өтірігіңді ашты –
Сенімің қашты.
Өтірікті шындай айтса,
Шындық шырқырап шығады.
Жалған айтуға да жалпақ бет керек.
Өтірікпен өткелден өте алмайсың.
Шындықтан өтірікке дейін төрт-ақ елі.
Өтірікшінің жады қысқа.
Өтірік айтып пайда тапсаң, ақырында залал табарсың,
Рас айтып, залал тапсаң, ақырында пайда табарсың.
Өтіріктің де шындайы бар.
Өтірік те, шын да ауыздан шығады: айырмасы айтылуында емес, мағынасында.
Өтірік айтып жағынғанша,
Шыныңды айтып жалын.
Досыңа өтірік айтпа,
Дұшпаныңа сырыңды айтпа.
Өтірік айтқаннан өлген артық.
Өтірік - қаңбақ, шын — салмақ.
Өтірік екеу, шын төртеу.
Өтірік сөз өрге баспас.
Өтірікшінің жаны күйер,
Ұрлықшының малы күйер.
Ұшқан құстың жолы жоқ,
Өтірік сөздің түбі жоқ.
Сөздің өтірігіне нанба,
Қисынына нан.
Қатын өтірік айтпайды, қағыс естиді.
Әуелгі сөзің рас болса,
Соңғы сөзіңнің өтуіне жақсы.
Әкеңнің өлгенін жасырсаң, көмгенде қайтесің?
Өтірік жылдам шабады,
Шындық қадам-қадам басады,
Бірақ сонда да уақытында жетіп келеді.
Түстік жерге өтірік айтсаң,
Кешке артыңнан қуып жетеді.
Таң атпайын десе де
Күн қоймайды.
Өтірікті қуалап
Шын қоймайды.
Жыртық үйді жел табар
Өтірік сөзді шын табар.