Би туралы  ✍️

Құрметті оқырман! "Би" тақырыбына байланысты жинағы — бұл бөлімде "Би" ілмегіне қатысты топтастырылған. Осы бетте "Би" ұғымы мен мағынасын түрлі қырынан жазылған , қызықты мен оқырманға ой салатын қазақша ақпаратттар жинақталған. Әрбір автордың көзқарасы, сезімі және өмірлік пайымы көрініс табады. Егер сіз "Би" тақырыбына байланысты іздесеңіз, жаттауға арналған оқығыңыз келсе — осы бөлімнен таба аласыз.

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 33
Жұмбақтар: 1
Тақпақтар: 9
Өлеңдер: 76
Нақыл сөздер: 10
Баталар: 3
Туындылар: 2
Әңгімелер: 16
Ертегілер: 2
Шығармалар: 7
Аңыздар: 22

Әділ бидің өлгені —
Сөзінің болса жалғаны,
Ғұламаның өлгені —
Болмаса тәлім алғаны.
Би жаманы дауға алдырады,
Жігіт жаманы жауға алдырады.
Ханды құдай ұрғаны,
Халқымен жау болғаны.
Биді құдай ұрғаны,
Билігі дау болғаны.
Туғанына бұрғаны —
Биді құдай ұрғаны.
Әулекі би
Ат үстінен билік айтар.
Ханның ісі қараға түседі,
Бидің ісі параға түседі.
Хан көп болса — жау көп,
Би көп болса — дау көп.