Бас туралы  ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 5
Мақал-мәтелдер: 82
Жұмбақтар: 11
Тақпақтар: 2
Өлеңдер: 89
Жаңылтпаштар: 1
Нақыл сөздер: 13
Әңгімелер: 8
Ертегілер: 1
Поэмалар: 2
Шығармалар: 1
Аңыздар: 1

Біреу басқа,
Біреу шашқа құрмет көрсетеді.
Тулады жүрек, кетті бас,
Тоқтады жүрек, қайда бас.
Бір молданың басы ауырса,
Бар молданың басы ауырмас.
Бөрік бассыз болмас.
Бақыттыға бақ-дәулет бас көтертпейді.
Өгіздің аяғы болғанша,
Бұзаудың басы бол.
Жүз бастың шашын жібітіп,
Біреуін де қырмаған.
Құлағын салып,
Басын ұтқызды.
Басын ойламай,
Асын ойлайды.
Біреудің қолымен жыланның басын мылжалайды.
Я басқа бөрене тиеді,
Я бөрік киеді.
Тілі – басымен құрдас,
Қалжыңдаспай тұрмас.
Қызыл тіл кемел басты желге ұшырар.
Бір басыңда мың уайым.
Ақылсыз бастан мақұл сөз шықпас.
Алымсыз басқа ақыл жұқпас.
Бестің басы болғаншы,
Алтының аяғы бол.
Шалқайғанға шалқай, басың көкке тигенше,
Еңкейгенге еңкей, басың жерге тигенше.
Басы ауырған бақсыға барады,
Даулы кісі жақсыға барады.
Басыңда болса дарасы,
Сипаламай берер, қарашы.
Сөздің азы жақсы,
Бастың тазы жақсы.
Ақылы жоқ басқа, адырайған көз бітеді.
Дуасы жоқ ауызға, судыраған сөз бітеді.
Баста ми жоқ болса,
Екі аяққа күш түсер.
Аман болса бұл басым,
Тағы шығар бұл шашым.
Бас ауырса жан қорқады.