Қой туралы  ✍️

Құрметті оқырман! "Қой" тақырыбына байланысты жинағы — бұл бөлімде "Қой" ілмегіне қатысты топтастырылған. Осы бетте "Қой" ұғымы мен мағынасын түрлі қырынан жазылған , қызықты мен оқырманға ой салатын қазақша ақпаратттар жинақталған. Әрбір автордың көзқарасы, сезімі және өмірлік пайымы көрініс табады. Егер сіз "Қой" тақырыбына байланысты іздесеңіз, жаттауға арналған оқығыңыз келсе — осы бөлімнен таба аласыз.

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 4
Мақал-мәтелдер: 72
Жұмбақтар: 17
Тақпақтар: 17
Өлеңдер: 45
Жаңылтпаштар: 3
Нақыл сөздер: 4
Әңгімелер: 12
Ертегілер: 4
Аңыздар: 2

Қойдың сүті – қорғасын,
Қойды ұрған оңбасын.
Жауды санап соғыспайды,
Қойды санап тоғытпайды.
Қойдың басы —
Құданың асы.
Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар.
Құрттаған қой
Кескекті ала кетер.
Қой қорасына тартады,
Жігіт жорасына тартады.
Ақсақ қойдың аузына
Жел айдаған қаңбақ түсер.
Жаман қой өршіл,
Жаман ат тершіл.
Қой қозысын іздейді,
Шаруа қонысын іздейді.
Астауда қалған суды
Арық қой ішеді.
Қой жайын көздесең
Құмға көш.
Сиыр жайын көздесең,
Сырға көш.
Қойдай қоңыр,
Қозыдай момын.
Қой— байлық,
Жылқы —сәндік.
Той өтті —
Қой бітті.
Қойы көптің — тойы көп.
Қошқар соймай, қой сойсам,
Жасық дерсің.
Қой соймай, қошқар сойсам,
Сасық дерсің.
Кәрі қойдың жасындай жасым қалды.
Тоғыз қойдың терісі
Тон шықпаған Толағай.
Жеті қойдың терісі
Жең шықпаған Толағай.
жан-жануар, төрт түлік мал
Семіз қой қыстан майын жеп шығады,
Арық қой жанын жеп шығады.
Арық қойда төстік жоқ.
Семіздікті қой көтерер.
Мал өсірсең қой өсір, өнімі оның көл-көсір
Қойға екі құлағынан басқаның бәрі жау.
Ақсақ қой түстен кейін маңырайды.