Азамат туралы  ✍️

Құрметті оқырман! "Азамат" тақырыбына байланысты жинағы — бұл бөлімде "Азамат" ілмегіне қатысты топтастырылған. Осы бетте "Азамат" ұғымы мен мағынасын түрлі қырынан жазылған , қызықты мен оқырманға ой салатын қазақша ақпаратттар жинақталған. Әрбір автордың көзқарасы, сезімі және өмірлік пайымы көрініс табады. Егер сіз "Азамат" тақырыбына байланысты іздесеңіз, жаттауға арналған оқығыңыз келсе — осы бөлімнен таба аласыз.

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 14
Тақпақтар: 4
Өлеңдер: 92
Жаңылтпаштар: 1
Нақыл сөздер: 20
Баталар: 16
Туындылар: 2
Әңгімелер: 21
Поэмалар: 2
Шығармалар: 4
Эсселер: 1

Жаңа кітап
«Азамат» — Міржақып Дулатов жазған өнегелі өлең кітабы. Баспасы таза, бұрынғы жазғандарына қарағанда бөтен тілден аршыңқы, мағынасы..
©  Сұлтанмахмұт Торайғыров
Қазақ азаматы
Біреуіне - сен Тәңірім деп табынад,Біреуіне - мен кұлың деп бағынад.Біреуіне - садақа бер деп жалынад,Біреуіне - құйрық болып тағылад.Ылғи сорлы..
©  Мағжан Жұмабаев
Жауардың азаматтарына
Сағада сіз, байтаққа аға Зәкең бар,Қарағашта хатқа жүйрік Бәкең бар.Ғабдолла бар атқа мініп алысқан,Елге сыйлы, байыпты сөз Шәкең бар.Қалидан да..
©  Мағжан Жұмабаев
Оқыған азамат
I
Суық қыстың орта кезі. Күн түске тақап қалған. Аспанда бұлт жоқ, ашық. Жарығы көз тайдыратын нұрлы күн бүгін жазғы түріне түскендей болып өзгеше..
©  Мұхтар Әуезов
Рахым шалға
Сұлу аттың көркі жал,Азаматтың көркі мал.Өмір сүреген кісігеДәулет қызық, бала бал.Бал болатын бала бар,Бал болар ма Рахымшал?!Бүйтіп берген..
©  Абай Құнанбаев
Рахымшалға
Сұлу аттың көркі жал,Азаматтың көркі мал.Өмір сүреген кісігеДәулет қызық, бала бал.Бал болатын бала бар,Бал болар ма Рахымшал?!Бүйтіп берген..
©  Абай Құнанбаев
Азамат болу – міндетім
(Мектеп бітіруші шәкірттер үшін өтінішпен жазылған).Халқымыздың тілінде азамат, азаматтық ұғымы екі түрлі мағынада қолданылатындығы бар. Екеуі де –..
©  Ғабиден Қожахмет
Азамат сыны – ерлік, ерлік сыны – елдік.
©  Мұхтар Әуезов
Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес деуге де болады. Себебі, ол қандайлық мамандық білімі болса..
©  Мұхтар Әуезов
Сені азамат дегенге...
Сені де адам дегенге
Сенбейін бе, сенем бе?!
Ойнақ салдың төбемде,
Көнбейін бе, көнем бе?!
Сендей сұмдық адамға,
Нанбайын ба, нанам ба?!
He тұр..
©  Мұқағали Мақатаев
Азаматта сын болмас,
Арты болса тұяқсыз.
©  Абыл Тілеуұлы
Он бесіңде азамат боласың, алпысыңда бала боласың.
©  Томас Фуллер
Бізде физиктер, геометрлер, химиктер, астрономдар, ақындар, музыканттар, суретшілер бар, алайда бізде азаматтар жоқ.
©  Жан-Жак Руссо
Қазанат қамшы тигізбейді,
Азамат жоғын білгізбейді.
©  Кенен Әзірбаев
Артықша туған азамат,
Халыққа үлкен бел болар.
©  Жамбыл Жабаев
Азамат жетім болмайды - халықтан болса панасы, халық жетім болмайды - басшы болса данасы.
©  Сырым Датұлы
Азамат жолы — ар жолы.
©  Бауыржан Момышұлы
Әрбір азамат өз ұлтын сүюге тиіс және өз ұлтына деген терең сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімі арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеп, оларды сүйе..
©  Бауыржан Момышұлы
Адал болмай азаматпын демегін.
©  Бауыржан Момышұлы
Азаматтық жасай алмаған адам—
Бұл өмірге келмеген адаммен бірдей.
Арғымақ мойнын оқ кесер,
Азамат мойнын жоқ кесер.
Ер азамат белгісі -
Түзде мырза, үйде құл.
Жігітте де жігіт бар,
Азаматы бір бөлек,
Жылқыда да жылқы бар,
Қазан аты бір бөлек.
Азаматқа — парасат,
Ақылсызға — ағаш ат.
Азаматтың ақысын,
Азамат қайырар,
Жаман сөз жалпақ,
Жұртқа жайылар.