Өтірік туралы  ✍️

Құрметті оқырман! "Өтірік" тақырыбына байланысты жинағы — бұл бөлімде "Өтірік" ілмегіне қатысты топтастырылған. Осы бетте "Өтірік" ұғымы мен мағынасын түрлі қырынан жазылған , қызықты мен оқырманға ой салатын қазақша ақпаратттар жинақталған. Әрбір автордың көзқарасы, сезімі және өмірлік пайымы көрініс табады. Егер сіз "Өтірік" тақырыбына байланысты іздесеңіз, жаттауға арналған оқығыңыз келсе — осы бөлімнен таба аласыз.

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 56
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 65
Нақыл сөздер: 64
Туындылар: 1
Әңгімелер: 9
Ертегілер: 3
Шығармалар: 1
Аңыздар: 1

Ашуды — байсалдылық, жамандықты — жақсылық, сараңдықты — жомарттық, өтiрiктi — шындық жеңсiн.
©  Будда
Артымнан айтылған жалған, жала сөздерге ешқашан мән беріп көрген емеспін. Өтірік сөзге күйіп-пісудің не қажеттілігі бар?
©  Авраам Линкольн
Өтірік сөз спринтте, шындық марафонда жүгіреді.
©  Майкл Джексон
Көп өтірік айтатын адамдар шыншыл болып көрінуге тырысып бағады.
©  Цицерон
Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше, шындықтың уын ішіп өлген артық.
©  Бауыржан Момышұлы
Өтірік – барып тұрған зиянды у
©  Бауыржан Момышұлы
Алған әсерлерді жалған, жасанды түрде көрсету – соғыста ең сорақы бақытсыздық, қауіпті өтірік.
©  Бауыржан Момышұлы
Егер мен өтiрiк айтсам, мен өзiмдi өтiрiк айтқан адамыма қарағанда көбiрек қорлаймын.
©  Мишель де Монтень
Егер сіз миллион доллардың иесі болсаңыз, онда бұл сіздің өмір салтыңызды өзгертеді. Өзгелер сізге жағыну үшін өрескел өтірік айтады. Бірақ маған..
©  Илон Маск
Бүлікке бастар шындықтан,
Салиқалы өтірік артық.
Өтірікті де ебін тапқан айтады.
Өтірігіңді ашты –
Сенімің қашты.
Өтірікті шындай айтса,
Шындық шырқырап шығады.
Жалған айтуға да жалпақ бет керек.
Өтірікпен өткелден өте алмайсың.
Шындықтан өтірікке дейін төрт-ақ елі.
Өтірікшінің жады қысқа.
Өтірік айтып пайда тапсаң, ақырында залал табарсың,
Рас айтып, залал тапсаң, ақырында пайда табарсың.
Өтіріктің де шындайы бар.
Өтірік те, шын да ауыздан шығады: айырмасы айтылуында емес, мағынасында.
Өтірік айтып жағынғанша,
Шыныңды айтып жалын.
Досыңа өтірік айтпа,
Дұшпаныңа сырыңды айтпа.
Өтірік айтқаннан өлген артық.
Өтірік - қаңбақ, шын — салмақ.
Өтірік екеу, шын төртеу.