Қызмет туралы  ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 2
Мақал-мәтелдер: 14
Тақпақтар: 31
Өлеңдер: 18
Нақыл сөздер: 26
Құттықтау, тілектер: 33
Туындылар: 1
Әңгімелер: 7
Шығармалар: 3
Анекдот, әзілдер: 2
Эсселер: 7

Адамзатқа қызмет етуден артық дін жоқ. Үлкен ұстанымы — еңбек ортақ игілігі үшін.
©  Альберт Швейцер
Алдау-арбау арқылы қызмет бабында өсуге тырыспа. 
©  Лао-цзы
Қайсыбiрiмiз өзiмiздi егер басқаның орнында немесе қызметiнде отырсақ көп жақсылық iстей алатындай көремiз. Бұл — бар бәленiң бастауы. 
©  Николай Гоголь
Унтер Пришибеев
— Унтер офицер Пришибеев! Сіз осы қыркүйектің үші күні урядник Жигин, болыс старшыны Аляпов, сотский Ефримов, куәлар Иванов пен Гаврилов және..
©  Антон Чехов
Қорғансыз жан
Түнде құяңы қатты ұстап, тұла бойы көтертпей тұрса да, Кистунов таңертең қызметіне барып, арызшылар мен банк клиенттерін қабылдай бастады. Оның..
©  Антон Чехов
Кедей
Қызметі һәм аяныш халіIКүзгі түн, шөптің басын қырау көмген,Ызғар шашып, бұлт мынау жерге төнген.Қараңғы, итпен бірге қой күзетіп,Мен ояу, ел ұйқыда..
©  Сұлтанмахмұт Торайғыров
Негізі, атаққа лайық қызмет етпей сол атақты асынып жүргеннен, атаққа лайық қызмет етіп, оны ресми түрде алудан бас тартқан әлдеқайда адамшылық. 
©  Марк Твен
Олар менің есімде
Мен Ленинград финанс академиясының жанындағы мамандық жетілдіру курсын аяқтағаннан кейін, СССР өнеркәсіп банкінің Алматыдағы қазақ конторында..
©  Бауыржан Момышұлы
Қызмет
Сіз сұрамадыңыз ғой.- Нені сұрамадыңыз дейсіз?- Мен сізден "қай жерде қызмет істейсіз?" деп сұрадым ғой.- Иә, сұрадыңыз. Мен бірақ айттым ғой қай..
©  Ғабиден Қожахмет
Дариға, жігіт қайда өнер тапқан,
Жан қиып, қызмет қылып, халыққа жаққан?
©  Міржақып Дулатұлы
Бой тежеу, жүрексіну дұрыс емес,
Шашылған ризықты теріп татпай.
Жігіттің несі жігіт босқа жүрген,
Қызметпен пайда беріп, халыққа жақпай?!
©  Міржақып Дулатұлы
Қызмет, лауазым адамгершiлiктi жиi өзгертедi.
©  Мигель де Сервантес
Жерге – тер төгіп, халыққа – қан төгіп қызмет етуден тайсалма.
©  Бауыржан Момышұлы
Ақыл-кеңес бергенге қызмет қыл.
Халық келiп-кеткендi сыйламайды,
Қиылып қызмет еткендi сыйлайды.
Жасқа – қызмет,
Қартқа – құрмет.
Екі қолға бір қызмет.
Қызмет ет те, міндет ет.
Кісі арасында кісі бол,
Үлкені болма, кіші бол.
Қызмет қылсаң жорғалап,
Маңдайдан терің сорғалап,
Азаматтың ісі бұл.