Күлу туралы  ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 19
Тақпақтар: 2
Өлеңдер: 77
Нақыл сөздер: 16
Әңгімелер: 1
Аңыздар: 1

Күлсең бүтін дүние сенімен күлсін, жыласаң жалғыз жыла.
Егер адам әлі де күле алса, кедей емес.
©  Альфред Хичкок
Қайғылының көзінше қарқылдап күлме. Қайғы да мәңгі тұрмайды. 
©  Құтып
Құл десең биді — күледі,
Құл десең құлды — өледі.
©  Міржақып Дулатұлы
Егер өмірде әрдайым күлімдеп жүрсеңіз, өмір де сізге күліп қарайтын болады.
Жастық шағыма қарағанда мен қазір көп күлемін. Себебі адамдарға көзқарасым өзгерді.
©  Роберт Де Ниро
Маған өздері күлетін қыздар ұнайды. Оларды әзілдің ортасына салудың да қажеті жоқ.
©  Стивен Кинг
Бүгін күлерсің, ертең жыларсың,
Бүгін дүниенің үсті, ертең асты.
Ақылдыға айтса, біледі,
Ақымаққа айтса, күледі.
Ер көрге де күліп кіреді.
Жылау мен күлу – төркіндес.
«Тесіксің!» деп елек шелекке күлді.
Күлген күле жетер, артынан қуа жетер.
Күліп қабылдады,
Күмілжіп шығарып салды.
Жыртық тесікке күледі.
Жығылған сүрінгенге күледі.
Біреу көріп күледі,
Біреу еріп күледі.