Барлығы

Атың барда жер таны,
Асың барда ел таны.
Құтты қонақ келсе, қой егіз табады.
Қонағын сыйламаған баласын ұрады, не үйін сыпырады.
Жақсы болса алғаның,
Үйіңнен кісі кетпейді.
Жаман болса алғаның,
Шын досың да шеттейді.
Құтты қонаққа — тәтті тамақ.
Иесін сыйлағанның итіне сүйек сал.
Асыңа тойғызбасаң да ақ ниетіңе тойғыз.
Қонақты сөзбен тойғыза алмайсың.
Қонағым, жүре тоярсың.
Қонақ аз отырып, көп сынайды.
Қонақ қойдан да жуас.
Май берсең де жей береді.
Қонақ келсе құт келер.
Адамның жүзі ақылдың айнасы.
Ақылды "көндім" десе,
Ақымақ "жеңдім" дейді.
Айғайлы жерде ақыл аз.
Екі кісі ығысса,
Бір кісілік орын бар.
Адамға адам жат емес.
Адамның сырты алдамшы.
Жақсының жүрген жері - абат.
Жаным десе, жан семірер.
Жұпарды жасыра алмайсың.
Өмір озады, ажар тозады.
Тәні саудың - жаны сау.
Өтпейтін өмір жоқ, сынбайтын темір жоқ.
Мың жұмақтан - бір күн тірлік.