Жол туралы  ✍️

Құрметті оқырман! "Жол" тақырыбына байланысты жинағы — бұл бөлімде "Жол" ілмегіне қатысты топтастырылған. Осы бетте "Жол" ұғымы мен мағынасын түрлі қырынан жазылған , қызықты мен оқырманға ой салатын қазақша ақпаратттар жинақталған. Әрбір автордың көзқарасы, сезімі және өмірлік пайымы көрініс табады. Егер сіз "Жол" тақырыбына байланысты іздесеңіз, жаттауға арналған оқығыңыз келсе — осы бөлімнен таба аласыз.

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 11
Мақал-мәтелдер: 149
Жұмбақтар: 27
Тақпақтар: 20
Өлеңдер: 354
Жаңылтпаштар: 3
Нақыл сөздер: 77
Баталар: 11
Туындылар: 4
Әңгімелер: 45
Ертегілер: 2
Поэмалар: 5
Шығармалар: 5
Анекдот, әзілдер: 4
Аңыздар: 2
Эсселер: 5

Аш адам айғайға басса,
Жалаңаш адам жолдан қашады.
Жүрек жүрекке жол табады.
Ауылдың жолын білмей тұрып,
Ауылнайдың жөнін сұрайды.
Ашық жолдың алды ұзақ.
Қисайған жүк жолда құлайды.
Қос ізбен бір жол салайық.
Ұзақ жолдың өкініші мен реніші мол.
Кемеші келсе,
Қайықшы жолдан шығар.
Ел айырылса - көбіне,
Жол айырылса - кеңіне.
Қашқан жаудың олжасы -
Жолда қалған.
Жаман атқа мінсең жолың болмас.
Қол қолды біледі, шариғат жолды біледі.
Ұзақ болса да, жаман болса да жол жақсы.
Жорғалымен жолдас болма, жолда қаларсың.
Шұбалаң жолдан,
Бәлекет тілден.
Ұшқан құстың жолы жоқ,
Өтірік сөздің түбі жоқ.
Адасқан жігіт жол таппас.
Адаспаймын деген ер,
Тал түсте жолдан адасады.
Алыс сапар да - жақын жолдан басталады.
Шөлмен жүрсең, жолмен жүр:
Жол бұлақты көлге апарады,
Көл қонысты елге апарады.
Қолы ашықтың жолы ашық.
Жолсыз жүріп торыққан
Жол қадірін біледі.
Жалғыз жүріп зарыққан
Ел қадірін біледі.
Судың жолын құм бөгер,
Ердің жолын сұм бөгер.
Жорға жолға түспесе,
Жол ұрады.
Ер жолға түспесе,
Қол ұрады.
Туы бірдің — түбі бір,
Жолы бірдің — жүгі бір.