Ер туралы  ✍️

Құрметті оқырман! "Ер" тақырыбына байланысты жинағы — бұл бөлімде "Ер" ілмегіне қатысты топтастырылған. Осы бетте "Ер" ұғымы мен мағынасын түрлі қырынан жазылған , қызықты мен оқырманға ой салатын қазақша ақпаратттар жинақталған. Әрбір автордың көзқарасы, сезімі және өмірлік пайымы көрініс табады. Егер сіз "Ер" тақырыбына байланысты іздесеңіз, жаттауға арналған оқығыңыз келсе — осы бөлімнен таба аласыз.

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 390
Жұмбақтар: 3
Тақпақтар: 3
Өлеңдер: 145
Жаңылтпаштар: 1
Нақыл сөздер: 59
Туындылар: 1
Әңгімелер: 14
Ертегілер: 1
Шығармалар: 5
Анекдот, әзілдер: 1
Аңыздар: 8
Эсселер: 4

Ат қартайса
Жасқаншақ болады
Ер қартайса,
Мақтаншақ болады.
Арғымақ аттың баласы
Аз оттап көп жусайды.
Асыл ердің баласы.
Аз сөйлеп, көп тыңдайды.
Ат күйгелек болса — арық,
Ер күйгелек болса — кәріп.
Ат сүрінбей жер танымас,
Ер сүрінбей ел танымас.
Көнектен шошыған бие оңбас.
Төсектен шошыған ер оңбас.
Жақсылыққа жақсылық - әр кісінің ісі дүр,
Жамандыққа жақсылық - ер кісінің ісі дүр.
Еңбек қылмай ер оңбас,
Бірлік қылмай ел оңбас.
Ер қадірін ер білер,
Зер қадірін зергер білер.
Азығымен жер мүсінді,
Еңбегімен ер мүсінді.
Ер басына күн туса, бұта түбі үй болар.
Ел ірісе ыдырап, екі үйге би болар
Ер туған жерінде, ит тойған жерінде
Ер елін қорғайды, ел ерін қолдайды.
Ер бір рет өледі,
Ез мың рет өледі.
Қашқан жауға қатын да ер.
«Малы жоқ» деп
Ерден түңілме.
Егіні жоқ деп
Жерден түңілме.
Ер қуаты қаруы.
Ер тарықпай, молықпайды.
Ер шекіспей, бекіспейді.
Ер қаруы — бес қару.
Ер жігіт елі үшін туады,
Елі үшін өледі.
Жүрек – ер,
Бас – кемеңгер
Ер есімі – ел есінде.
Ер қартайса, қазаншы болады,
Бүркіт қартайса, тышқаншы болады.
Ылдисыз өр болмайды,
Табыссыз ер болмайды.
Бөрі азығы мен ер азығы жолында.