Тыңдау туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 9
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 33
Нақыл сөздер: 17
Әңгімелер: 1
Анекдот, әзілдер: 1

Адамдарды тыңдаңыз, бірақ өз ақылыңыз болсын.
Жүз рет ұрсанда, бірақ кем дегенде бір рет тыңда.
Аз сөйле, көп тыңда, одан да көп ойлан.
Бірде үлкенді тыңдасаң,Бірде кішіні тыңда.
Әмірдің алдында сөйлегеннен, тыңдаған жақсы.
Арғымақ аттың белгісі —
Аз оттар да, көп жусар.
Жақсы адамның белгісі —
Аз сөйлер де, көп тыңдар.
Бір құлағынан кіріп, екіншісінен шығып кетеді.
Ақпа құлаққа айтқан сөз - құмға құйған судай,
Құйма құлаққа айтқан сөз - гүлге құйған судай.
Арғымақ аттың баласы
Аз оттап көп жусайды.
Асыл ердің баласы.
Аз сөйлеп, көп тыңдайды.