Үй туралы  ✍️

Құрметті оқырман! "Үй" тақырыбына байланысты жинағы — бұл бөлімде "Үй" ілмегіне қатысты топтастырылған. Осы бетте "Үй" ұғымы мен мағынасын түрлі қырынан жазылған , қызықты мен оқырманға ой салатын қазақша ақпаратттар жинақталған. Әрбір автордың көзқарасы, сезімі және өмірлік пайымы көрініс табады. Егер сіз "Үй" тақырыбына байланысты іздесеңіз, жаттауға арналған оқығыңыз келсе — осы бөлімнен таба аласыз.

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 5
Мақал-мәтелдер: 147
Жұмбақтар: 9
Тақпақтар: 21
Өлеңдер: 268
Жаңылтпаштар: 5
Нақыл сөздер: 25
Құттықтау, тілектер: 48
Баталар: 10
Туындылар: 2
Әңгімелер: 45
Ертегілер: 2
Поэмалар: 1
Анекдот, әзілдер: 4
Аңыздар: 1

Жылқының көркі құйрық,
Үйдің көркі мүлік.
Қонақ жаман болса, үй иесі қалдырады,
Үй иесі жаман болса, қонақ қыдырады.
Қарты бар үйдің құты бар.
Өз үйім өлең төсегім.
Үй ішінен жау шықса,
Тұра қашып құтылмассың.
Берместің үйінде бесті қымыз тұрады.
Үйіңе келгенге, үйдей өкпенді айтпа.
Ер жігіт үйде туылып, түзде өлер.
Қатыны жоқ үй – тұл.
Үй болғанда көсеу керек.
Басқа үйдің жығуын білсем де,
Тігуін білмеймін.
Үйі жоқтың көңлінде
Алтын сарай жүреді.
Үйге кірген жыланды да
Басына ақ құйып шығарады.
Құс жеткен жеріне қонар,
Қонақ қалаған үйіне қонар.
Отау үй оңаша келеді,
Отындары тамаша келеді.
Оты өшкен үйдің
Шаңырағынан байғыз саңғиды.
Үйдің басын қатын қосар,
Елдің басын батыр қосар.
Ерге сүйенсең,
Ергенегің мықты болар.
Елге сүйенсең,
Қараша үйің құтты болар.
Жел тұрды десе,
Үйіңе арқан сал.
Жау келді десе,
Қарыңа қалқан ал.
Ер жігіт үйінен шықса, үйіріне қосылар.
Үйіңе келгенде,
Үйдей өкпеңді айтпа.
Үйі жыртық тамшы жейді,
Жалқау тантық қамшы жейді.
Үйінде озған — түбінде озар.
Мың мәртебе тыңдап, бір-ақ айт,
Ісің бітсе, үйіңе қайт.
Әйел — үйдің ажары,
Бала — үйдің базары.