Су туралы  ✍️

Құрметті оқырман! "Су" тақырыбына байланысты жинағы — бұл бөлімде "Су" ілмегіне қатысты топтастырылған. Осы бетте "Су" ұғымы мен мағынасын түрлі қырынан жазылған , қызықты мен оқырманға ой салатын қазақша ақпаратттар жинақталған. Әрбір автордың көзқарасы, сезімі және өмірлік пайымы көрініс табады. Егер сіз "Су" тақырыбына байланысты іздесеңіз, жаттауға арналған оқығыңыз келсе — осы бөлімнен таба аласыз.

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 9
Мақал-мәтелдер: 222
Жұмбақтар: 43
Тақпақтар: 12
Өлеңдер: 161
Жаңылтпаштар: 7
Нақыл сөздер: 39
Туындылар: 2
Әңгімелер: 19
Ертегілер: 4
Анекдот, әзілдер: 4
Аңыздар: 5
Эсселер: 2

Қанша қамыс жақсаң да шоғы болмас,
Қанша қара су ішсең де тоғы болмас.
Қылышты қынап сақтайды,
Суды мұрап сақтайды.
Сұмырай келсе — су қат.
Ашаршылық келсе — ағайын жат.
Су ағады, тас қалады,
Кәрі кетеді, жас қалады.
Ақпаса, су бұзылады.
Бір таудан бір таудың басы биік,
Тұрады ортасына бәле жиып,
Бәленің зардабына шыдай алмай,
Жіберді бұтына сиіп-сиіп.

жауабы - Самауыр, керней..
Аспан түстес сұйық,
Әркім ішер құйып.
Аяғы жоқ, қолы жоқ,
Бiрақ тыныш тұрмайды.
Сақтамасаң – қорын тек,
Барша тiрлiк құрайды.
Еш тесiкке тұрмайды,
Ол жоқта жер құрғайды.
Жақсы - суы тәтті көлмен тең,
Жаман - желі қатты шөлмен тең.
Жылай-жылай арық қазсаң,
Күле-күле су ішерсің.
Сыйласқанның суын іш.
Сыйлап берсе суын іш.
Алпыс күн тасыған су,
Алты күнде қайтар.
Су аққан жерінен ағар,
Шөп шыққан жеріне шығар.
Жайдақ су жай ағады.
Су сүреңін табады.
Сұмырай келсе су құрыр.
Алпыс күн тасыған су,
Алты күнде қайтар.
Су аққан жерінен ағар,
Шөп шыққан жеріне шығар.
Жылт-жылт етеді,
Жылғадан етеді.
Судың да сұрауы бар.
Қайнаған қара суда қасиет бар.
Сылдырсыз аққан судан без.
От — арық, су — семіз.