Жаман туралы  ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 395
Тақпақтар: 4
Өлеңдер: 71
Жаңылтпаштар: 2
Нақыл сөздер: 93
Туындылар: 1
Әңгімелер: 8
Шығармалар: 1
Аңыздар: 1

Жақсы жүрген жерін
Мақтап жүреді,
Жаман жүрген жерін
Даттап жүреді.
Айыратын жаман бар,
Қосатын жараң бар,
Барын ішпейтін сараң бар,
Жасырып ішетін арам бар.
Жақсының сөзі кепіл,
Жаманның өзі кепіл.
Жаман байыса,
Жақынын танымас.
Жаман адам төршіл.
Жаман есепші
Жанынан төлейді.
Іші тарлық — сараңның ісі,
Жалақорлық — жаманның ісі.
Азар болса, жақын жаман,
Шабан болса, атың жаман.
Шайпау болса, қатын жаман.
Жаманға айтқан ақыл,
Жапанға атқан оқпен тең.
Жаман мақтанса қатынын сабар.
Жақсыға жанас,
Жаманнан адас.
Жаманмен жолдас болсаң,
Кесірі жұғар,
Жақсымен жолдас болсаң,
Несібі жұғар.
Жақсы әке жаман балаға,
Қырық жылдық ризық.
Ескіге жаңа — өлшеуіш,
Жаңаға жақсы — өлшеуіш.
Жақсыға шаң жуымас,
Жаманға жан жуымас.
Басыңа іс түссе,
Жақсы көмек етеді,
Жаман күліп өтеді.
Жақсы сөзіңді сыйлар
Жаман тезіңді сыйлар.
Жаманның сөзі
Түйеден түскендей,
Жақсының сөзі
Диірменнен шыққандай.
Жаманға шөп батады,
Жақсыға сөз батады.
Қауым елді жамандама,
Қарғысына қаларсың.
Қара жерді жамандама,
Қайтып сонда барарсың.
Жаманның ақылы қалтасында,
Ақымақтың ақылы балтасында.
Құлқы жаманның
Қасында болма.
Құнты жаманның
Асында болма.
Жаман етігін майлар,
Етігі етегін майлар,
Етегі көпшігін майлар,
Көпшігі құйрығын майлар.
Жаман артық қылам деп
Тыртық қылар.
Көк соққаннан,
Көп соққан жаман.