Бай туралы  ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 118
Жұмбақтар: 1
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 86
Нақыл сөздер: 46
Туындылар: 1
Әңгімелер: 73
Ертегілер: 7
Шығармалар: 1
Анекдот, әзілдер: 6
Аңыздар: 21

Кедей байға жетем дер,
Бай құдайға жетем дер.
Бай союға қой таппай,
Жатақтың лағын сұрапты.
Бай көшерде жүгін жинайды,
Құл жұлығын жинайды.
Пышағы өткір байымайды.
Қырық жылда бай мен кедей теңелер.
Байсыз әйел үйде тұрмас,
Баусыз оймақ қолда тұрмас.
Бай болмасаң, бай болма,
Білім-өнерге сай бол.
Қазақ байдың ұлы болғанша,
Халық байдың ұлыбол.
Байдың қатыны өлсе төсек жаңғырар,
Жарлының қатыны өлсе басы қаңғырар.
Балдан тамар, байдан жұғар.
Жас өседі, жарлы байиды.
Жемесе де май жақсы,
Бермесе де бай жақсы.
Байдың малы қадірлі,
Жарлының жаны қадірлі.
Есерсоқ болмай, ер болмас,
Есептен болмай, бай болмас.
Аш кісі май таңдамас,
Кәрі қыз бай таңдамас.
Жарлымен құда болғанша,
Байменен барымталас бол.
Бай болмақ ініден,
Биікке шықпақ баладан.
Батыр мақтанса бір оқтық,
Бай мақтанса бір жұттық.
Жарлы кісі бай болса, көтін қоюға жер таппайды,
Бай кісі жарлы болса, бетін қоюға жер таппайды.
Түлкі түгінен жазар,
Бай малынан жазар.
Тамам кедей жиылып құдай берген байдай жоқ,
Тамам жұлдыз бірігіп бірден туған айдай жоқ.
Бай мақтанса - табылар,
Кедей мақтанса - шабылар.
Байдың мал азығы,
Бала атаның қазығы.
Бай бауырын танымас.
Бай кісі жарлы болса,
Бетін қоюға жер таба алмас.