Әділ туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 16
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 6
Жаңылтпаштар: 1
Нақыл сөздер: 9
Әңгімелер: 2
Поэмалар: 1

Сын ауыр болса кемшіліктерден арыласың, сын әділ болса ауруыңнан жазыласың. 
©  Нарша Булгакбаев
Мейірімді болу оңай, әділ болу қиын. 
©  Виктор Гюго
Жұрт әділ болмай, жұрт ісі оңға баспайды.
©  Әлихан Бөкейханов
Би түзу, билік әділ болсын.
©  Әлихан Бөкейханов
Көз құлаққа қарағанда әділ куәлік етеді. 
©  Гераклит
Әділ деп соны айтыңыз - тураны қыйсық бұрмаса. 
©  Қазақтың би-шешендері
Есiңiзде болсын, сұхбаттасыңыз толығымен әдiл болмауы мүмкiн. Бiрақ ол бұлай ойламайды. Оны сөге көрмеңiз, бұл тек ақымақтың тiрлiгi. Оны түсiнуге..
©  Дейл Карнеги
Егер сiз әдiл болмасаңыз, мұны бiрден шын көңiлмен мойындаңыз 
©  Дейл Карнеги
Сіздің істеріңіздің нәтижелерін басқалар бағалайды, тек қана өз жүрегіңіздің таза да әділ болуына тырысыңыз.
©  Джон Рескин