Қазақтың би-шешендері

Олар қазақ жерінде әділдіктің салтанат құруы үшін һәм қиянат-зұлымдықтың арам шөптей қаптап кетуіне қарсы ұшан-теңіз қажыр-қайрат жұмсаған. Кемеңгерлікке, кісілікке құрылған билік
Сандаған ғасырлар мен замандарды шолар болсақ, сонау Шыңғыс хан тұсында жасаған Майқы би Төбейұлынан (1105-1225 жылдар шамасы) бастап, ойымызға Аяз би Жаманұлы (XI-XII ғ.ғ.), Мөңке би (1207-1259), Едіге би (1354-1419), Бәйдібек би (1356-1419 жылдар шамасы), Әз Жәнібек (1406-1473), Жиренше шешен, Шоған би (1584-1642), Әнет би (1626-1723), Қадірғали би (1530-1605 жж.), Досай, Ескелді, Балпық, Есей, Бекболат, Тайжан, Тоқсан, Жанкісі, Ақтайлақ, Бөлтірік, Сары, Сырлыбек, Қарауыл Қанай би, Мәтжан, Қазанғап, Шоң, Шорман, Байдалы, Қараменде, Зілқара, Алшынбай, Жанқұтты, Байкөкше, Бала би, Ноғайбай, Бөгенбай батырдың ұрпақтары Саққұлақ пен Бапан сияқты «талғанда тіреу, сасқанда сүйеу» болған шешен-билер есімдері оралады. Олар қазақ жерінде әділдіктің салтанат құруы үшін һәм қиянат-зұлымдықтың арам шөптей қаптап кетуіне қарсы ұшан-теңіз қажыр-қайрат жұмсаған. Кемеңгерлікке, кісілікке құрылған билік.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз: