Қанатты сөздер туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 2
Тақпақтар: 4
Өлеңдер: 5
Нақыл сөздер: 1104
Әңгімелер: 5

Оқымайтын адамның оқи алмайтын адамнан еш артықшылығы жоқ. 
©  Марк Твен
Дұрыс нәрсе істеңіз. Сонда кей адамдарды қуантасыз, ал өзгелерін таңғалдырасыз. 
©  Марк Твен
Батылдық деген қорқыныштың жоқтығы емес, батылдық — қорқынышпен күресу және оны жеңе білу. 
©  Марк Твен
Саяхат – өзімізді қайтадан іздеп табуға арналған ең ұлы ғылым. 
©  Альберт Камю
Өмір қысқа. Ендеше өмірді ысрап ету қылмыс. 
©  Альберт Камю
Тәуекелшілдік өмірді жандандыра түседі. 
©  Коко Шанель
Кітап ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына. 
©  Әлішер Науаи
Не керек жатқан байлық судай тасып,Тұрмасаң қалың жұртқа қарайласып. 
©  Әлішер Науаи
Уайымсыз өтсем десеңiз,Ғылым қамын жесеңiз. 
©  Әлішер Науаи
Ұран көтерілсе - ру жиылар,Жау келсе — жамағат жиылар. 
©  Махмұд Қашқари
«Ағайын» десе - шақ қарадық,«Қайын» десе - жалт қарадық. 
©  Махмұд Қашқари
Дос адам маңайыңды жұмақ етер. 
©  Махмұд Қашқари
Ақылмен арыстан ұстауға болады, ал күшпен тышқан да ұстай алмайсың. 
©  Махмұд Қашқари
Кітап — ақылды қуаттандыратын құрал. 
©  Ян Амос Коменский
Бiлiм алу надандыққа қарсы егiлген дәрi. 
©  Ян Амос Коменский
Кiм басқаларды оқытса, сол қайталау арқылы өз бiлiмiн толықтыратындықтан және тақырыпқа терең бойлауға мүмкiндiк алатындықтан, өзiн-өзi..
©  Ян Амос Коменский
Пиғылы жатпен қатар отырма. 
©  Құтып
Қасыңның қасына да сыр ашпа. 
©  Құтып
Ақша шiркiн майдаланса тиын ғой,Адам бірақ майдаланса қиын ғой. 
©  Сырбай Мәуленов
Өміріңіз тым қызықсыз болып көрінсе, жаныңызға жақын жұмыс тауып алып, өміріңізді соған арнаңыз. Сонда алыс болып көрініп жүрген бақытыңызды..
©  Дейл Карнеги
Өткенге көп көз сала бермеңіз, болашағыңызға қайғырыңыз. 
©  Дейл Карнеги
Жас балалардың үлкендердің әңгімесін тыңдауды ұнататынын ұмытпаңыз. Сондықтан әрқашан балалардың қасында тұрып, дөрекі сөйлемеңіз. 
©  Дейл Карнеги
Адам өз-өзін жөндеуге кіріскен кезде, адам деген атқа лайық болады. 
©  Дейл Карнеги
Өзіңіздің пікіріңіздің қате екендігін білсеңіз, бірден мойындаңыз. 
©  Дейл Карнеги
Өз кемшіліктерімізді көре білейік. Жетістікке жетудің басты жолы осы. 
©  Дейл Карнеги