Бөлім: «Нақыл сөздер»

Қазақша қанатты, нақыл, ұлағатты сөздер мен афоризмдер жинағы
Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады. 
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Жұрт керегін білетіндер – көп, істейтіндер – аз. 
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Баланы ұлша тәрбиелесең – ұл, құлша тәрбиелесең – құл болмақшы. 
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып..
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі. 
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Күнелту үшін – ас керек, ас істеуге – күш керек, күшті жұмсауға – ес керек. 
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Әркім өзі жақсы білетін нәрсесін сынауы керек. 
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Алушы да, беруші де – өзіне жағымды жағын іздейді. 
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Кейбір істерді істеу керек бола тұра істеуге болмайды. 
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Өткенді қуғанды қойып – осы күйіңді жөндеуге жөн іздеу керек. 
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Талап – жоқ, үміт – мол бір халықпыз. 
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Біреу – жұмыс қылайын десем тұрған жерім жаман дейді, біреу – маңайымдағы елім жаман дейді: бұлардың бәрі де – бос сөз! 
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Шежіре, заманхат, өмірбаян, мінездеме – бәрі де тарихтың жемі есебіндегі нәрселер. 
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Отан - өткенімізді танып, бағалай білу, ең әуелі, өзімізді қадірлей білу. 
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Бай болу үшін – кәсіп керек! 
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп… 
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Құлақ екеу, ауыз біреу.Ол не үшін бұлай?Көп тыңдап, аз сөйлеуге жаратқан оны Құдай.Ауыз біреу, көз екеу – ол не үшін бұлай?Көп көріп, аз..
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек. 
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Сауатты адам жазғанда қол дағдысымен жазады. 
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Адамға тіл, құлақ қандай керек болса... білім де сондай керек. 
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды. 
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Мен өлсем де өлемін жөнімменен,Тәннен басқа немді алар өлім менен?!Өлген күні апарып тығары – гөр,Мен жоқ болам көміліп тәнімменен.Тән көмілер..
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Қинамайды абақтыға жапқаны,Қиын емес, дарға асқаны, атқаны,Маған қиын осылардың бəрінен,Өз аулыңның иттері үріп- қапқаны... 
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Өзгелер бас қосуымызға сенімсіз көзбен қарайтын болса, оларға көмекші өзімізден табылар. Ағашты кесетін балта, балтаның сабы ағаш. Соның мысалы басқа..
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады, өз ұлтына басқа жұртты..
©  Ахмет Байтұрсынұлы