Шабаз иманалиев өлеңдері туралы Өлеңдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Өлеңдер: 205

ЕСЕНИННЕН
Аппақ ай, қарлы төңірек,Оранған өлкем кебінге.Орманда қайың еңіреп,Кім өлген? Әлде өзім бе?
©  Шабаз Иманалиев
О, өмір, сан асулы, бұраңдаған...
О, өмір, сан асулы, бұраңдаған,Мен – ұлың сәттеріңнен сыр аңдаған.Жыр қуып, өлең жазып, қалам тербеп,Өткен жоқ жүргеніме жыл ондаған.Сары дала..
©  Шабаз Иманалиев
Көңілді ой тербеп...
Көңілді ой тербеп,Ертеді «Жүр-жүрлеп».Кеудені күй кернеп,Кетеді күмбірлеп.Тыңдашы құлақ сап,Тыңдашы, сәулешім.Кеудеме тұрақтап,Тұрған ой..
©  Шабаз Иманалиев
Туған жер, топырағыңнан жаралғанмын..
Туған жер, топырағыңнан жаралғанмын,Өзіңнен бойға қуат, нәр алғанмын.Кәдімгі еркебұлан өз ұлыңмын,Бірімін қарапайым адамдардың.
©  Шабаз Иманалиев
Түн ұзап, таң шапағы шашырады...
Түн ұзап, таң шапағы шашырады,Қара жол ойдан қырға асылады.Тез жетсем өскен ауыл, туған үйге,Көкірек көтеріліп басылады.
©  Шабаз Иманалиев
Жаныма бір жақсы үміт күле кірді...
Жаныма бір жақсы үміт күле кірді,Толтырып шат сезімге жүрегімді.Өзіңе жеткізе алмай жүрмін, әттең,Қалқашым, қара көзді, гүл ерінді.
©  Шабаз Иманалиев
Жатырсың тыныштанып, ерке Жайық...
Жатырсың тыныштанып, ерке Жайық,Төсіңде мұз қанатын ерте жайып.Жарқылдар жайраң жүзің қайда кеткен,Қайда әлгі сыңғыр күлкің қырға лайық?Күз-жігіт..
©  Шабаз Иманалиев
Өзіңсің жүрегіме балағаным...
Өзіңсің жүрегіме балағаным,Аяулы ақ пейілді, анажаным.Ысытып көкірегімді бара жатыр,Аялап, мейірім төге қарағаның.Хат жазып тұрсам-дағы апта..
©  Шабаз Иманалиев
Қос жүрек қуанышты ала шапты...
Қос жүрек қуанышты ала шапты,Армандап гүл-өмірді – болашақты.Дегендей дүниеде бәрі де егіз,Сызды мұң қуанышпен таласа ақты.Нұр бейнең көз алдымнан..
©  Шабаз Иманалиев
Жаныма жақсылықты өріп өстім...
Жаныма жақсылықты өріп өстім,Жасымнан өмір сырын көріп өстім.Болмай ма біреу олпы, біреу солпы,Талайын көрдім есер, жарыместің.Мен аштым барлығына..
©  Шабаз Иманалиев
Алғаш рет бір өзіңе жыр еткем
Алғаш рет бір өзіңе жыр еткемЖан сырымды қайнап шыққан жүректен.Бір өзіңе табынушы ем жастықпен,Бір өзіңе жас жүрегім дір еткен.Тыңдайсың сен..
©  Шабаз Иманалиев
Айтқанға, мейлі, ренжі, досым...
Айтқанға, мейлі, ренжі, досым,Сүреңсіз қалаң, көңілсіз бүгін.Көтере алмай иіліп тосын,Табиғаттың тұрғандай жүгін.Ақ Жайық сылқым бұралып..
©  Шабаз Иманалиев
ДАЛА СЫРЫ
Көкжиек жерге үңіліп,Көңілді бүгін төңірек.Бұлтсыз аспан түріліп,Керілді дала кеңірек.Сұлудай дала назданып,Тартады жігіт жанарын.Сағымы сәнді..
©  Шабаз Иманалиев
О, дала, ыстық сенің қойның қандай...
О, дала, ыстық сенің қойның қандай,Тағы да жүгірер ме ем ойыным қанбай?!Әттең-ай, тебіндеген мына мұрттан,Кіші інім қарай берді-ау көзін алмай.Оқудан..
©  Шабаз Иманалиев
Тәтті елес қой адамның бала шағы...
Тәтті елес қой адамның бала шағы,Ойын тек тап сол кезге жарасады.Адамды ескерусіз балалықтан,Әкетеді екен-ау болашағы.
©  Шабаз Иманалиев
Сәби де кезім, жас күнім...
Сәби де кезім, жас күнім,Ерке де кезім, шат күнім.Тентек те болып, ес кіріп,Өзіңде өткен, мектебім.
©  Шабаз Иманалиев
Түн тұрды бізді аялап...
Түн тұрды бізді аялап,Құндақтап айдың сәулесі.Қалған жоқ барын аяп-ақДаланың жайлы бұл кеші.Ерке жел де тұр тынып,Тыңдауда бір өзіңді.Жүрегім кетті..
©  Шабаз Иманалиев
КӨКТЕМГІ КЕШТЕ, ЖАҒАДА
Тұрды көктем ән айтып,Бір жерде емес, әр жерде.Ақ Жайық суын молайтып,Сипатып төсін сал желге.Ағынмен айдың суретіЗулайды қалқып сәндене.Құшағын..
©  Шабаз Иманалиев
РЕНЖІДІМ ҚАЛҚАМА, ӨКПЕЛІ БОЛДЫМ ӨЛЕҢГЕ
Жолдасым, жаным, өлеңім,Қиянат саған жасадым.Тастадым сені аз мезгіл,Астында ренжу – тасаның.Ренжідім қалқама,Өкпелі болдым өлеңге.Сүймеске кінә арта..
©  Шабаз Иманалиев
МЕНІҢ ГҮЛІМ – СЕНІҢ ӨЗІҢ
Мәз ғып гүлді,Көктем келді,Би биледі құрақ.Сыңсып ағып,Сылдыр қағып,Әнге салды бұлақ.Баяу ән сап,Бір сені аңсап,Мұңға батты жаным.Менің гүлім –Сенің..
©  Шабаз Иманалиев
ЕМЕССІҢ МЕНДІК
Ішінде жастар думанды,Отырмын оймен алысып.Шаршады, көзім суланды,Көңілмен бәске жарысып.Естіген сөзім жаңағы,Жанымды өртеп кетті ме?Кеудемді жалын..
©  Шабаз Иманалиев
ҚЫС КЕЛДІ
Түн еді салқын ғана, бірақ тыныш,Орынға отырған-ды ел тым-тырыс.Бораны, аязы бар – нөкерлері,Ауылға кіріп келді қаһарлы қыс.Жел ұйтқып, басқа-көзге..
©  Шабаз Иманалиев
ҚҰРМАНҒАЗЫ
О, дана! Күй атасы – Құрманғазы!Күйшінің саған соқпас бар ма лажы?!Буалдыр сонау көне заманыңнанКүңіреніп келіп жетті күйдің сазы.Толқынды, аласұрған..
©  Шабаз Иманалиев
ЖҮРЕК-ЖЫР ҚОЗҒАЛАДЫ-АУ ЕЛЕСПЕН ДЕ
Ол кезде екеуміз де жас бала едік,Дегенмен жүректерді қосқан едік.Сол бірге болуменен қол ұстасып,Асуын болашақтың асқан едік.Ерніме тәтті шырын..
©  Шабаз Иманалиев
ҒАШЫҚ ЖІГІТ АУЗЫНАН
Ауыр ой жас адамды ауру қылған,Серпілші әрменірек, ал, тұр жолдан.Бақытым, бір қарашы, сыр ұғайын,Көзіңнен жалын атып, жайнап тұрған.Бақытым, ал..
©  Шабаз Иманалиев