Мектеп туралы Тақпақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 2
Мақал-мәтелдер: 9
Жұмбақтар: 5
Тақпақтар: 135
Өлеңдер: 96
Жаңылтпаштар: 1
Нақыл сөздер: 34
Құттықтау, тілектер: 53
Туындылар: 1
Әңгімелер: 65
Ертегілер: 3
Шығармалар: 14
Анекдот, әзілдер: 12
Аңыздар: 1
Эсселер: 15

Әжемнің өзі бір мектеп
Жүзіне бүгін түсті әжім,Ал, менің өңім тұр көктеп.Алғашқы менің ұстазым –Әжемнің өзі – бір мектеп.Жүрегі жұмсақ, алайдаСөзінің өткір қияғы.Әбестік..
©  Қуат Адис
Мақтаныш
Таудай үлкен талабы,Күнде «бестік» алады –«Білгіш» дейміз мектептеМақан деген баланы.Қастерлейді ананы,Қадірлейді ағаны –«Ізетті» деп жақтаймызМақан..
©  Әдібай Табылды
Біз мектепке барамыз
Аппақ, қыста,Тынбай тыстаҚардан қала саламыз,КөктемедеКөктеулердеЖас төлдерді бағамыз.Сайран салып,Рақаттанып,Жазында дем аламыз.Күзде..
©  Әдібай Табылды
Алғашқы қоңырау
Құс шарлап аспанды,Күз айы басталды.Бірінші қоңырауОқуды бастады.Алақай, келіңдер:Класқа еніңдер.Балалық өмірдіңБақытын көріңдер!
©  Әдібай Табылды
Мектеп
Сағынышпен табыстық,Мектепке кеп міне,біз.Болсын елде тыныштық,Бейбіт күнді сүйеміз.
Мектеп
Кітап, дәптер, қаламым,Білім құяр санаға.Мен мектепке барамын,Білім қымбат балаға.
Қоштасар сәт...
Соқты, міне, қоңыраудың соңғысы,Ұстаздардың қадам басты оңға ісі:Ару Ай мен мекем Марсқа, кәнеки,Кімнің келмес арамыздан қонғысы!
©  Асаба (тамада)
Мектебім
Мектебім, алтын ұям, нұрың жарық,Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.
Мектеп
Мектеп, мектеп – менің жарқын көңілім,Мектеп, мектеп – шаттыққа толы өмірім.Мектеп, мектеп, әнім болып төгілдіңМектеп, мектеп, анам болып көріндің.
Жанна
Артқа тастап алтыны,Жанна жетті жетіге.Жазды бастап «А», «Б»-ны,Бірді қосып екіге.Нажағайдай жалт беріп,Жарқылдайды..
©  Қасым Аманжолов
Мектеп — кеме, білім — теңіз
Мектеп — кеме,Білім — теңіз!Барар жергеТез жетеміз!АдаспаймызҰлы жолда,ЛенинніңТуы қолда!Капитандар—Мұғалімдер,Жас..
©  Қасым Аманжолов
Асып-сасып
Бүгін қатты ұйықтаппын,Бір кез шошып ояндым.Сағат сегіз боп қапты,Қар басыпты үй алдын.Татқам да жоқ тамақтан,Асып-сасып киіндім.Кешіктім деп..
©  Қадыр Мырза Әли
Менің елім
Көкірегімнің үміті мен тілегіКүй боп түлеп, күн боп шығып күледі.Күн астында көк төбелер түледі —Менің елім, менің елім — гүл елі
Отан!
Отан!Отан!Бәрінен биік екен.Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.Отанды сүймеуің де күйік екен,Отанды сүйгенің де күйік екен...
Отан
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,Мен оның қасиетті тілін сүйем,Мен оның құдіретті үнін сүйем.Бар жәндігін..
Ұстаз ана
Есімде ұстаздың алғаш қарсы алғаны
Айқара есік ашып тастағаны.
Бір мереке, думан болып осы маңда,
Жетелеп бір сыныпқа ап барғаны,
Енді міне..
Бастауыш мұғалімі
Әліппемен аштым өмір есігін,
Тербетемін білім бөбек бесігін.
Өмір деген өрлі өзенге шомылып,
Жаттап өстім ұстазымның есімін.
Бастауышпен қоштасу
Тез үйрендік әділ мен адалдықты,
Жирендік, ажыраттық жамандықты.
Жалғастырар ақ жолын сенің салған,
Бар деп ұққын әрқашан балаң мықты.
Рақмет ұстазыма
Бізді үйреткен білімге жалықпастан,
Рақмет ұстазыма көзімді ашқан.
Біз – шәкірт, біз – Отанның болашағы,
Білімнің басқышына қадам басқан.
Биология мұғалімі
Білім алған өзіңнен,
Дәрігер, ұшқыш, бар ғалым.
Саған ыстық сезіммен,
Қарайды жұрт мұғалім.
Математика ұстазы
Қоссаңдар бірді екіге үш болады,
Деуші едік біліммен күш толады.
Алғыр бол, әдепті бол, сабырлы бол,
Ақылмен іс істесең, оң болады.
Беруші ең..
Ұстазымыз
Ұқсаттыңыз сіз бізді балаңызға,
Ұқсатып ек біз сізді анамызға.
Жақын тарттық, біртіндеп бауыр бастық,
Жүрегіңді ұнаттық арамызда.
МҰҒАЛІМ
Басса бұрыс, жол сілтеп, қате дейсің,
Әр балаға сен ана әкедейсің.
Болашақтың көктеген жас шыбығын,
Бағбанындай аялап, мәпелейсің.
Үстаз үйретті
Маған ұстаз үйретті,
Әліппесін өмірдің.
Жан жүйемді билетті,
Күйі шалқып көңілдің.
Қиялымды кездірді,
Таптым ойдың тұрағын,
Маған ұстаз..
Ұстаз
Арманым боп аңсаған,
Мәңгілік қалдым мекендеп,
Өзіңе арнап ән айтам,
Ардақтап ұстаз өтем деп.