Алғашқы қоңырау туралы Тақпақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Тақпақтар: 25
Өлеңдер: 3
Құттықтау, тілектер: 33
Шығармалар: 2
Эсселер: 4

Өсті тағы бойымыз
Жаңа оқу жылында, Өсті тағы бойымыз. Алғашқы бұл қоңырау, Қуанышты ойымыз!
©  Білім күні
Соғылды алғашқы қоңырау
Соғылды алғашқы қоңырау, Құтты болсын достарым. Білім алар мектепте, Қосылсыншы бастарың.
©  Білім күні
Келдім саған мектебім
Қоңырауда алғашқы, Келдім саған мектебім. Білім алып, тәрбие, Мен өзіңнен көктедім.
©  Білім күні
Мен бармаймын мен текке
Дайын керек-жарағым, Мен бармаймын мен текке. Алғашқы бұл қоңырау, Қадам бастым мектепке.
©  Білім күні
Дайын дәптер, қаламым
Алғашқы бүгін қоңырау, Есік ашқан достарым. Дайын дәптер, сөмкем де, Орындайтын жоспарым.
©  Білім күні
Құтты болсын
Ең алғашқы қоңырау, Құтты болсын бүгінгі. Сәлем сұлу мектебім, Сенде өткізем күнімді.
©  Білім күні
Достарыма мың сәлем
Бітті жазғы демалыс, Қоңырау бұл алғашқы. Достарыма мың сәлем, Мектепке енген алғашқы.
©  Білім күні
Ұстаздарым мың алғыс
Алғашқы бүгін қоңырау, Мектебімде соғылды. Ұстаздарым мың алғыс, Қасымыздан табылды.
©  Білім күні
Мереке бұл — қуаныш
Мереке бұл — қуаныш, Қоңырау бұл алғашқы. Білім беріп, үйретер, Қабыл алып бар жасты.
©  Білім күні
Мен де келдім, мектебім
Алғашқы бұл қоңырау, Баурап алар бар жанды. Мен де келдім, мектебім, Жалғап бүгін тәтті әнді.
©  Білім күні
Қоңыраудың үнімен
Енейікші мектепке, Қоңыраудың үнімен. Жаңа оқу жылында, Жақсы оқиық жылымен!
©  Білім күні
Жаңа оқу жылында
Алғашқы бұл қоңырау, Есік ашты достарым. Жаңа оқу жылында, Ашық болсын аспаның
©  Білім күні
Сәлем, сәлем мектебім
Сәлем, сәлем мектебім, Мен өзіңе беттедім. Алғашқы бұл қоңырау, Қуантады жеткенің.
©  Білім күні
Амансың ба, мектебім
Амансың ба мектебім, Күлімдейді көкте күн. Қоңырауда алғашқы, Айтылсыншы ән мен жыр.
©  Білім күні
Сәлем бердім мектебім
Сәлем бердім мектебім, Сенде өсіп, көктедім. Алғашқы бұл қоңырау, Құтты болсын жеткенің!
©  Білім күні
Алғашқы қоңырау
Құс шарлап аспанды,Күз айы басталды.Бірінші қоңырауОқуды бастады.Алақай, келіңдер:Класқа еніңдер.Балалық өмірдіңБақытын көріңдер!
©  Әдібай Табылды
Мектеп
Сағынышпен табыстық,Мектепке кеп міне,біз.Болсын елде тыныштық,Бейбіт күнді сүйеміз.
Қоңырау
Қоңыраудың үнінде,Бір құдірет бары анық.Тұрмыз күтіп бүгінде,Сол дауысты қуанып.
Оқу жылы
Қайырлы күн, құт қадам,Құтты болсын баршаңа.Сәтті болсын аттаған,Оқу жылы – бұл жаңа.
Алғашқы қоңырау
Жанарында мейірім,Ұстаздардың бәрінің.Танытады пейілін,Күлкі көміп миығын.
Алғашқы қоңырау
Ол да бізді күтеді,Айқара ашып есігін.Дүрсілдейді жүрегі,Бар баланың осы күн.
Алғашқы қоңырау
Жаз қызығы телегей,Мүмкін емес тауысу.Сәті туды мінекей,Мектебіммен қауышу.
1 қыркүйек - салтанатты мерекемен
Шайдай ашық бейбіт күннің аспаныАуламыздың келісіп тұр бар сәні1 - қыркүйек - салтанатты мерекеменҚұттықтайды меңгеруші баршаны!
Егемен
Егемен елдің төсінде,Шуағын шашқан арай күнАзамат болып өсемізҚызыға әлем қарайтын.
Құтты болсын білім күні
Бүкіл елде басталып бүгін жырыБақ қоңырау шақырар ұғымдынБілім - ғылым бастауы мерекеліҚұтты болсын бүгінгі білім күні