👈 қаріп өлшемі 👉

Білім күні туралы Тақпақтар ✍️


Тақпақтар: 58
Өлеңдер: 4
Құттықтау, тілектер: 17
Шығармалар: 2

Бақшада біз бәріміз
Бақшада біз бәріміз, Тазалықты сақтаймыз. Тілін алып апайдың, Тыныштықты сақтаймыз.
—  Білім күні
Білім күні ерекше
Білім күні ерекше, Көңіл-күйді сыйлайды. Оқушының барлығын, Бұл мектепке жинайды.
—  Білім күні
Бүгін білім күнінде
Шаттанайық, күлейік, Бүгін білім күнінде. Сабақты оқып жүрейік, Ерінбей біз күніге.
—  Білім күні
Мектеп біздің үйіміз
Мектеп біздің үйіміз, Бізге білім беретін. Ұстаз ана екінші, Бізді жақсы көретін.
—  Білім күні
Құтты болсын мереке
Бүгін білім күні бұл, Құтты болсын мереке. Әрбір сынып ішінде, Арта берсін береке.
—  Білім күні
Білім күні балалар
Білім күні балалар, Құтты болсын бүгінгі. Ұстаздарға шынайы, Ұсына біл гүліңді.
—  Білім күні
Білімді болсын әр бала
Білімді болсын әр бала, Мектепте оқып сабағын. Жақсылыққа бастасын, Сәтті қып әрбір қадамын.
—  Білім күні
Жақсы оқысын әр бала
Мектепке биыл баратын, Жақсы оқысын әр бала. Қадамдары құтты боп, Бар әлемге жар сала.
—  Білім күні
Мектепке біз барамыз
Қыркүйектің бірінде, Мектепке біз барамыз. Білім күнін қарсы алып, Әсем әнге саламыз.
—  Білім күні
Білім күні келіп тұр
Білім күні келіп тұр, Бізге сәлем беріп тұр. Оқушы мен ұстазға, Бар жақсысын теріп тұр.
—  Білім күні
Білім күні құтты болсын
Бірінші бүгін қыркүйек, Құтты болсын баршаға. Білім күні оу достар, Би билейік, ән сала.
—  Білім күні
Біз мектепке барамыз
Білім күнін өткеріп, Біз мектепке барамыз. Сабақ оқып бестікке, Шамнан шырақ жағамыз.
—  Білім күні
1 қыркүйек
Бірінші бұл қыркүйек, Білім күні жарандар. Құтты болсын бүгінгі, Басқан әрбір қадамдар.
—  Білім күні

Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы