Балаларға арналған тақпақтар туралы Тақпақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Тақпақтар: 113
Өлеңдер: 1

Жүрегіміз сіз әке
Жүрегіміз сіз — Әке, Тірегіміз сіз— Әке. «Аман бол» деп қашанда, Тілейміз тек біз Әке! Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Әкешім сен
Әкешім сен — асылсың, Көз тартатын маржандай. Әр сөзіңе біз әке, Тұра алмаймыз таңданбай. Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Әке деген...
Әке деген — Асқар тау, Таудай биік талабы. Ұл-қызына қарайтын, Мейіріммен жанары. Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Өзіңізбен күн думан
Өзіңізбен күн думан, Шаттық нұрын себетін. Асыл Әпкем, жан әпкем, Бар жақсысын беретін.Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Мейрімдісіз әпкетай
Мейрімдісіз, әпкетай, Өзіңізге баурайтын. Мейрімге толы сөзіңіз, Көңілге күй жалғайтын. Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Әпкем өзің жанашыр
Әпкем өзің жанашыр, Бізді ойлап жүретін. Бар жақсыны бізге арнап, Адал өмір сүретін.Жібек Искакова 
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Нұрлана берсін жүзіңіз
Алтын әпкем, жан Әпкем, Өзіңмен нұрлы таң Әпкем. Нұрлана берсін жүзіңіз, Балдай тәтті бал Әпкем! Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Жадыраңыз, күліңіз
Жадыраңыз, күліңіз, Аман-есен жүріңіз. Асыл әпкем, жан әпкем, Сәтті боп әрбір күніңіз! Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Әпкем десем
«Әпкем» десем еркелеп, Өзіңізге жан Әпкем. Қуанышын сыйласын, Өзіңізге әр көктем. Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Әпкем үшін
Әпкем үшін тілеймін, Әлемнің бар жақсысын. Сәттілік беріп бұл өмір, Сыйласын бар тәттісін.Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Әпкесі барлар
Әпкесі барлар бақытты, Жанашыры бар оның. Әпке деген — қасқоршың, Ажыратар оң, солын. Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Әпкем менің
Әпкем менің жанашыр, Баурап алар әр жанды. Әпкем менің ең асыл, Нұрландырар бар маңды.Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Абыройлы жан ізгі
Сізді жақсы көреміз, Маржан сөзді тереміз. Сізді тыңдап әжетай, Соңыңыздан ереміз. Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Аузында дана сөзі бар
Аузында дана сөзі бар, Барша адамды баурайтын. Әжетайым осындай, Үзілген жіпті жалғайтын. Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Мақтанамыз біз сізбен
Мақтанамыз біз сізбен, Шаттанамыз біз сізбен. Әжетайым асылым, Бақ табамыз біз сізбен. Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Жаратқаным жар болып
Әжетайым жүрші аман, Жаратқаным жар болып. Жүріңізші саулықта, Қасымызда бар болып... Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Ойлап жүрер біздерді
Ойлап жүрер біздерді, Амандықта болсын деп. Әжетайым болшы аман, Әр уақытта күлімдеп. Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Жүзі жылы жан ізгі
Жүзі жылы жан ізгі, Жүрегінде мейрім бар. Әжетайым асылым, Қасымыздан табылар. Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Әжетайым ардағым
Әжетайым ардағым, Бізді ойлап жүретін. Орныменен, жөнімен, Риясыз боп күлетін. Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Әжем менің асылым
Әжем менің асылым, Ертегімен тербейтін. Қиындыққа қарамай,Жанымызды емдейтін. Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Әжетайым болшы аман
Әжетайым болшы аман, Жаратқаным жар болып. Күлім қағып саулықта, Жүрші әжетай бар болып. Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Әжем барда
Әжем барда бар әлем, Құлпырады, жайнайды. Есік алды бақтарда, Бұлбұл құсы сайрайды. Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Әжетайым
Әжетайым ерекше, Жылы, сөзбен үн қатқан. Ертек оқып біздерге, Жақсылыққа құмартқан. Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Әжем менің
Асыл әжем мейрімді, Еркелетер біздерді. Аузында дана сөзі бар, Жүрегі ақ пейілді. Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Қасымызда жүрші аман
Анашым-ау, анашым, Көңілге беріп жарасым. Қасымызда жүрші аман, Жалғап жер, көк арасын. Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар