Ана туралы тақпақ туралы Тақпақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Тақпақтар: 21

Қасымызда жүрші аман
Анашым-ау, анашым, Көңілге беріп жарасым. Қасымызда жүрші аман, Жалғап жер, көк арасын. Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Шаттығымсың, барымсың
Шаттығымсың, барымсың, Қуанышым, нәрімсің. Ақ жаулықты анашым, Баға жетпес жанымсың. Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Шаттана түс, күле түс
Шаттана түс, күле түс, Әрқашанда боп аман. Мейріміңнен айнаддым, Асыл анам, жан анам. Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Өзіңіз деп ән салам
Өзіңіз деп ән салам, Ақ жаулықты анашым. Өзіңіз деп жыр жазам, Көңілі пәк анашым! Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Бақытымсың, бағалым
Бақытымсың, бағалы, Анашым сен ардағым. Шын жүректен мен сізге, Бар жақсыны арнадым. Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Жүзіңізде нұр ойнап
Жүзіңізден нұр ойнап, Аман болшы анашым. Саулығыңыз мықты боп, Таба берсін жарасым! Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Мереке күніңмен!
Бүгінгі бұл мерекең, Құтты болсын анашым. Бар жақсыны тілеймін, Өзіңізге анашым! Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Анашым-ау, анашым
Анашым-ау, анашым, Бәрінен де дарасың. Ізгі жансың жалғайтын, Ағайындар арасын. Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Анаң барда
Анаң барда бақыт бар, Жақсылыққа бастайтын. Бақытқа толар әр күнің, Шатығың да қашпайтын. Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Аман болшы анашым
Аман болшы анашым, Гүлдей жайнап әрқашан. Жүзіңізде нұр ойнап, Тәнті болып баршв жан. Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Анашым менің
Анашым менің ардағым, Бар жақсыны таңдайтын. Ұлыма деп қызыма, Бар мейрімін арнайтын. Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Ана деген атыңыз
«Ана» — деген атыңыз, Күлімдетер жанымды. «Балам» деген сөзіңіз,Шырайлы етер таңымды. Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Мерекеңмен, Анашым!
Мерекеңмен, Анашым, Бұл көктемде кеп жеткен. Жаратқаным жар болып, Күн көп болсын нұрлы еткен. Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Жан Анашым, ардағым.
Жан анашым, ардағым, Бар жақсыны арнадым. Сұлулығын өмірдің, Өзіңізге арнадым... Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Анашым сен
Анашым сен— аспандағы айымсың, Анашым сен— жарқыраған күнімсің.Гүлді бақтан орын алған мәңгілік, Анашым сен — тамыр терең гүлімсің. ЖібекИскакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Ана
Анам барда шаттанамын, күлемін, Анам барда бар жақсыны білемін. «Жаратқаным жар болсын» деп анама, Әрқашанда дұға етіп жүремін. Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Ана
Ана — деген әрбір үйдің анасы, Айнымайтын қорғаны олар — панасы. Жүрегімен үн қататын біздерге, Ана — деген даралардың дарасы. Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Ана
Анашым сен — асылым, Ойлар бізді жасырын. Шырайлы күн сізбенен, Өтсе де күн жүздеген. Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Ана
«Анама» — деп ән саламын, «Анама» — деп жыр жазамын. Жүрегіммен тілек арнап, Жақсылыққа қол созамын. Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Анашым
Аналардың барында, Жайнар өмір бағы да. Әр күніміз күлімдеп, Атар шаттық таңы да. Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Ана
Ана — біздің әніміз, Ана — біздің сәніміз. Қамқор болар әрқашан, Ана — біздің жанымыз. Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар