Бөлім: «Тақпақтар»

Балаларға, мектепке, балабақшаға, бастауышқа арналған әр-түрлі тақырыпта тақпақтар жинағы
Ғалып
Күндердің күні болғандаЖайылып бүтін жаһанғаҒалып* болса керек-ті.
*Ғалып – жеңіп шығу, үстемдік алу.
©  Ғұмар Қараш
Тіл
Тіл – көңілдің ашқышы,Көңіл – жарық, жан – қия.Білім – бақыттың басқышы,Қараңғыда жол қия.
 
©  Ғұмар Қараш
Отан
Отансыз жер барма, Отансыз сән бармаОтан болса қуаныш қуанышпен-бақытОтан зор бақыт, Отан зор байлықОтансыз жер барма.
 
©  КУДАЙБЕРГЕНОВА ЖАСМИНА
Адамзат
Әлемді түгел көрсе де,Алтын үйге кірсе де,Аспанда жұлдыз аралап,Ай нұрын ұстап мінсе де,— Қызыққа тоймас адамзат! 
©  Бұқар жырау
Ер жігіт
Ер жігітке жарасар,Қолына алған найзасы.Би жігітке жарасар,Халқына тиген пайдасы. 
©  Бұқар жырау
Төбешік
Үй артында төбешікЕрттеулі тұрған ат болар.Қариясы кімнің бар болсаЖазулы тұрған xат болар. 
©  Бұқар жырау
Жетпіс бес жас
Жетпіс бес жасқа келгенде,Жылуы болмас қойныңның,Қаруы болмас сойылдың –Өлмесең де жойылдың. 
©  Бұқар жырау
Заман
Мына заман қай заман,Қаскүнемге жай заман.Араздық пен өсекке,Өлшеуі жоқ бай заман. 
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Сабыр
Сабыр деген - әр іске шыдамдылық,Қатты керек адамға бұл бір қылық.Қолы жетпей талмай талап ізденеді,Осыдан кеп шығады адамшылық. 
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Бейнет
Бейнет көрме, біреуге бейнет берме,Дүние - алдамшы, өмір - қу деп елірме.Қамдан, сақтан, қалғып бақ бәле келсе,Бәрін құдай қылады дегенге..
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Егін сал...
Егін сал, не сауда қыл, малыңды бақ,Білім білген әр істе шебер болмақ.Қол өнерден пайда қыл үйреніп ап -Кетпес дәулет осы ғой әмбеге хақ. 
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Бүгін шын
Бұрын шын бар бүгін шын,Ертең шын бар үш бөлек.Керегі жоқ бұлардың,Бұзылмайтын шын керек. 
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Жамбылға
...Жан аға! Шықтым өлімнен,Халімді менің көрсейші.Жаның нұрға көмілген,Нұрыңнан ұшқын берсейші!..
©  Мағжан Жұмабаев
Адам
Өз халқының қамын жеп,Қайрат қылмас кісіні,-Атамаңыз адам деп,Ұқсаса да мүсіні. 
©  Әлішер Науаи
Жүректе қайрат болмаса
Жүректе қайрат болмаса,Ұйықтаған ойды кім түртпек?Ақылға сәуле қонбаса,Хайуанша жүріп күнелтпек.
©  Абай Құнанбаев
Түбінде баянды еңбек егін салған
Түбінде баянды еңбек егін салған,Жасынан оқу оқып, білім алған.Би болған, болыс болған өнер емес,Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған.
©  Абай Құнанбаев
Абай Құнанбаев
Абай деген аты барАрыстандай жүрегі барӨз еліне мұрасынҚалдырып кетті біз үшін
Қарындаш
Қарындашымды алайын,Қатырып үй салайын.Қарағай мен қайыңғаТолтырайын маңайын.
Қарындашым ақылды-ақ,Зымырайды мақұлдап,Қалды, міне, үйімізБітуге де..
©  Сәкен Иманасов
Аспан
Аспан ашық болса,Күн шуақты болады.Хан әділ болса,Халық ынтымақты болады. 
©  Майқы би
Дауыл
Дауыл болмай жауын болмас,Даулы болған қауым болмас.Егіз ешкі сауын болмас,Екі жалқау ауыл болмас.
 
©  Майқы би
Жеті мүшел
Он үште отау иесі,Бірінші мүшел – балалық,Екінші мүшел – жиырма бес,Майданға кірер қол алып.Отыз жеті – үшінші,Енетін кезі сана..
©  Өтепберген Ақыпбекұлы
Жеті ата мен жеті ұрпақ
Жеті ұрпақты білмеймізӘлі күнге көбіміз.Және бізге беймәлімБіздің ата-тегіміз.Ең алдымен сөз етем,Бірінші ата – өз әкем.Екіншісі –..
©  Өтепберген Ақыпбекұлы
Жарқын жүзді ұстазым
Келгенімде алдыңаҚызыл-жасыл гүл алып,Жақын тарттың жаныңа,"Шәкіртім" деп қуанып.
Сипадың да басымнан,Әліппені ұсындың.Бақытымның осыданБасталғанын..
©  Шона Смаханұлы
Ақша қар
Айналамда ұшып жүр,Ақ мамық қар себелеп.Қалт-құлт еткен бейне бір,Ақ қанатты көбелек.
Үстіме жалп-жалп жауады,Ақ тауықтың жүніндей.Жайнатады..
©  Зейнолла Шүкіров
Ақтайлақ
Асау тайлақ, ақтайлақ,Мініп келем қақпайлап.Желеді ол тайраңдап,Жұрт қарайды қайран қап.Бала біткен шулайды,Тайлақ үркіп, тулайды.– Шөк дегенді..
©  Әнуарбек Дүйсенбиев