Шәкірт туралы Тақпақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 7
Тақпақтар: 16
Өлеңдер: 55
Нақыл сөздер: 19
Құттықтау, тілектер: 13
Әңгімелер: 17
Ертегілер: 1
Шығармалар: 2
Эсселер: 4

Бүгін білім күнінде
Шаттанайық, күлейік, Бүгін білім күнінде. Сабақты оқып жүрейік, Ерінбей біз күніге.
©  Білім күні
Мектеп біздің үйіміз
Мектеп біздің үйіміз, Бізге білім беретін. Ұстаз ана екінші, Бізді жақсы көретін.
©  Білім күні
Құтты болсын мереке
Бүгін білім күні бұл, Құтты болсын мереке. Әрбір сынып ішінде, Арта берсін береке.
©  Білім күні
Білім күні балалар
Білім күні балалар, Құтты болсын бүгінгі. Ұстаздарға шынайы, Ұсына біл гүліңді.
©  Білім күні
Білімді болсын әр бала
Білімді болсын әр бала, Мектепте оқып сабағын. Жақсылыққа бастасын, Сәтті қып әрбір қадамын.
©  Білім күні
Жақсы оқысын әр бала
Мектепке биыл баратын, Жақсы оқысын әр бала. Қадамдары құтты боп, Бар әлемге жар сала.
©  Білім күні
Мектепке біз барамыз
Қыркүйектің бірінде, Мектепке біз барамыз. Білім күнін қарсы алып, Әсем әнге саламыз.
©  Білім күні
Білім күні келіп тұр
Білім күні келіп тұр, Бізге сәлем беріп тұр. Оқушы мен ұстазға, Бар жақсысын теріп тұр.
©  Білім күні
Білім күні құтты болсын
Бірінші бүгін қыркүйек, Құтты болсын баршаға. Білім күні оу достар, Би билейік, ән сала.
©  Білім күні
Біз мектепке барамыз
Білім күнін өткеріп, Біз мектепке барамыз. Сабақ оқып бестікке, Шамнан шырақ жағамыз.
©  Білім күні
1 қыркүйек
Бірінші бұл қыркүйек, Білім күні жарандар. Құтты болсын бүгінгі, Басқан әрбір қадамдар.
©  Білім күні
Біз мектепке барамыз
Білім күні гүл алып, Біз мектепке барамыз. Ұстазмен қауышып, Әсем әнге саламыз.
©  Білім күні
Білім күні бүгінгі
Білім күні бүгінгі, Қуанышын әкелсін. Бар оқушы мектепте, Білімді боп тербелсін.
©  Білім күні
Білім күні
Білім күні бүгінгі, Құтты болсын достарым. Білімді боп баршаңыз, Ашық болсын аспаның.
©  Білім күні
Оқушы
Еркесімін атамның,Еркесімін апамның,Жасым толып алтыға,Мен оқушы атандым.Сабағымды жақсы оқып,Бүгін тағы бес алдым.Жарайсың деп аташым,Жарайсың деп..
©  Алмат Исәділ
Жарқын жүзді ұстазым
Келгенімде алдыңаҚызыл-жасыл гүл алып,Жақын тарттың жаныңа,"Шәкіртім" деп қуанып.
Сипадың да басымнан,Әліппені ұсындың.Бақытымның осыданБасталғанын..
©  Шона Смаханұлы