Бөлім: «Нақыл сөздер»

Қазақша қанатты, нақыл, ұлағатты сөздер мен афоризмдер жинағы
Әкелі бала – жау жүрек,Әкесіз бала – су жүрек. 
©  Бұқар жырау
Әкесі бар баланың жебесі тастан өтеді. 
©  Бұқар жырау
Ақсақалға жарасар – тілеуқорлық тобасы,Бәйбішеге жарасар – қолындағы қара сабасы.Келіншекке жарасар – емшектегі баласы,Қыз он беске..
©  Бұқар жырау
Әкесіз бала жиын болса бара алмас, барса орын ала алмас. 
©  Бұқар жырау
Бәріңіз бір енеден туғандай болыңыз: жат жанынан түңілсін, айнала алмай ат өлсін, айыра алмай жат өлсін. 
©  Бұқар жырау
Әлемді түгел білсе де,Қызығын қолмен белсе де,Қызықты күн қырындап,Қисынсыз күйге түссе де —Өмірге тоймас адамзат! 
©  Бұқар жырау
Жақыңдап ажал тұрса да,Жанына қылыш ұрса да,Қалжырап, көңіл қарайып,Қарауытып көзі тұрса да —Үмітін жоймас адамзат! 
©  Бұқар жырау
Қызда қылық болмаса,Құр шырайдан не пайда.Ерге дәулет бітпесе,Шүлдіреген қызыл тілден не пайда. 
©  Бұқар жырау
Тар пейілді кеңімес,Кең пейілді кемімес. 
©  Бұқар жырау
Әсіре пысық залымның тіліне еруге жазбасын. 
©  Бұқар жырау
Ардақталған аяулың күндердің күнінде басқаға олжа болмағай. 
©  Бұқар жырау
Жақсы әйел ұл туса - патшадан болмас кемдігі. 
©  Бұқар жырау
Төрең тақтан таймасын. 
©  Бұқар жырау
Тоқсандағы қарт бабаң топқа жаяу бармағай. 
©  Бұқар жырау
Анаң аңырап қалмайғай. 
©  Бұқар жырау
Құрсағы құшақ байлардан дәулет. 
©  Бұқар жырау
Жалғыз көпке теңеліп, кегін бір алмас демеңіз. 
©  Бұқар жырау
Қара қылды қақ жарған әділді айт. 
©  Бұқар жырау
Ұрғашының жақсысының боз жорғадай бұлғаңыҰрғашының жаманының өсек болар құрғаны. 
©  Бұқар жырау
Алла деген зар болмас, ақтың жолы тар болмас. 
©  Бұқар жырау
Пейілі кең — кемімес, пейілі тар — кеңімес. 
©  Бұқар жырау
Берік байлаған шешілмейді. 
©  Бұқар жырау
Шын жаратқан ұл болсаң - құдай тағалам өзі берер нәсіпті. 
©  Бұқар жырау
Бауырыңнан қашқан күзен көрінбес. 
©  Бұқар жырау
Аспаннан биік тау болмас. 
©  Бұқар жырау